A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Ауданның 2017 жылғы 11 айдағы экономикалық-әлеуметтік дамуының қорытындылары және 2018 жылға арналған міндеттер

Ақкөл ауданының әкiмi Т. Едiгеновтiң есеп беру тезисi:

Ауданның 2017 жылғы 11 айдағы экономикалық-әлеуметтiк дамуының
қорытындылары және 2018 жылға арналған мiндеттер

Ауданның атқарушы билiгiнiң есептi кезеңдегi жұмысы ел Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясында, «Ұлт жоспары — бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөнiндегi 100 нақты қадам» бағдарламасында және 2017 жылғы 31-қаңтардағы «Қазақстанның үшiншi жаңғыруы: жаһандық бесекеге қабiлеттiлiк» Қазақстан халқына Жолауында көрсетiлген тапсырмаларын орындауға бағытталған болатын.

Ел Президентiмен белгiленген талаптарды ескере отырып, ауданда экономикалық өсу қарқынын қамтамасыз ету жане сақтауға, халықтың өмiр сүру деңгейiн арттыруға ерекше мән берiлдi.

Мемлекет басшысы бастаған, экономикалық саясатты, мемлекеттiк және өңiрлiк бағдарламаларды жүзеге асыру аудан экономикасын дамытуда оң нәтижелерге қол жеткiзуе мүмкiндiк бердi. Өнеркәсiпте, ауыл шаруашылығында, инвестиция тартуда, қаржылық секторда оң қарқын қамтамасыз етiлдi. Орташа айлық жалақы 10,2%-ға өсiп, 96912 теңгенi құрады.

ӨНЕРКӘСIП. Есептi кезеңнiң 11 айында өнеркiсiптiк өндiрiс көлемi 4,7 млрд. теңгенi құрады, өнеркәсiптiк өнiмнiң ЖКИ 104,9%.

Бүгiнде Ақмола облысының кәсiпкерлiктi қолдау картасына Ақкөл ауданынан құны 6 млрд. теңге болатын 5 жоба кiргiзiлген, олардың барлығы iске қосылып, 205 жұмыс орны ашылды.

«КазЛес Компаниясы» ЖШС жалпы сомасы 171 млн. теңгеге 2031 куб.м ағаш өнiмдерiн шығарды, «Үш Бұлақ» ЖШС жалпы сомасы 787 млн. теңгеге 53,3 млн. дана жұмыртқа өндiрiп шығарды.

«Еңбек» ЖШС майлы дақылдардың тұқымын кептiру, тазалау және сақтауға арналған қуаты 9000 тонна кептiру кешенi толық жүктелiп, 100% жұмыс iстеп тұр. Азат ауылында 2400 бас iрi қара аналығын өсiретiн «SC FOOD» ЖШС-нiң мал тұқымын асылдандыру шаруашылығында 1660 бас iрi қара мал, төлдейтiн 1118 бас мал бар.

«ТП-1» ЖШС-нiң «Шұжық өнiмдерiн өндiрудi ұйымдастыру» жобасы iске қосылды, құны — 75 млн. теңге және жылдық қуаты — 210 тонна. Ағымдағы жылдың сәуiр-қараша айлары аралығында 27 млн. теңге сомасына 22 тонна ет өнiмi өндiрiлдi.

Ел Президентi Қазақстанның үшiншi жаңғыруын қамтамасыз ету тапсырмасын қойды. Елдiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ететiн, экономикалық өсудiң жаңа үлгiсiн құру қажет. Елбасы қойған тапсырмаларды орындау мақсатында, ауданда Кәсiпкерлiктi қолдау картасынан тыс келешегi жарқын жобалар жүзеге асырылуда: «МММ» ШҚ тауарлы-сүт фермасы, ЖК «Ақсақалов» туристiк базасы. «Пигас» ЖШС-нiң қуаты 15 мың тонна, құны 587 млн. теңге болатын дәндi және майлы дақыдарды тазалау, кептiру және сақтау кешенi жұмыс iстейдi. Элеватордың екiншi кезектi құрылысы 2018 жылға жоспарланған.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ. Елбасы өзiнiң жыл сайынғы халыққа Жолдауында аграрлық сектор экономиканың жаңа қозғаушы күшiне айналуы қажет екендiгiн ескерiп өттi. Ақкөл ауданының агроөнеркәсiп кешенiнiң әлеуетi кең.

2017 жылдың 11 айының қорытындылары бойынша ауыл шаруашылығы өнiмiнiң жалпы көлемi 13,1 млрд. теңгенi құрады, өнiмнiң жеке көлем индексi — 102,5%.

125,8 мың га дәндi дақылдар орылып, бастырылды, жалпы 133,9 мың тонна дән жиналды, орташа өнiмдiлiгi — 10,6 ц/га. 2,5 мың тонна майлы дақылдар, 26,1 мың тонна картоп, 3,3 мың тонна көкөнiс жиналды.

Ауылдық жерлерде кооперацияларды дамыту және ауыл халқын тиiмдi жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыру және жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетiн пайдалану бағдарламасы шеңберiнде, ауданда 4 ауылшаруашылық өндiрiстiк кооперативi, 12 отбасылық үлгiдегi мал жемдейтiн алаңдар салынды.

Ауылшаруашылық өндiрiсiн тиiмдi дамыту шаруашылық субъектiлерiн техникалық қамтылуына тiкелей байланысты. Еңбек өнiмдiлiгiн арттыру үшiн жыл басынан берi 237 млн. теңгеге 16 бiрлiк жаңа техника сатып алынды.

Ауданда қойлар мен ешкiлер саны 19,9 мыңға дейiн артты, жылқы саны 6 мыңға дейiн, құс саны 312,8 мыңға дейiн артты.

Жыл сайын мал шаруашылығын мемлекеттiк қолдау көлемi артып келедi. Жыл басынан берi өсiмдiк шаруашылығы саласын қолдауға 608 млн. теңге бөлiндi. Ауданның ауылшаруашылық тауарларын өндiрушiлерiне мал шаруашылығының өнiмдерiн өндiруге және асыл тұқымды селекциялау жұмысына 323,8 млн. теңге берiлдi.

Ағымдағы жылы жануарлардың аса қауiптi ауруларына қарсы ветеринарлық-алдын алу және диагностикалық iс-шараларды өткiзуге республикалық бюджеттен 35,6 млн. теңге бөлiндi. Бекiтiлген жоспар шеңберiнде ауылшаруашылық жануарларын сәйкестендiру бойынша жұмыстар жүргiзiлдi.

Бүгiнгi заман талабына сай, мал шаруашылығын дамыту үшiн жоғары өнiмдi асыл тұқымды мал сатып алу ауадай қажет. Бұл үшiн несиелеу арқылы мемлекеттiк қолдау жүзеге асырылуда.

Ағымдағы жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Қара найза» ЖШС 93 бас iрi-қара мал сатып алды.

«Агробизнестi дамыту-2020» бағдарламасы бойынша Кеңес селолық округiндегi «Катаев»ЖК 700 бас ұсақ мал сатып алды.

«Ырыс» бағдарламасы бойынша Новорыбин селолық округiндегi «МММ» ШҚ 50 тауарлы сүт фермасын ашты, Павлодар облысынан «симентал» тұқымына жататын 50 бас сүттi мал сатып алды. Жаңа база салынып, жабдықтар сатып алынған. Өздерi өдiретiн сүттi және жергiлiктi халық тапсыратын сүт қабылдау пунктi ашылды.

«Құлан» бағдарламасы бойынша Кеңес селолық округiндегi «Кенебай» ШҚ 50 бас жылқы малын сатып алды. Сонымен бiрге, аталған қожалық өсiру және жемдеу үшiн 80 бас iрi-қара мал сатып алды.

САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТ. Аудандық бюджеттiң өзiндiк кiрiстердiң көлемi 5 жыл iшiнде 2 есе артты — 439 млн. теңгеден 902 млн. теңгеге дейiн.

2017 жылы аудандық бюджетке 902 млн. теңге салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдер түстi, немесе жоспар бойынша 102,4%. Аудандық бюджеттiң шығыс бөлiгi 100% орындалды, игерiлдi 3,2 млрд. теңге. 2017 жылдың қаңтар-қараша айлары бойынша орташа айлық еңбек жалақысы 96912 теңгенi құрайды, бұл 110,2%.

КӘСIПКЕРЛIК. Экономикалық өсудiң тағы бiр қозғаушы күшi — шағын және орта бизнес. Бұл секторда тiркелген субъектiлер саны 1737, бұл салада жұмыс iстейтiндер саны 5,5% дейiн артып, 6,7 мың адамды құрады. Жыл басынан берi 5 кәсiпкерлiк нысаны ашылды, 15 нысан салынып жатыр.

187 сауда нысаны және 55 қоғамдық тамақтандыру кәсiпорыны, 4 базар жұмыс iстейдi. Бөлшек сауда тауар айналымының көлемi 5,7 млрд. теңгенi құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда өсiм 11,9%.

ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС. Индустрияландырудың басты шарты инвестиция тарту болып табылады. Аудан экономикасына 7,9 млрд. теңге инвестиция салынды, өсiм 6,3%.

Құрылыс жұмыстарының көлемi 5,9 млрд. теңге, бұл 2016 жылғы деңгейге қарағанда 12,5%-ға артық. 22,3 мың шаршы м жеке тұрғын үй салынды, өсiм 2,9 есе.

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ, ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ. Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының инфрақұрылымын дамыту — бiздiң басты мiндетiмiз.

Биыл көптен күткен Минск селосын сумен қамтамасыз ету жобасы жүзеге асырылды, жобаның құны 121,6 млн. теңге болды.

Ақкөл қаласының бес шағын ауданында инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды тартуға құжаттама әзiрлендi. 2018 жылы қаржыландыру үшiн Ақмола облысының құрылыс басқармасына 1,2 млрд. теңгеге бюджеттiк тапсырыс жiберiлдi.

2017 жылы «Ақкөл қаласы, Восточный шағын ауданындағы қазандық пен жылу желiлерiн қайта құру» жобасы бойынша ЖСҚ, Азат а. су құбырының құрылысына ЖСҚ әзiрленген. 2019 жылына Жалғызқарағай а. су құбыры желiлерiн қайта құру жоспарлануда.

2018 жылы облыстық бюджеттен Урюпин селосында жылу қазандығы мен жылу желiлерiнiң құрылысына 90,2 млн. теңге бөлiнген.

«Ақкөл Горкомхоз» жылумен қамту кәсiпорнының тұрақты жұмыс iстеуi үшiн, осының алдында сатып алынған 10 техника бiрлiктерiне қоса, ағымдағы жылы көп функциялы шағын жүк көтергiш көлiк сатып алынды.

2017-2018 жылдардағы жылыту кезеңiне дайындық мақсатында, коммуналдық қазандықтар мен жылу желiлерiн жөндеуге жергiлiктi бюджеттен 23,5 млн. теңге бөлiндi.

Аталған қаражат есебiнен 9 жаңа қазан жасалып, орнатылды. Қашықтығы 750 метр жылу желiлерiнiң жөндеуi жүзеге асырылды.

Автомобиль жолдарының жағдайына да үлкен көңiл бөлiнуде. Ағымдағы жылы жолдарды жөндеуге және абаттандыру жұмыстарын жүргiзуге барлық қаражат көздерiнен 79 млн-нан астам теңге бөлiндi.

Ағымдағы жылы Ақкөл қаласының Гагарин, Луганская көшелерiнде және Ленин тұйық көшесiнде 40 млн. теңге сомасына жолдарға жаңа асфальт төселдi.

Аудандық бюджет есебiнен 12 көшеде жолдардағы шұңқырларды жөндеу жұмыстары жасалды. Луганская, Ремзаводская, Бектұров, Құлагер көшелерiнде, сонымен қатар тұрғын үйлер мен дүкендерге қарасты аумақтарда жолдарға қопсытылған асфальт төселдi. Келесi елдi мекендерге баратын жолдар тегiстелдi: Ақкөл-Мало-Александровка, Ерназар-Наумовка, Қарасай-Қына, Еңбек ауылына кiре берiс. Ақкөл-Домбыралы жолына қопсытылған асфальт төселдi.

Абаттандыру iс-шаралары шеңберiнде қаладағы қоршауларды ауыстыру және сырлау жұмыстары жасалды. Қала көшелерiнде сәндiк қыш құмыралар орнатылды, тастардан шығармашылық композициялар жасалды, 300 дана жиек тас ауыстырылды. 2017 жылы бұдан алдын орнатылған 5 балалар ойын алаңына, 6 жаттығу, 3 спорт және 15 аула алаңдарына тағы 10 балалар ойын алаңы қосылды.

Ақкөл қаласында мүгедектерге арналған жол белгiлерi мен дыбыстық және жарықтық белгiлерi бар жаяу жүргiншiлер өткелдерi орнатылды. Қаланың барлық асфальт жолдарына жол белгiлерi салынып, жаяу жүргiншiлер өткелдерi, автотұрақтар мен тоқтау сызықтары боялды. С.Нұрмағамбетов көшесiнiң бойында жасанды тегiс емес жолақтар орнатылды.

Оқу-өндiрiстiк комбинатының, мәслихаттың, аудан әкiмдiгiнiң ғимараттарында жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi.

Абаттандыру шеңберiнде 31 жалпыаудандық сенбiлiк, 29 күн «таза бейсенбi» санитарлық тазалық күндерi өткiзiлдi. Абаттандыру iс-шараларына 6 мыңнан астам адам қатысып, 5 мың тонна қоқыс шығарылды. Аудан бойынша жалпы көктемгi-күзгi кезеңде 5 мыңнан астам ағаш пен көшет отырғызылды, соның iшiнде 3 мың данасы Ақкөл қаласында.

ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ. Халықты жұмыспен қамтуға қолдау көрсету шараларын iске асыру ауданның әлеуметтiк қызметтерiнiң басты мiндетi болып табылады.

Ағымдағы жылы «2017-2021 жылдарға арналған нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасын» орындау бойынша нақты жұмыстар жүргiзiлуде. Бағдарламаның бағытын жүзеге асыруға 37,4 млн. теңге бюджет қаражаты бөлiндi. Ағымдағы жылдың 11 айында еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзiмдi курстарға 294 адам жiберiлдi, 17,3 млн. теңге игерiлдi. Жалпы сомасы 65,5 млн. теңгеге 21 адам шағын несие алды.

883 адам жұмысқа орналастыру бойынша жүгiндi, соның iшiнде 581 адам, 66% пайызы жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық жұмыстарға 136 адам, әлеуметтiк жұмыс орындарына 43 адам жiберiлдi. Жастар практикасына 31 адам жiберiлдi. 581 жаңа жұмыс орны ашылды.

Барлық жәрдемақы түрлерi өз уақытында төленедi. Бiрнеше жылдардан берi ауданда кiрiсi кедейлiк шегiнен төмен азаматтар жоқ.

БIЛIМ. Бiлiм сапасы Елбасымен өмiр сапасының қазақстандық стандартының ең маңызды көрсеткiшi ретiнде, әлеуметтiк жаңғырудың бес басты бағытының бiрi болып белгiленген. Оны қамтамасыз ету оқу-тәрбиелiк процесстi жаңғырту және бiлiм беру қызметтерiнiң тиiмдiлiгi мен қолжетiмдiлiгiн арттыруға байланысты.

2011-2020 жылдарға арналған Бiлiмдi дамытудың мемлекеттiк бағдарламасының 5 көрсеткiшi 100% орындалды — балаларды тасымалдау, барлық оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету, аз қамтылған отбасылардың балаларын тегiн тамақтандыру, үш ауысымды және апатты мектептердiң болмауы, 5-6 жастағы балалардың мектепке дейiнгi дайындықпен қамтылу үлесi.

1 жастан 6 жасқа дейiнгi балалардың 70,2% мектепке дейiнгi бiлiм берумен қамтылған, 3 жастан 6 жасқа дейiнгi балалардың 99,3% қамтылған. Мектепке дейiнгi бiлiм ұйымдардың жұмысының нәтижесi ретiнде, №3 балабақшаның педагогикалық ұжымының облыстық «Үздiк мектепке дейiнгi ұйым» байқауында 2-орын иеленуiн айтуға болады.

Педагогикалық кадрлардың кәсiбилiгi мен оқытушы кәсiбiнiң абыройын арттыру бiлiмдi дамытудың мемлекеттiк бағдарламасының негiзгi бағыттарының бiрi болып табылады. Педагогикалық кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру бағдарламасы бойынша, Қазақстан Республикасының орта бiлiмiнiң мазмұнын жаңарту шеңберiнде, 231 педагог оқытудан өтiп, 11 оқытушы тiл үйрену курстарына қатысты.

«Bilimland» жобасының шеңберiнде, ауданның барлық мектептерi сандық бейнеқорға, яғни үздiк бейнесабақтарға, электрондық оқулықтарға, қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiндегi әдiстемелiк құралдарға қосылған.

Бiздiң оқушылардың конкурстар мен олимпиадалардағы көрсеткiштерi, ҰБТ қорытындылары бiлiм жүйесiнiң тиiмдiлiгiн көрсетедi. 2016-2017 оқу жылының қорытындылары бойынша Ақкөл ауданының жетiстiктер қоржынына 84 облыстық, республикалық олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлерi кiрдi. 2017 жылғы ҰБТ нәтижелерi бойынша орташа балл 93,6 болды. Ауданымыз облыс бойынша бiрiншi орынды иеледi. Төрт үмiткер «Алтын белгi» алды.

Ауданның бiлiм беру ұйымдарында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы белсендi жүзеге асырылып келедi. Бағдарламаның мақсаты — тәрбие мен бiлiмдi қастерлей отырып, бәсекеге қабiлеттi, шығармашыл, патриот тұлғаны тәрбиелеу. Қазiргi уақытта 17 республикалық және 8 облыстық жоба, сонымен бiрге аудандық бiлiм бөлiмi ұйытқы болған «Ақкөл мақтанышы» жобасы жүзеге асырылуда. Бағдарламаны жүзеге асыру шеңберiнде 475 сынып сағаты, 216 сенбiлiк, 81 кiтап көрмесi өткiзiлдi, 27 мектепте стендтер жасалды.

2017 жылы ауданның бiлiм беру ұйымдарын күрделi жөндеуден өткiзу және материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша жұмыстар жалғасын тапты.

Балалар музыка мектебiне жасалған күрделi жөндеуiнен кейiн, мектепке жаңа музыкалық аспаптар сатып алынды. Осыған аудандық бюджет есебiнен 10 млн. теңге бөлiнген.

№1 Ақкөл орта мектебiнде аудандық бюджеттен бөлiнген 22 млн. теңгеге спортзал, кiре берiс, түлектер залы мен фойе жөндеуден өткiзiлдi. «Өңiрлердi дамыту» бағдарламасы бойынша 5,6 млн. теңгеге 5 бiлiм беру нысаны жөнделдi.

Новорыбинка ОМ-нiң күрделi жөндеуiне жобалық-сметалық құжаттама жасалды.

Республикалық бюджет қаражаты есебiнен мультимедиялық жабдықтарға, элекрондық контент пен «Бiлiм» бағдарламасына төлеуге, ғаламтор ақысын төлеуге 29,9 млн. теңге бөлiндi. Бұл өз кезегiнде сабақ үстiнде және сабақтан тыс уақыттан мектептерге сандық бiлiм ресурстарын пайдалануға кең мүмкiндiктер ашады, сонымен бiрге ғаламтордың жылдамдығы артты.

2018 жылға бiлiм бюджетiнде 25,8 млн. теңге жаңа модификациялы кабинеттерге, мультимедиялық жабдықтарға, интерактивтi тақталар сатып алуға жоспарланған.

Ағымдағы жылы Елбасының тапсырмасына сай, нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы шеңберiнде, «Тегiн техникалық және кәсiптiк бiлiм» жобасы енгiзiлуде. Оған сәйкес мектеп түлектерi облыстың 19 колледжiнде 31 жұмысшы мамандықтары бойынша тегiн бiлiм алу мүмкiндiгiне ие. Аталған бағдарламаға аудан мектептерiнiң түлектерi қатарынан 40-тан астам адам қатысты.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ. Ауданда 80 орындық орталық аурухана халыққа медициналық көмек көрсетедi, оның құрамында ауысымына 250 адамды қабылдау алатын, жаңа үш қабатты емхана бар. Ауылдарда бес дәрiгерлiк амбулатория, 21 медициналық пункт жұмыс iстейдi.

2017 жылдың 11 айының қорытындылары бойынша, 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» атты Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамыту бойынша мемлекеттiк бағдарламасының және ҚР Денсаулық сақтау министрлiгi мен Ақмола облысы әкiмдiгiнiң арасындағы халықтың денсаулығын жақсарту бойынша Меморандумның көрсеткiштерiн орындау бойынша iс-шаралар кешенi өткiзiлдi. Өткiзiлген iс-шаралар нәтижесiнде бала өлiмi, қан айналымы жүйесiнiң ауруларынан болатын өлiм саны, жарақаттар мен келеңсiз жағдайлардан болатын өлiмдер саны, туберкулезбен ауыратындар саны азайды.

Қойылған тапсырмаларды сәттi орындау үшiн ағымдағы жылы денсаулық сақтау саласына 717 млн. теңге бөлiндi, оның 83 миллионы материалдық-техникалық базаны нығайтуға, яғни санитарлық автокөлiк, жылжымалы рентгендiк-диагностикалық құрылғы, лапораскопияға арналған бейнеэндоскопиялық кешен сатып алуға жұмсалды.

Бiлiктi медицина мамандарының жетiспеушiлiгiн толтыру мақсатында, жоғарғы медициналық оқу орындарында аудандық бюджет есебiнен 5 болашақ маман, мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк шеңберiнде 4 адам оқытылып жатыр.

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ. Президенттiң «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негiзгi мақсаты — рухани және мәдени құндылықтарымызды сақтау және халық арасында кеңiнен тарату.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберiнде ауданда 120 iс-шара өткiзiлдi, БАҚ-та 140 мақала шығарылған.

Ақмола облысының киелi жерлердiң энциклопедиясына 4 нысан мен 2 адам (Қазы батыр қорғаны, Орез ханым жерлеген жер, Моншақты мен Домбыралы таулары, сонымен қоса жазушы-публицист Бектуров Жайық Кәгенұлы және №1 Халық қаһарманы, Тәуелсiз Қазақстанның бiрiншi қорғаныс министрi Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлы).

Облыстық реестрге «Рухани Қазына» бағдарламасы бойынша мүмкiндiгi шектеулi балалар мен жас мүгедектерге арналған «Преодоление» («Жеңу», «Қиындықтардан өту») жобасы iске қосылды. «Тәрбие және бiлiм» бағдарламасы бойынша — «Ақкөл мақтанышы» жобасы.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының әртүрлi бағыттары бойынша аудандық маңызы бар жобалар әзiрленген.

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ. Ауданда 20 кiтапхана, 9 клубтық мекеме жұмыс iстейдi. Ақкөл қаласының 130-жылдығына орай, өлкетану кешi мен кiтаптар көрмесi өткiзiлдi. Аудандық мәдениет үйiнде «Жас жұлдыз» балалардың вокалды конкурсы қолға алынды, сұрыптау кезеңiне 40 бала қатысты.

2017 жылы ауданның мәдениет мекемелерiнiң материалдық-техникалық базасын нығайтуға 10 млн. теңге, мәдени iс-шаралар өткiзуге 2,6 млн. теңге бөлiндi. Ауданды 85 клубтық құрылым тұрақты түрде жұмыс iстейдi.

2018 жылы Ақкөл қаласында 3D фильдердi көрсететiн кинотеатр жұмысын бастайды. Жабдықтар сатып алуына аудандық бюджеттен қаражат бөлiнген.

61 дене тәрбиесiн жүргiзетiн ұжым бар, шұғылданушылардың жалпы саны — 6,7 мың адам, бұл — аудан тұрғындарының жалпы санының 26,8%-ы. Барлық селолық округтерде аудандық бюджет есебiнен жастар мен спорт iстерi бойынша әдiскерлер жұмыс iстейдi.

2017 жылдың 11 айында 16 мыңнан астам адамның қатысуымен 185 спорттық-бұқаралық iс-шара өткiзiлдi, қатысушардың саны — 16 мың адам. Жыл сайын ауданымыздың спортшылары облыстық спартакиадаларға қатысып, жүлделi орындардан көрiнуде. «Хрустальный колос» қысқы облыстық спартакиадада ауданымыз жалпыкомандалық бiрiншi орынды иелендi.

2014 жылдың мамыр айынан бастап Ақкөл қаласында жүзу бассейнi жұмыс iстеп келедi, оған жыл сайын 22 мыңнан астам адам барады.

ТУРИЗМ. Бүгiнгi күнi ауданымыз iшкi туризм мен демалыс саласында қызметтер көрсетуге кең мүмкiндiктерге ие. Қонақ үй кешенiнде 8 нысан бар, оған қоса 6 мейрамхана мен 10 ЖҚС бар. Кеңес селолық округiнiң Красный Горняк селосында бiр уақытта 100 адамды қабылдай алатын, туристiк базасы ашылды. Ағымдағы жылдың соңына дейiн «Агитаев» ЖК-нiң қонақ үйi iске қосылады. Ақкөл ауданының аумағын дамыту бағдарламасы бойынша Еңбек ауылында Жарлыкөл көлiнiң жағажайын абаттандыру жобасы iске асырылды.

Ақкөл орман шаруашылығында инвестицияның жалпы көлемi 12,3 млрд. теңге болатын, 2 демалыс аумағын салу жоспарланған. Қазiргi уақытта қажеттi құжаттар ресiмделiп жатыр.

ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТIП. Елбасымыздың «Ұлт жоспары — бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөнiндегi 100 нақты қадам» бағдарламасында қойылған тапсырмаларын орындау мақсатында, iшкi iстер органдарымен қоғамдық тәртiптi, қылмыстық құқық бұзушылықтарды ескерту, ашу және алдын алу жұмыстарын жүзеге асыруда. 2017 жылдың 11 айы бойынша тiркелген құқық бұзушылықтардың саны 392 құрады. Тiркелген құқық бұзушылықтардың жалпы санының пайызы 90,9% құрайды.

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫ МЕН ЕСКЕРТУЛЕРIН IСКЕ АСЫРУ ТУРАЛЫ. 2017 жылдың қаңтар-ақпан айларында тұрғындармен өткiзiлген кездесулерде айтылған төрт ұсыныс пен ескертулердiң үш сұрағы толық шешiлдi. Новорыбинка ОМ жанында жол таңбалар орнатылды, Құрылыс селосының су құбыры мұнарасын жөндеу жұмыстарына қаражаттар бөлiндi, Малый Барап селосындағы су құбыры желiлерiнiң iргелi жөндеуiне ЖСҚ әзiрленген. Дене мәдениетi және спорт бөлiмiне автокөлiк құралын сатып алуына ақша қаражаттарын бөлу туралы сұрағы қадағалауға алынған және 2018 жылы бюджеттi түзету кезiнде қаралатын болады.

Құрметтi жерлестер!

2017 жылы жасалған iстердiң арқасында бiз болашаққа сенiммен қарай аламыз, бұл Елбасы қойған тапсырмаларды орындау үшiн жасалатын, жаңа жоспарлар мен жобаларды жүзеге асырудың берiк iргетасы болып табылады.

2018 жылы «Казанов» ЖК сусындарды бөтелкеге құю цехын iске қосу жоспарланған, оның қуаты тәулiгiне 5 мың литр. «Кенебай» ЖК қуаты айына 6 тонна болатын, сүт өнiмдерiн өндiру цехы, инвестиция көлемi 300 млн. теңге болатын «Терем.ОК» ЖШС өндiрiстiк-логистикалық кешенiн ашу, «Пигас» ЖШС элеваторының екiншi кезектi құрылысы жоспарланған.

Агроөнеркәсiптiк кешен экономиканың негiзгi стратегиялық секторларының бiрi болып қала бермек. Саланың даму келешегi ауданда кооперативтер, жемдеу алаңдары мен сүт қабылдау пунктерiн салуды ескере отырып, мал шаруашылық өнiмдерiн арттыруға бағытталған.

Келген жылда инфрақұрлымға үлкен көңiл бөлiнетiн болады. Ақкөл қаласындағы, ауданның ауылiшiлiк және ауыларалық автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеуден өткiзудi жалғастыру жоспарланып отыр.

Абаттандыру бойынша жұмыстар қалада және ауылдарда өмiр сүру жағдайларын жақсартуға бағытталатын болады: жаңа аулалық ойын алаңдары салынады, қала тұрғындары мен ауыл тұрғындары демалатын демалыс орындары ашылады.

Коммуналдық шаруашылық саласын әрi қарай дамиды, «Ақкөл Горкомхоз» кәсiпорнын арнайы техникамен қамту бойынша жұмыс жалғасын табады.

Халықты жұмыспен қамтуды және халықтың табыс көлемiн арттыруды қамтамасыз ету үшiн «2017-2021 жылдарға арналған нәтижелi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы» жүзеге асырылатын болады.

Денсаулық сақтау саласында әлеуметтiк маңызға ие аурулармен ауыратындар санын азайту, ана мен баланы қорғау бойынша жұмысты жалғастыру жоспарланған.

Жоғары интеллектуалдық және еңбек ресурстарының, үлкен экономикалық және рухани мүмкiндiктердiң арқасында, ауданымыз алға қойылған барлық тапсырмаларды орындайтынына кәмiл сенемiз!

Мақаланың шыққан күні: 12.01.2018 18:38
Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.01.2018 18:38
Қаралым саны: 920

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz