A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Болашақ зейнетақы мен аннуитет бойынша төлем мөлшерiн қалай бiлуге болады?

enpf.kz сайтындағы болжамды калькуляторға жаңа функция қосылды

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының әрбiр салымшысы Қор сайтындағы ең танымал сервистердiң бiрi — Болжамды зейнетақы калькуляторын пайдалана отырып, өзiнiң болашақ зейнетақы төлемдерiн дербес есептей алады. Ол Қазақстанның көп деңгейлi зейнетақы жүйесi аясындағы мемлекеттiк базалық зейнетақы және жасына байланысты зейнетақы (немесе ортақ), сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ), мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және ерiктi зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебiнен қалыптасқан зейнетақы сияқты барлық құрамдауыштарын қамтиды.

Есептеу оңай және өте қарапайым. Ол үшiн болжамды калькулятордағы туған күнi, жынысы, еңбек өтiлi, жинақтың сомасы және т. б. сияқты барлық қажеттi бағандарды толтыру керек. Егер enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте тiркелген болсаңыз, онда калькулятордағы бағандар автоматты түрде толтырылады және болашақ зейнетақыңыздың есебi екi-үш рет басқанда-ақ жүзеге асырылады.

Бұдан әрi Сiз БЖЗҚ-дан берiлетiн болашақ төлемдерiңiздi есептеу нәтижесiн көресiз, олар үш сценарийде берiледi: пессимистiк, шынайы және оптимистiк. Барлық үш нұсқа кiрiстiлiктiң болжамды деңгейiн ескередi. Бұл ретте барлық болжамды нәтижелер нақты құндық көрiнiсте (болжамның тиiстi кезеңiнiң инфляциясын шегере отырып) ұсынылады. Сонымен қатар зейнеткерлiкке шығатын жасыңыз бен мерзiмдi, жинағыңыз таусылатын жыл санын және т. б. көре аласыз.

Болжамды калькуляторға жаңа функция қосылғанын ескерте кеткiмiз келедi. Зейнетақы жинақтарының (МЗЖ, МКЗЖ және ЕЗЖ есебiнен қалыптасқан) болжамды мөлшерi зейнеткерлiк жасқа толуға жеткiлiктi болған жағдайда, пайдаланушыға болашақта сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шартын жасау және зейнетақы төлемдерiн өмiр бойына алу мүмкiндiгi туралы хабарламасы бар қалқымалы терезе пайда болады. Есептеу сақтандыру ұйымынан берiлетiн аннуитеттiк төлемнiң болжамды мөлшерiн сол жерде бiлуге мүмкiндiк бередi, осылайша Сiз оны БЖЗҚ-дан кесте бойынша берiлетiн төлемдермен өзiңiзше салыстыруға қол жеткiзесiз.

Естерiңiзге сала кетейiк, enpf.kz сайтында сақтандыру ұйымына аудару үшiн ағымдағы жылы жинақталған зейнетақы қаражатының жеткiлiктi сомасын есептеу мүмкiндiгi де бар, ол үшiн Сiзге «Жинақтарды ӨСК-ге аудару» бағанындағы зейнетақы калькуляторы қажет болады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Мақаланың шыққан күні: 10.06.2020 09:54
Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.06.2020 09:54
Қаралым саны: 179

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz