A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
ХАБАРЛАМА

Ақмола облысы Ерейментау ауданының әкiмдiгi шаруа қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн 10 жыл мерзiмге уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурс өткiзедi.

Ақмола облысы Ерейментау ауданының әкiмдiгi конкурс өткiзу туралы хабарлама бiрiншi жарияланған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдауды бастайды.

Осы конкурсқа қатысуға өтiнiмдер өтiнiмдердi қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күнi iшiнде қабылданады. Өтiнiмдердi қабылдау Ерейментау қаласы, А.Құнанбаев көшесi, 136 үй мекен-жайы бойынша 2019 жылғы 23 шiлдеден бастап 2019 жылғы 12 тамызды қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады. Конкурстың аяқталған күнi қорытынды шығарылған күн болып есептеледi. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысуға өтiнiм беру мерзiмi аяқталғаннан кейiн келесi күнi өткiзiледi.

Конкурсты өткiзу күнi, уақыты және орны: конкурстың қорытындысы 2019 жылғы 13 тамызда сағат 11.00-де Ақмола облысы, Ерейментау қаласы, А.Құнанбаев көшесi, 121, 3 қабат, мәжiлiс залы мекен-жайы бойынша шығарылады.

лот № Жер учаскесінің орналасқан жері Жер учаскесінің берілу мақсаты Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (алқаптардың құрамы мен түрлері) Алаңы (га) Бонитет балы Топырақ сипаттамасының сапасы Сумен қамтамасыз етілуі Өңірдің ауыл шаруашылық мамандануы
1 Күншалған ауылдық округі шаруа қожалығын жүргізу табиғи жайылым 528,0 17 күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
2 Күншалған ауылдық округі шаруа қожалығын жүргізу Барлық алаңы:соның ішінде:табиғи жайылымт.ж. жайылым 370,0280,090,0 16 күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
3 Күншалған ауылдық округі шаруа қожалығын жүргізу Барлық алаңы:соның ішінде:табиғи жайылымт.ж. жайылым 370,0354,016,0 11 күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
4 Күншалған ауылдық округі шаруа қожалығын жүргізу табиғи жайылым 448,2 16 күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
5 Күншалған ауылдық округі шаруа қожалығын жүргізу табиғи жайылым 450,6 15 күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
6 Күншалған ауылдық округі шаруа қожалығын жүргізу Барлық алаңы:соның ішінде:егістіктабиғи жайылымт.ж. жайылым 342,0172,0108,062,0 3519 күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған өсімдік және мал шаруашылығы
7 Күншалған ауылдық округі шаруа қожалығын жүргізу егістік 150,0 36 күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған өсімдік шаруашылығы
8 Күншалған ауылдық округі шаруа қожалығын жүргізу Барлық алаңы:соның ішінде:табиғи жайылымт.ж. жайылым 350,028169,0 14 күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
9 Еркіншілік ауылдық округі шаруа қожалығын жүргізу егістік 72,0 31 күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған өсімдік шаруашылығы
10 Еркіншілік ауылдық округі шаруа қожалығын жүргізу Барлық алаңы:соның ішінде:табиғи жайылымт.ж. жайылым 184,819,4165,4 18 күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
11 Өлеңті ауылдық округі ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу, шаруа қожалығын жүргізу Барлық алаңы:соның ішінде:егістіктабиғи жайылым 752,822,6730,2 1313 күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
12 Сілеті ауылы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу, шаруа қожалығын жүргізу табиғи жайылым 1000 13 күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы

Конкурсқа қатысу үшiн мынадай құжаттар берiледi:

1) конкурсқа қатысуға арналған өтiнiм;

2) конкурстық ұсыныс;

3) тартылған инвестициялардың көлемiн растау туралы банк кепiлдiктерi немесе қаржы институты кредит комитетiнiң оң шешiмi.

Конкурстық ұсыныста:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемi, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсiру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы бiлiктi мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықiшiлiк жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөнiндегi iс-шараларды орындау;

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң мiндетiн атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығымен бекiтiлген (мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11549 болып тiркелген) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңiрдiң мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егiс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтiк көрсеткiштердi орындау, ғылыми негiзделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндiк талаптарды сақтау жөнiндегi мiндеттемелер қамтылуы тиiс.

Инвестиция сомасында өнiмдердi сақтау және өңдеу объектiсiн салуға, ауыл шаруашылығы жануарларын ұстауға арналған үй-жайлар салуға, технологиялық жабдықтарды сатып алуға бағытталған қаражат есепке алынбайды. Ең жоғары балл алған қатысушы жеңiмпаз болып танылады.

Конкурстық ұсынысты конкурсқа қатысушы беттерi нөмiрленiп, тiгiлген түрде мөрленген немесе өшiрiлмейтiн сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы бетi жеке тұлғалар (немесе сенiмдi өкiл) үшiн — қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшiн — бiрiншi басшының (немесе сенiмдi өкiл) қолымен және мөрiмен (бар болса) куәландырылады.

Конкурсты өткiзу тәртiбi туралы мәлiметтi және қосымша ақпаратты Ақмола облысы, Ерейментау ауданы әкiмдiгiнiң http://ereymen.gov.kz/ интернет-ресурстарында немесе «Ерейментау ауданының жер қатынастары бөлiмi» ММ-нiң 87163321274 телефон нөмiрi бойынша алуға болады.

Мақаланың шыққан күні: 28.06.2019 09:29
Парақтағы соңғы өзгерістер: 28.06.2019 09:29
Қаралым саны: 3204

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz