A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер (2018 жыл)

2018 жылдың 27 наурызында БЖЗҚ-ның барлық филиалдарында биыл алғаш рет Ашық есiк күнi өтедi. Аталмыш шара әдеттегiдей барша салымшылар мен алушылар үшiн өте өзектi тақырып — зейнетақы жүйесiндегi өзгерiстерге арналмақ. Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындардың арасында түсiндiрмелiк жұмыстарды белсендi жүргiзiп, салымшыларға зейнетақы жүйесiне қатысты кешендi сауалдар бойынша жан-жақты мәлiмет беруде.

Зейнетақы жүйесiн жаңғыртудың басты мақсаты — зейнетақы жинақтарының тиiмдiлiгiн арттыру. Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесi зейнетақыны зейнеткерлерге еңбекке жарамсыз жаста жүйелi табыстың лайықты көлемiн қамтамасыз ету мақсатында түрлi төлем көздерiнен, нақтылар болсақ, мемлекеттiк бюджет қаржылары есебiнен (бұл базалық және ортақ зейнетақы) және салымшының өз қаржыларынан (жинақтаушы компонент, БЖЗҚ-ның төлемдерi) берiлетiн қаржы ретiнде қарастырады.

2014 жылы Мемлекет басшысы бекiткен Зейнетақы жүйесiн жаңғырту тұжырымдамасына сәйкес, зейнетақы жинақтарын бiр мәрте шешiп алуға шектеу қойылып, ай сайын төлем жасау тәртiбi бекiтiлдi. Бұл шаралар зейнетақы жүйесiнiң тұрақтылығы мен тиiмдiлiгiн арттыру, бюджет есебiнен және жинақтаушы зейнетақы есебiнен жасалатын зейнетақы төлемдерiнiң ортақ көлемiн ұлғайтуға бағытталған.

Бүгiнде зейнеттегi азаматтарға төленетiн зейнетақының 80−85% мемлекеттiк зейнетақыдан құралады. Бұл жағдай бiртiндеп өзгермек. 2018 жылға дейiн еңбек өтiлi жоқ азаматтар 2040 жылдан бастап зейнетке шыға бастағанда олар тек өз жинақтары мен базалық зейнетақыға иек арта алады. Әрi 2018 жылдың 1 шiлдесiнен бастап азаматтардың зейнетақысы жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысу мерзiмiне қатысты белгiленедi.

Яғни, зейнетақымен қамту деңгейi мемлекет пен жұмыс берушiнiң жарнаны уақытылы аударуына ғана емес, азаматтың өзiне көбiрек байланысты болмақ», -деп атап өттi «БЖЗҚ» АҚ Ақмола облыстық филиалының өкiлдерi.

Зейнетақы заңнамасына 2018 жылдың бiрiншi қаңтарынан бастап күшiне енген және таяу болашақта енгiзiлетiн басқа да өзгерiстермен қор мамандары 27 наурызда өтетiн шара барысында кеңiрек таныстырады. Сонымен қатар, салымшылар мен алушылар Ашық есiк күнi барысында өздерiн толғандыратын сауалдарға жан-жақты жауап алып, мамандармен жеке кеңесе алады.

Естерiңiзге сала кетейiк, «БЖЗҚ» АҚ алғаш рет Ашық есiк күнiн тура бiр жыл бұрын «Зейнетақы жүйесiнiң құрылымы қандай?» деген тақырыпта өткiзген болатын. Салымшылар тарапынан үлкен қызығушылыққа ие мұндай шараларды Қор жүйелi түрде әрбiр тоқсан сайын ұйымдастырып келедi.

Мақаланың шыққан күні: 16.03.2018 10:07
Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.03.2018 10:07
Қаралым саны: 1366

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz