A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
«БЖЗҚ» АҚ озық электрондық сервисiнiң арқасында өз салымшыларына 7 миллионнан аса қызмет көрсеттi

2020 жылдың 1 мамырына Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өз қызметтерiнiң 90% электрондық форматта орындады. Қазақстанда енгiзiлген төтенше жағдай мен карантинге қарамастан БЖЗҚ салымшыларына көрсетiлген қызметтердiң саны азаймақ түгiлi 2019 жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда анағұрлым көбiрек болды. Мұндай жетiстiкке электрондық форматта қызмет көрсетудiң орнықты жүйесi арқылы қол жеткiзiлдi.

2020 жылдың алғашқы төрт айында БЖЗҚ-ның салымшылары мен алушыларына 7 миллионнан аса, дәлiрек айтсақ, 7 086 954 қызмет көрсетiлдi. Бұл өткен жылғы көрсеткiштен 15,3% жоғары. 6,4 миллион қызмет электрондық форматта ұсынылды. Қазiргi уақыттағы ең танымал қызмет — жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме алу. Салымшылар осы қызметтi 6,5 миллион реттен астам пайдаланып, ол 2019 жылғы 1 мамырдағы көрсеткiштермен салыстырғанда 26% өскен. Жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме шамамен 6,3 миллион рет электрондық нұсқада алынды. Бұл Қор салымшыларының Жеке кабинет қызметiнiң артықшылығын сайт пен БЖЗҚ ұялы қосымшасында жоғары бағалағандарынын бiлдiредi. Өйткенi, кез келген азамат үзiндi көшiрменi екi-үш саусақ қимылымен-ақ алып, өзiнiң жинақтарын үнемi бақылауда ұстай алады.

Естерiңiзге сала кетейiк, Жеке кабинетте тек үзiндi көшiрменi ғана емес, сонымен қатар БЖЗҚ ұсынатын бiрқатар қызметтердi де алуға болады. Мысалы, өз деректемелерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, ЖЗШ бар екендiгi туралы анықтама алу, мерзiмсiз 1 немесе 2 топтағы мүгедектiктiң белгiленуiне байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш беру, төлем жасау және (немесе) көшу туралы өтiнiштiң мәртебесiн бақылау және тағы басқалар.

Бұған қоса бiр жыл бұрын БЖЗҚ-да зейнетақы шотын ашу рәсiмi жеңiлдетiлген болатын. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңына енгiзiлген өзгерiстерге сәйкес, өткен жылғы қаңтардан бастап жеке тұлғаға мiндеттi зейнетақы жарналарын есепке алу жөнiндегi ЖЗШ ашу үшiн БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңселерiне ЖЗШ ашу туралы өтiнiштi ресiмдеу мақсатында жүгiнудiң қажетi жоқ. Егер жеке тұлғаның БЖЗҚ-да ЖЗШ болмаса, онда ол алғашқы жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Осылайша 2020 жылдың алғашқы төрт айында 1 миллионнан астам ЖЗШ ашылды, бұл өткен жылдың көрсеткiштерiнен 12 есе артық.

Төтенше жағдай режимiнiң тоқтатылғанына қарамастан, Қазақстан қалаларында карантин режимiнiң сақталатынын атап өту керек. Осыған орай, сондай-ақ коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына байланысты қалыптасқан жағдайды ескере отырып, БЖЗҚ бiрқатар шектеу шараларын қалдырғанын және азаматтардың өмiрi мен денсаулығын қорғау, халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қор бөлiмшелерi кеңседе жұмыс iстеу үшiн филиал бөлiмшелерiндегi штат санының 50% аспайтын мамандарын тарта отырып, құжаттарды байланыссыз қабылдауды жүзеге асыратынын хабарлайды.

Қордың кезекшi қызметкерлерi алдын ала жазылу бойынша қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шаралар мен әлеуметтiк қашықтық қағидаттарын сақтай отырып, электронды форматта алуға болмайтын қызметтер бойынша құжаттарды байланыссыз қабылдауды жүзеге асырады. Онлайн режимде алуға болмайтын қызметтерге мыналар жатады:

- салымшының/алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштердi ресiмдеу (жерлеу);

- салымшының/алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштердi ресiмдеу (мұра);

– Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуiне байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштердi ресiмдеу (ерекше жағдайларда, Қор қызметiн тұтынушының талабы бойынша);

- зейнетақы жинақтарын «БЖЗҚ» АҚ-дан сақтандыру ұйымдарына ауыстыру туралы өтiнiштердi ресiмдеу.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Мақаланың шыққан күні: 10.06.2020 09:47
Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.06.2020 09:49
Қаралым саны: 158

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz