A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Еңбек ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

Ақкөл аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының
2019 жылғы 02 қазандағы
№ 7/2 қаулысымен бекiтiлдi

1. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк тұрғындарының назарына жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау күнi туралы хабарды жеткiзу.

Аумақтық сайлау комиссиясы. (36-1 б., 3 т.)

2. Әкiмдiкке кандидаттарды балама негiзде жергiлiктi қауымдастықпен кеңескеннен кейiн аумақтық сайлау комиссиясына тиiстi әкiмнiң ұсынымы мен кандидаттардың тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында әкiмдiкке кандидаттар ретiнде дауысқа түсуге келiсетiнi туралы өтiнiштердi беруi арқылы ұсыну.

Аудан әкiмi.

Сайлау күнiнен 30 күн бұрын — 2019 жылғы 12 қазанда басталады және сайлау күнiне 25 күн қалғанда — 2019 жылғы 17 қазанда аяқталады. (36-1 б., 3 т., 36 б., 1 т. )

3. Таңдаушылардың тiзiмдерiн жасау және оларды дауыс беруге арналған пунктте iлу.

Аумақтық сайлау комиссиясы тиiстi мәслихат хатшысының ұсынуы бойынша.

(36-1 б., 10 т.)

4. Әкiмдiкке кандидаттарды оған қойылатын талаптары бойынша анықтау, тиiстi хаттамалар жасау.

Аумақтық сайлау комиссиясы. (36-1 б., 3 т., 36 б., 1 т.)

5. Тұрғылықты жерi бойынша салық органдарына 2019 жылғы 1 қазан күнiне табысы мен мүлкi туралы декларация тапсыру.

Кандидат және оның зайыбы (жұбайы).

Кандидат тiркелгенге дейiн. (36-1 б., 3 т.)

6. Кандидаттарды тiркеу және тиiстi куәлiк тапсыру

Аумақтық сайлау комиссиясы Барлық қажеттi құжаттар алынғаннан кейiн басталады және дауыс беретiн күнге 15 күн қалғанда — 2019 жылғы 27 қазанда аяқталады. (36-1 б., 6 т., 5 т., 2 т., 4т.)

7. Жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге тәсiлмен кандидаттардың тiркелгенi туралы хабарлау.

Аумақтық сайлау комиссиясы.

Кандидаттар тiркелгеннен кейiн 7-шi күннен кешiктiрмей. (36-1 б., 5 т., 1 т.)

8. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) жариялаған табысы және мүлкi туралы мәлiметтердiң дұрыстығын тексеру.

Салық қызметi органдары.

Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларацияны тапсырған күннен бастап 7 күннiң iшiнде. (36-1 б., 3 т.)

9. Кандидаттардың сенiм бiлдiрiлген адамдарын тiркеу және оларға тиiстi куәлiктер беру.

Аумақтық сайлау комиссиясы.

Сенiм бiлдiрiлген адамдардың тiзiмдерiн тiркеу үшiн берген сәттен бастап.

(36-1 б., 7 т., 2 т., 2 т., 2 т)

10. Кандидаттарға таңдаушылармен кездесулерi үшiн шарт негiзiнде үй-жайлар беру.

Кандидаттардың бөлiнген үй-жайда таңдаушылармен кездесу кестесiн жасау және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Жергiлiктi атқарушы органдар және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары.

Тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары.

Сайлау алдындағы үгiттi жүргiзу кезеңiнде. (36-1 б., 2 т., 1 т.)

11. Сайлау алдындағы үгiттi жүргiзу.

Әкiмдiкке кандидаттар, олардың сенiм бiлдiрiлген адамдары. Кандидаттарды тiркеу аяқталған күннен 28 қазанда басталады және сайлау күнiнiң алдындағы күнi — 2019 жылғы 11 қарашада жергiлiктi уақыт бойынша 24 сағатта аяқталады. (36-1 б., 2 т.)

12. Аумақтық сайлау комиссияларында сайлау қорларын тiркеу. Әкiмдiкке кандидаттар, олардың сенiм бiлдiрiлген адамдары. Кандидаттың тиiстi аумақтық сайлау комиссияларына өтiнiш жасаған сәтiнен бастап бiр күнтiзбелiк күннiң iшiнде (Сайлау қорларын мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының 2010 жылғы 19 тамыздағы № 7/8 қаулысы. (36-1 б., 2 т., 7 т., 1 т.)

13. Сайлау қорларының арнайы уақытша шоттарын ашу.

Аумақтық сайлау комиссиясы.

Кандидат тiркелгеннен кейiн.

(36-1 б., 2 т., 7 т., 1 т.)

14. Дауыс беруге арналған пункттi ашу, тиiстi хаттама жасау.

Аумақтық сайлау комиссиясы.

Дауыс берудiң басталуына бiр сағат қалғанда. (36-1 б., 10 т.)

15. Әкiмнiң сайлауын өткiзу. Әкiмдi сайлау жөнiндегi дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерiн жария ету, әкiмдi сайлау нәтижелерi туралы хаттама жасау.

Аумақтық сайлау комиссиясы.

Бiр күннiң iшiнде — 2019 жылғы 12 қарашада. (36-1 б., 10 т.)

16. Сайланған әкiмдi тiркеу. Шешiмдi жоғары тұрған әкiмге және тиiстi мәслихатқа ұсыну.

Аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау өткiзiлген күннен бастап бес күндiк мерзiмде — 2019 жылғы 17 қарашадан кешiктiрмей. (36-1 б., 11 т.)

17. Кандидаттың сайлау қоры қаражатын пайдаланғаны туралы аумақтық сайлау комиссиясына есеп беруi.

Әкiмдiкке кандидаттар.

Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейiн 5 күннен кешiктiрмей  — 2019 жылғы 17 қарашадан кешiктiрмей. (36-1 б., 9 т.)

18. Жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау қорытындылары және сайланған әкiмдi тiркеу туралы хабар жариялау.

Аумақтық сайлау комиссиясы. (36-1 б., 11 т., 2 т., 7 т., 1 т.)

Мақаланың шыққан күні: 04.10.2019 14:51
Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.10.2019 14:51
Қаралым саны: 391

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz