A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Үйден шықпай-ақ өзіңіздің жеке мәліметтеріңізге қалай өзгерістер енгізуге болады?

Тұтынушылар арасында онлайн-қызметтердi алу танымалдығы артып келедi. Бұл өте ыңғайлы және ел үкiметi коронавирусқа қарсы күрес аясында қабылдаған карантиндiк шараларға байланысты ерекше өзектi болып отыр.

БЖЗҚ-да салымшыларға (алушыларға) электрондық форматта, яғни кеңселерге бару қажеттiлiгiнсiз қызмет көрсетудiң енгiзiлгенiне де бiрнеше жыл болып қалды және бұл бастама сәттiлiкпен жалғасын табуда.

Айта кету керек, 2018 жылы «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) салымшысының (алушының) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат беру» қызметi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң тапсырысы бойынша «САНДЖ» зерттеу компаниясы жүргiзген мемлекеттiк қызметтердiң қоғамдық мониторингi нәтижелерi бойынша үздiк бестiкке кiрдi. Осы зерттеу БЖЗҚ сайтын, оның ыңғайлы интерфейсiн, ауысу жылдамдығын және ақпараттың қазақ және орыс тiлдерiнде болуын жоғары бағалады.

Қордың барлық операцияларының 80%-дан астамы онлайн арқылы жасалады. Мысалы, Жеке кабинетте тiркелiп, ЖЗШ-дан үзiндi көшiрме алуға және өзiңiздiң жинақтарыңызды онлайн бақылауға болады, сондай-ақ өзiңiздiң ұялы телефоныңызға жүктеп алған болсаңыз, БЖЗҚ-ның ұялы қосымшасы арқылы да бұл қызметтерге оңай қол жеткiзе аласыз. Жеке кабинетте бiрнеше рет басу арқылы Сiз зейнетақы активтерi бойынша ағымдағы көрсеткiштердi, шарттардың деректемелерiн және көптеген басқа да мәлiметтердi көре аласыз. «Жеке кабинет»сервисiн:

1) БЖЗҚ-ның www.enpf.kz сайтында және ұялы қосымшада авторланудың электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе өзiнiң ЖСН мен паролiн енгiзу сияқты екi тәсiлi арқылы қолдануға болады, жоғарыда көрсетiлген тәсiлдермен авторланғаннан кейiн, саусақ iзiнiң көмегiне (бар болса) жүгiне аласыз;

2) www.egov.kz электрондық үкiмет сайтында ЭЦҚ немесе бiр реттiк паролдi пайдалану арқылы тұтыну мүмкiндiгi бар.

ЭЦҚ-ны электрондық үкiмет порталында еш қиындықсыз-ақ онлайн арқылы алуға болады.

Мысалы, өз деректемелерiне өзгерiстер енгiзгiсi келетiн салымшыларға (алушыларға) сайттағы «Электрондық сервистер» бөлiмiне кiрiп, онда «Деректемелерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу» бөлiмiн табу қажет. Сiздiң алдыңызда әрекет алгоритмi толық сипатталған бейне нұсқаулық ашылады. Оларды басшылыққа ала отырып, пошталық немесе электрондық мекенжай, телефон нөмiрi тәрiздi байланыс ақпаратыңызға өзгерiстер енгiзуге және (немесе) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат алу тәсiлiн өзгертуге болады.

БЖЗҚ-да мiндеттi зейнетақы жарналарын есепке алып отыратын жеке зейнетақы шотын ашпағандар үшiн 2019 жылдың 08 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-ға алғашқы жарна түскен, оның iшiнде бiрыңғай жиынтық төлемдi аударған кезде жоғарыда аталған шот автоматты түрде ашылатынын ескертiп өткеннiң еш артықтығы жоқ. Бұл ретте жеке тұлғаны сәйкестендiру жарнаны аудару кезiнде көрсетiлген дербес деректерi бойынша жүзеге асырылады. БЖЗҚ басқа барлық қажеттi мәлiметтердi (жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелерi, тұрақты тұратын жерi және т.б.) Қазақстан Республикасы заңнамасының ережесiне сәйкес Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң «Жеке тұлғалар» мемлекеттiк деректер қорынан алады.

Мақаланың шыққан күні: 29.04.2020 11:13
Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.04.2020 11:13
Қаралым саны: 146

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz