A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы жинақтарын қалай алуға болады?

Қазақстаннан басқа елдерге тұрақты тұруға кеткен бұрынғы отандастарымыздың көпшiлiгiн Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинақтарын қалай алуға болатындығы мазалайтыны белгiлi.

Айта кету керек, жеке зейнетақы шотында (ЖЗШ) есепке алынатын жинақ ақша салымшының меншiгi болып табылады және салымшы келiп алғанша, тiптi ол шетелге көшiп кетсе де Қорда мерзiмсiз сақтала бередi.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес ел аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, кету дерегiн растайтын құжаттар ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың БЖЗҚ-дан мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебiнен қалыптасқан жинақтарын толық көлемде алуға құқығы бар.

Сонымен Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдiктер мен азаматтық жоқ адамдар Қорға өздерi келiп өтiнiш бергенде мына төмендегi құжаттарды ұсынады:

1) БЖЗҚ iшкi құжатымен бекiтiлген нысан бойынша толтырылған өтiнiш;

2) егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдiк паспорттың көшiрмесi және салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы;

3) алушының банк шоты туралы мәлiмет.

БЖЗҚ жоғарыда көрсетiлген құжаттарды алған соң, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарының ақпараттық жүйелерiнен өтiнiш жасаған шетелдiкте немесе азаматтығы жоқ адамда Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органы берген Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi немесе шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының не болмаса азаматтығы жоқ адамның куәлiгiнiң бар-жоғы және оның жарамдылығы туралы мәлiметтердi сұратады.

Егер өтiнiш жасаған шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуiне байланысты

Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органы берген шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының немесе азаматтығы жоқ адамның куәлiгiнiң не болмаса Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiнiң жарамсыздығы туралы мәлiметтер алынса, сондай-ақ шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатының күшi жойылған жағдайда БЖЗҚ құжаттар қабылданған немесе құжаттар келiп түскен күннен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде зейнетақы төлемдерiн жүзеге асырады.

БЖЗҚ зейнетақы төлемдерiн алушының өтiнiшiнде көрсетiлген банк шотына аударады. Егер алушының шоты Қазақстан аумағында жұмыс iстейтiн екiншi деңгейдегi банкте/жекелеген банк операцияларын орындайтын ұйымда ашылса, зейнетақы төлемдерi ұлттық валюта — теңгемен аударылады. Ал егер алушының шоты Қазақстан аумағынан тыс жердегi шетелдiк банктерде ашылған болса, АҚШ долларымен, евро, фунт стерлинг немесе ресейлiк рубльмен аударылады.

Егер өтiнiш жасаған шетелдiктiң немесе азамат¬тығы жоқ адамның Қазақстан Респуб¬ликасының уәкiлеттi органы берген Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiнiң немесе шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының не болмаса азаматтығы жоқ адамның куәлiгiнiң бар екендiгi және жарамдылығы туралы мәлiметтер алынса, сондай-ақ өтiнiш жасаған шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Респуб¬ли¬касынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткенi жайында мәлiметтер болмаса, БЖЗҚ өтiнiш жасалған күнi құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты бере отырып, өтiнiштi қабылдаудан немесе құжаттарды алған кезден бастап 10 жұмыс күнi iшiнде хабарлама жолдау арқылы бас тарту себебiн көрсете отырып, өтiнiштi орындаудан бас тартады. Сондықтан Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетпей тұрып, елден кетуге арналған құжаттарды белгiленген тәртiпте рәсiмдеу қажет.

Егер шетелдiк және азаматтығы жоқ адам бұлай iстемесе, Қордан зейнетақы жинақтарын алу үшiн Қазақстанға қайта келiп, елде тұруға ықтиярхат алып, ҚР Iшкi iстер министрлiгiнiң көшi-қон органдарында елден кетуге арналған құжаттарды рәсiмдеуiне тура келедi. Айта кетелiк, бұл шара шетелге тұрақты тұруға кеткен азаматтың Қазақстанда орындамаған (салық, мүлiк, сот, мерзiмдi әскери қызметтi өтеу және т. б.) мiндеттемелерiн анықтау үшiн қажет.

ҚР Iшкi iстер министрлiгi Қазақстаннан кетудi рәсiмдеуге қатысты ақпараттардың барлығын ҚР Әдiлет министрлiгiнiң «Жеке тұлғалар» Мемлекеттiк дерекқорына жiберiп отырады. Ал БЖЗҚ құжаттарды тексеруге алған кезде өтiнiш берушiнiң шетелге көшетiндiгiн растау үшiн осы Мемлекеттiк дерекқорға сауал жiбередi.

Мақаланың шыққан күні: 02.03.2020 14:24
Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.03.2020 14:24
Қаралым саны: 176

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz