A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Хабарлама

Ақмола облысы Есiл ауданының әкiмдiгi шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн 49 жыл мерзiмге уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурс өткiзедi.

Ақмола облысы Есiл ауданының әкiмдiгi конкурс өткiзу туралы хабарлама бiрiншi жарияланған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдауды бастайды.

Осы конкурсқа қатысуға өтiнiмдер өтiнiмдердi қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күнi iшiнде қабылданады. Өтiнiмдердi қабылдау Есiл ауданы, Есiл қаласы, Қонаев көшесi, 13 мекен-жайы бойынша, 2019 жылғы 28 қарашадан бастап 2019 жылғы 23 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады.Конкурстың аяқталған күнi қорытынды шығарылған күн болып есептеледi. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысуға өтiнiм беру мерзiмi аяқталғаннан кейiн келесi күнi өткiзiледi.

Конкурсты өткiзу күнi, уақыты және орны: конкурстың қорытындысы 2019 жылдың 24 желтоқсанда сағат 09.00-де Ақмола облысы, Есiл ауданы, Есiл қаласы, Қонаев көшесi, 6 мекен-жайы бойынша шығарылады.

Лот № Жер учаскесінің орналасқан жері Жер учаскесінің берілу мақсаты Алқаптардың құрамы Алаңы (га) Бонитет балы Топырақ сипаттамасының сапасы Сумен қамтамасыз етілуі Өңірдің ауыл шаруашылық мамандануы
1 Курский ауылы шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу егістік 330 32 күңгірт-күреңтопырақ суландырылмаған өсімдік шаруашылығы
2 Курский ауылы шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу егістік 355 31,9 күңгірт-күрең топырақ суландырылмаған өсімдік шаруашылығы
3 Курский ауылы шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу егістік 381 33 күңгірт-күреңтопырақ суландырылмаған өсімдік шаруашылығы
4 Курский ауылы шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу егістік 341 33 күңгірт-күреңтопырақ суландырылмаған өсімдік шаруашылығы
5 Курский ауылы шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу егістік 414 26 күңгірт-күреңтопырақ суландырылмаған өсімдік шаруашылығы
6 Курский ауылы шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу егістік 529 36 күңгірт-күреңтопырақ суландырылмаған өсімдік шаруашылығы
табиғи жайылым 3 31,6
Барлығы: 532 36
7 Курский ауылы шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу егістік 241 31,7 күңгірт-күрең топырақ суландырылмаған өсімдік шаруашылығы

Конкурсқа қатысу үшiн мынадай құжаттар берiледi:

1) конкурсқа қатысуға арналған өтiнiм;

2) конкурстық ұсыныс.

Конкурстық ұсыныста:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемi, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсiру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы бiлiктi мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықiшiлiк жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөнiндегi iс-шараларды орындау;

3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердi ұтымды пайдалану ережелерiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарын орындау, өңiрдiң мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егiс алқаптарының құрылымын әртараптандыру жөнiндегi индикативтiк көрсеткiштердi орындау, ғылыми негiзделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндiк талаптарды сақтау жөнiндегi мiндеттемелердi орындау;

Инвестиция сомасында өнiмдердi сақтау және өңдеу объектiсiн салуға, ауыл шаруашылығы жануарларын ұстауға арналған үй-жайлар салуға, технологиялық жабдықтарды сатып алуға бағытталған қаражат есепке алынбайды.Ең жоғары балл алған қатысушы жеңiмпаз болып танылады.

Конкурстық ұсыныста өтiнiм берушi ұсынған мiндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлiгi болып табылады.

Конкурстық ұсынысты конкурсқа қатысушы беттерi нөмiрленiп, тiгiлген түрде мөрленген немесе өшiрiлмейтiн сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы бетi жеке тұлғалар (немесе сенiмдi өкiл) үшiн — қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшiн — бiрiншi басшының (немесе сенiмдi өкiл) қолымен және мөрiмен (бар болса) куәландырылады.

Конкурсты өткiзу тәртiбi туралы мәлiметтi және қосымша ақпаратты Ақмола облысы, Есiл ауданы әкiмдiгiнiң http://esil.gov.kz/интернет-ресурстарында немесе «Есiл ауданының жер қатынастары бөлiмi» ММ-нiң 87164721647 телефон нөмiрi бойынша алуға болады.

Мақаланың шыққан күні: 29.10.2019 13:58
Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.10.2019 13:58
Қаралым саны: 121

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz