A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
«Ромео мен Джульетта» әлемдік мюзиклінің қазақстандық тұсаукесері

Орталық коммуникациялар қызметiнiң алаңында «Ромео мен Джульетта» әлемдiк мюзиклiнiң қазақстандық тұсаукесерiне арналған баспасөз конференциясы өттi. Баспасөз конференцияға «Ромео мен Джульетта» мюзиклiн қоюшы режиссер, Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген қайраткерi Асхат МАЕМИРОВ, музыка мен либретто авторы Жерар ПРЕСГУРВИК, қауымдастырылған продюсер Эдуард ФЛАМАНС, «Ромео» рөлiн сомдаушы Саламат МҰҚАШЕВ, «Джульетта» рөлiн сомдаушы Жаркынай ШАЛХАРОВАНЫҢ қатысты.

Асанәлi Әшiмовтың 80 жылдығына арналған I Дүниежүзiлiк «Астана» театр фестивалiнiң құрметтi қонағы француз композиторы, сценарист және актер Жерар Пресгурвик (Gérard Presgurvic) болды. Танымал маэстро Қазақстанға алғаш рет келдi. ҚР Мәдениет және спорт министрлiгi Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесi аясында Астана қонақтары үшiн оның «Ромео мен Джульетта» әйгiлi мюзиклiнiң қойылымын жүзеге асырды.

Француз сахнасында 2001 жылы қойылған «Ромео мен Джульетта» мюзиклi арқылы Жерар Пресгурвиктiң есiмi дүниежүзiне танылды. Мюзикл авторы Уильям Шекспирдiң «Ромео мен Джульетта» классикалық пьесасының түпнұсқасындағы негiзгi сюжеттiк коллизияны сақтап, трагедияның желiсiн өз сөзiмен қайта баяндады.

Пресгурвиктiң пiкiрiнше, Шекспирдiң шығармалары уақыт сынынан өтiп, қазiргi заманда да өзектi. «Ромео мен Джульетта» шығармасында махаббат, өшпендiлiк, батылдық, қызғаныш, сағыныш сынды өзектi адамзат үшiн мәңгi мәселелер көтерiлген. Себебi туындыда көрiнiс тапқан трагедия бүгiнгi таңда да орын алуы мүмкiн.

Ж.Пресгурвиктiң «Ромео мен Джульетта» мюзиклi үлкен жетiстiктерге жеттi. Аз ғана уақыт iшiнде мюзикл әлемдiк бестселлерге айналып, француз, голланд, орыс, ағылшын, немiс, итальян, венгер, кәрiс, жапон, испан, иврит тiлдерiнде қойылды.

Ендi, мiне, «Ромео мен Джульетта»мюзиклiнiң кейiпкерлерi алғаш рет қазақ тiлiнде үн қатады. Мюзкилдiң премьерасына оның авторы маэстро Пресгурвик қатысады. Қазақ тiлiне аударған — Гульнар Салықбай, қоюшы режиссер — Асхат Маемиров. Мюзикл қойылымы орыс тiлiнде субтитрлермен жүредi.

Жарқын музыкалық қойылымды «Астана мюзикл» театрының талантты әртiстерi көрсетiп, өнер сүйер қауымды тамсандырары сөзсiз. Көрермендерге адал достық пен ақ махаббат оқиғасын жеткiзетiн жас әрi дарынды әртiстердiң шеберлiгi керемет көңiл-күй сыйлайды. Жерар Пресгурвик те өзiнiң озық туындысын ойластырғанда дәл осы мақсаттарды көздегенi анық.

«Ромео мен Джульетта» мюзиклiнiң қазақстандық премьерасы 21 маусым күнi Бейбiтшiлiк және келiсiм сарайында өтедi. Спектакль қойылымы 4 шiлдеге дейiн жалғасады.

Мақаланың шыққан күні: 20.12.2017 10:17
Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.12.2017 10:17
Қаралым саны: 809

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz