A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Конкурс өткізу туралы хабарлама

Шаруа қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша Атбасар ауданы әкімдігі конкурс өткізіледі

Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізімі.

№п/п Жер учаскесінің орналасқан жері (ауылдық округтен арақашықтығы км, жер учаскесінің лот № ) Жер учаскесі қандай мақсатқа беріледі оның ішінде Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы Жалпы аудаңы, га Жалға беру мерзімі, жыл Алқаптардың құрамы,оның ішінде Топырақтың сапалық сипаттамасы, орташа балл бонитет Сумен қамтамасыз етілуі
Егістік Жайылым-дық Шабын-дық
1 Покровка ауылдық округі әкімшілік шекарасында, (қашықтығы 11 км, № 5 ЛОТ) Шаруа қожалығы, ауыл шаруашылығы өндірісі үшін Мал шаруашылығы 200 га,20 жыл   200 га, оның ішінде: 157гаөнделген   36,4 Суландырылмаған

ЕСКЕРТПЕ:

Жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшiн мынадай құжаттар ұсынады:

1)конкурсқа қатысуға арналған өтiнiм;

2) конкурстық ұсыныс;

Конкурстық ұсыныста:

1) Бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемi, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсiру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы бiлiктi мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) Шаруашылық iшiндегi жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөнiндегi iс-шараларды орындау мiндеттемелер;

3)Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңiрдiң мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егiс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтiк көрсеткiштердi орындау, ғылыми негiзделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндiк талаптарды сақтау жөнiндегi мiндеттемелер қамтылуға тиiс.

Конкурстық ұсыныстың беттерi нөмiрленiп, тiгiлген түрде мөрленген немесе өшiрiлмейтiн сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы бетi жеке тұлғалар (немесе сенiмдi өкiл) үшiн — қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшiн — бiрiншi басшының (немесе сенiмдi өкiл) қолымен және мөрiмен (бар болса) куәландырылады.

Конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдердi қабылдау және тiркеу конкурс өткiзу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн өткен соң 2019 жылғы 28 қазандан бастап 2019 жылғы 8 қараша қоса алғанда аралығында өтiнiм қабылдау және тiркеу жүргiзiледi.

Конкурсты өткiзу күнi, уақыты және орны: конкурс қорытындысы 2019 жылғы 11 қараша сағат 15.00-де Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Шөкан Валиханов көшесi 9, 4 қабат, кiшi мәжiлiс залы мекенжайы бойынша шығарылады.

Конкурсты өткiзу тәртiбi туралы мәлiметтер мен қосымша ақпаратты Ақмола облысы, Атбасар ауданы әкiмдiгiнiң http://atbasar.akmo.gov.kz интернет-ресурстарынан немесе "Атбасар ауданының жер қатынастары бөлiмi" ММ-нiң телефондар бойынша алуға болады: 8 (71643) 2-43-71, 2-49-13.

Мақаланың шыққан күні: 14.10.2019 09:41
Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.10.2019 09:41
Қаралым саны: 175

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz