A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Мектептiң күрделi жөндеу жұмыстары қарқынды жүргiзiлуде

Новорыбинка ауылындағы орта мектеп-бақшасында күрделi жөндеу жұмыстары қарқынды жүргiзiлуде. Аталмыш жобаны iске асыру үшiн нақты мерзiм белгiленген: үстiмiздегi жылдың 25 тамыз күнi. Осы уақыт iшiнде мектеп, — ауыл балаларын жаңа оқу жылына қабылдауға дайын болуы тиiс.

Мектептiң жөндеу жұмыстары «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

Мектеп ғимаратын жөндеу үшiн 118 423,0 мың теңге бөлiндi. Бастапқыда нысандағы жұмыстар үстiмiздегi жылдың 25 мамырынан басталады деп жоспарланған болатын. Бiрақ сол кезде балалар қашықтықтан оқыту режимiнде болғасын, жұмыстар 15 мамырдан басталды. Күрделi жөндеудi «Астана — Көктем С» ЖШС жүргiзедi. Қазiргi уақытта нысанда күнделiктi түзiмде 29 адам еңбек етедi. Олардың iшiнен 15 адам «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында жергiлiктi тұрғындар қатарынан жұмысқа алынды.

Орта мектеп-бақшасының ғимараты 1940 жылы салынды, 40 жыл iшiнде бұл бiрiншi күрделi жөндеу. Үш ай iшiнде мамандар ескiрген ғимаратты заманауи ғимаратқа айналдыруы тиiс. Мектептiң жалпы алаңы — 2759,7 шаршы метр. Жөндеу барысында барлық инженерлiк желiлердi, мектеп қасбетiн, кабинеттердi, ас блогы мен спорт залын күрделi жөндеуден өткiзу, шатырды, терезелердi, есiктер мен еден жабындарын ауыстыру, сондай-ақ iргелес жатқан аумақты абаттандыру жұмыстарын iске асыру жоспарлануда.

Аудан әкiмiнiң баспасөз қызметi

Мақаланың шыққан күні: 29.06.2020 15:22
Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.06.2020 15:22
Қаралым саны: 52

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz