A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспары

Ақкөл аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының
2016 жылғы 15. 04.
қаулысымен бекiтiлдi
2016 жылғы 20 мамырда
тағайындалған

Аққөл ауданының, Ақкөл қаласы әкiмiнiң сайлауын
әзiрлеу мен өткiзу жөнiндегi негiзгi iс-шаралардың
үлгi күнтiзбелiк жоспары

1. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк тұрғындарының назарына жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау күнi туралы хабарды жеткiзу.

Аумақтық сайлау комиссиясы.

(п.11)

2. Бұқаралық ақпарат құралдарында тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының құрамын жариялау.

Аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау тағайындалғаннан кейiн 10 күннен кешiктiрмей.

(пп.1), 7) п.9)

3. Әкiмдiкке кандидаттарды балама негiзде жергiлiктi қауымдастықпен кеңескеннен кейiн аумақтық сайлау комиссиясына тиiстi әкiмнiң ұсынымы мен кандидаттардың тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында әкiмдiкке кандидаттар ретiнде дауысқа түсуге келiсетiнi туралы өтiнiштердi беруi арқылы ұсыну.

Аудан (қала) әкiмi.

Сайлау күнiнен 30 күн бұрын — 2016 жылғы 20 сәуiрде

басталады және сайлау күнiне 25 күн қалғанда — 2016 жылғы 24 сәуiрде аяқталады.

(п.п. 13, 14, 15)

4. Таңдаушылардың тiзiмдерiн жасау және оларды дауыс беруге арналған пунктте iлу.

Аумақтық сайлау комиссиясы тиiстi мәслихат хатшысының ұсынуы бойынша.

Дауыс беру күнiне 7 күн қалғанда — 2016 жылғы

13 мамырда.

(пп. 1, 7) п.п. 9, 48)

5. Әкiмдiкке кандидаттың Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабы 3-тармағында және Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтерi, ауылдық округтiң құрамына кiрмейтiн кенттерi мен ауылдары әкiмдерiнiң сайлауын өткiзу ережесiнде қойылатын талаптарға сәйкестiгiн анықтау, тиiстi хаттама жасау.

Аумақтық сайлау комиссиясы.

Үш күннiң iшiнде.

(п.п. 12, 17, 19)

6. Тұрғылықты жерi бойынша салық органдарына 2016 жылғы бiрiншi сәуiрде күнiне табысы мен мүлкi туралы декларация тапсыру.

Кандидат және оның зайыбы (жұбайы).

Кандидат тiркелгенге дейiн.

(п. 18)

7. Кандидаттарды тiркеу және тиiстi куәлiк тапсыру

Аумақтық сайлау комиссиясы

Барлық қажеттi құжаттар алынғаннан кейiн басталады

және дауыс беретiн күнге 15 күн қалғанда — 2016 жылғы 04 мамырда аяқталады.

(п.п. 20, 24)

8. Жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге тәсiлмен кандидаттардың тiркелгенi туралы хабарлау.

Аумақтық сайлау комиссиясы.

Кандидаттар тiркелгеннен кейiн 7-шi күннен кешiктiрмей.

(пп 1) п. 22)

9. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) жариялаған табысы және мүлкi туралы мәлiметтердiң дұрыстығын тексеру.

Салық қызметi органдары.

Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы)

декларацияны тапсырған күннен бастап 7 күннiң iшiнде.

(п. 19)

10. Кандидаттардың сенiм бiлдiрiлген адамдарын тiркеу және оларға тиiстi куәлiктер беру.

Аумақтық сайлау комиссиясы.

Сенiм бiлдiрiлген адамдардың тiзiмдерiн тiркеу үшiн берген сәттен бастап.

(пп. 2) п. 9, п.п. 33, 34)

11. Кандидаттарға таңдаушылармен кездесулерi үшiн шарт негiзiнде үй-жайлар беру.

Кандидаттардың бөлiнген үй-жайда таңдаушылармен кездесу кестесiн жасау және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Жергiлiктi атқарушы органдар және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары.

Тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары.

Сайлау алдындағы үгiттi жүргiзу кезеңiнде.

(пп. 1, 7) п. 9)

12. Сайлау алдындағы үгiттi жүргiзу.

Әкiмдiкке кандидаттар, олардың сенiм бiлдiрiлген адамдары.

Кандидаттарды тiркеу аяқталған күннен 05 мамырда басталады

және сайлау күнiнiң алдындағы күнi — 2016 жылғы 18 мамырда

жергiлiктi уақыт бойынша 24 сағатта аяқталады.

(п. 28)

13. Аумақтық сайлау комиссияларында сайлау қорларын тiркеу. Әкiмдiкке кандидаттар, олардың сенiм бiлдiрiлген адамдары.

Кандидаттың тиiстi аумақтық сайлау комиссияларына

өтiнiш жасаған сәтiнен бастап бiр күнтiзбелiк күннiң iшiнде.

(пп.1, 7) п. 9)

14. Сайлау қорларының арнайы уақытша шоттарын ашу.

Аумақтық сайлау комиссиясы.

Кандидат тiркелгеннен кейiн.

(пп. 1, 7) п. 9)

15. Дауыс беруге арналған пункттi ашу, тиiстi хаттама жасау.

Аумақтық сайлау комиссиясы.

Дауыс берудiң басталуына бiр сағат қалғанда.

(п. 52)

16. Әкiмнiң сайлауын өткiзу. Әкiмдi сайлау жөнiндегi дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерiн жария ету, әкiмдi сайлау нәтижелерi туралы хаттама жасау.

Аумақтық сайлау комиссиясы.

Бiр күннiң iшiнде — 2016 жылғы 20 мамырда.

(п.п. 47-54)

17. Сайланған әкiмдi тiркеу. Шешiмдi жоғары тұрған әкiмге және тиiстi мәслихатқа ұсыну.

Аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау өткiзiлген күннен бастап бес күндiк мерзiмде -

2016 жылғы 25 мамырда кешiктiрмей.

(п. 57)

18. Кандидаттың сайлау қоры қаражатын пайдаланғаны туралы аумақтық сайлау комиссиясына есеп беруi.

Әкiмдiкке кандидаттар.

Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейiн 5 күннен

кешiктiрмей  — 2016 жылғы 25 мамырда кешiктiрмей.

(п. 44)

19. Жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау қорытындылары және сайланған әкiмдi тiркеу туралы хабар жариялау.

Аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау өткiзiлген күннен бастап 7 күннен кешiктiрмей —

2016 жылғы 27 мамырда кешiктiрмей.

(пп. 1, 7) п. 9, п. 59)

Дата создания статьи: 22.12.2017 14:59
Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.12.2017 14:59
Қаралым саны: 397

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz