A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Қазақстан республикасының дін саласындағы 2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттік саясатының тұжырымдасы зайырлығымыздың дамуының кепілі болмақ

Қазақстан Республикасының дiн саласындағы 2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк саясатының тұжырымдамасы мемлекеттiң дiннен бөлiну қағидатына негiзделiп әзiрленген. Тұжырымдаманың басты мақсаты Қазақстан Республикасындағы зайырлылық қағидаттарын нығайтуды көздейдi. Қазақстандықтардың дiни сенiм бостандығын, дiндi ұстану немесе ұстанбау құқығын қамтамасыз ету тұжырымдаманың айнымас негiзi.

Тұжырымдама қоғамымызда iс жүзiнде орныққан конфессияаралық келiсiмдi нығайту бағытындағы мемлекеттiк-конфессиялық қатынастарға алдағы уақытта өзiнiң елеулi үлесiн қоса отырып, дiндi деструктивтi мақстаттарда қолдануға жол бермеуге септiгiн тигiзуге арналған.

Тұжырымдамада мемлекет саясатының дiн саласындағы ұстанымы, стратегиялық мақсаттары мен бағыттары айқын көрсетiлген. Аталмыш құжат жобасы бiрқатар сарапшылар мен дiнтанушы мамандардың, сонымен қатар азаматтық қоғам институттары өкiлдерiнiң талқылауынан өтiп отыр.

Тұжырымдамада негiзiнде елiмiзде дiни бiлiм беру тәртiбiн реттеу, жасөспiрiмдердi дiни қызметке заңсыз тартуға жол бермеу, дiни әдебиеттердi тарату тәртiбiн жетiлдiру және т.б. мәселелерiн шешу жолдары қолға алынған. Дiндi ұстанатын азаматтарымыздың дiни рәсiмдердi жүзге асыруына қолайлы жағдай жасау тетiктерi де қарастырылған.

Зайырлылық қағидаттарын халқымыздың өмiр сүру салтына айналдыру мақсатында мемлекеттiк басқару мен мемлекеттiк қызмет, құқық қоғау, арнайы қызмет пен қарулы күштер, бұқаралық ақпарат құралдары, бiлiм беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен спорт жүйелерiн жұмылдыра отырып, елiмiзде әлеуметтiк-экономикалық және отбасы институтының мәселелерiн шешудi көздейтiн мемлекет пен дiни бiрлестiктердiң қарым-қатынасына жағдай жасалатындығы тұжырымдаманың ерекше тұстарының бiрi болып табылады.

Тұжырымдама негiзiнде дiн саласындағы мемлекеттiк саясат iске асырылмақ, дiни бiрлестiктермен өзара қарым-қатынас дамытылмақ, азаматтардың дiни сенiм бостандығы қамтамасыз етiлмек. Сонымен қатар, мемлекет пен азаматтық қоғам арасында өзара әрекеттесу моделi қалыптасып, зайырлылығымыз асқақтай түспек.

Мақаланың шыққан күні: 17.12.2017 20:51
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.12.2017 20:51
Қаралым саны: 929

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz