A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
«Қазақ ұлттық географиялық қоғамы» (QazaqGeography) республикалық қоғамдық бірлестігінің 2016 жылғы QazaqGeography қоғамының қызметі қорытындысына және 2017 жылдың жоспарларына арналған брифингі

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМА

02.06.2017 г.                                                                                              г. Астана

Орталық коммуникациялар қызметiнде «Қазақ ұлттық географиялық қоғамы» (QazaqGeography) республикалық қоғамдық бiрлестiгiнiң 2016 жылғы QazaqGeography қоғамының қызметi қорытындысына және 2017 жылдың жоспарларына арналған брифингi болып өттi.

Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамы» (QazaqGeography) республикалық қоғамдық бiрлестiгi 2013 жылдың қазанында QazaqGeography Қамқоршылық кеңесiнiң төрағасы Мәсiмов Кәрiм Қажымқанұлының қолдауымен құрылды. QazaqGeography-ның Қазақстан Республикасы бойынша 11 өкiлдiгi бар, қызметiн 5 тақырыптық бағыт («География, климат», «Қоршаған орта, табиғи ресурстар»; «Биоалуантүрлiлiк», «Туризм, саяхат, өлкетану», «Тарихи-мәдени мұра, этнография») аясында жүзеге асырады. Географиялық қоғам Қазақстанның Халықаралық географиялық одаққа кiруiне ықпал еттi және бiрқатар шетелдiк географиялық қоғамдар мен ұйымдардың серiктесi болып табылады. QazaqGeography жобаларды «ERG Көмек» КҚ, KAZ Minerals («Шығыстүстiмет» ЖШС), «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС демеушiлiк қолдауымен iске асырады. Бүгiнгi таңда QazaqGeography қоғамы Facebook, Instagram әлеуметтiк желiлерiнде және qazaqgeography.kz.сайтында берiлген. 2016 жылы географиялық қоғаммен 16 жобаны iске асыру бойынша жұмыстар жүргiзiлдi.

QazaqGeography қоғамының қатысуымен келесi экспедициялар ұйымдастырылды: «Ұлытау-Арал» ғылыми-зерттеу экспедициясы (2016 жылғы 15-26 маусым); торғай геоглифтерiне алдын ала барлау экспедициясы (2016 жылғы 10-15 қыркүйек); Антарктидаға «Тәуелсiздiк полюсi» ғылыми-зерттеу экспедициясы (2017 жылғы қаңтар, ұйымдастырушы — Қазақ географиялық қоғамы) және бердвочинг жүйесiн дамытуға арналған Солтүстiк Қазақстан облысының су қоймаларына ғылыми-танымдық экспедиция (2016 жылғы мамыр-желтоқсан).

Жаңа жол маршруттары әзiрлендi: «Nomad 4x4» демалыс күндiк маршрут бағдарламасы аясында автомобиль турларына арналған 11 маршрут (Nomad 4x4 ЖК бiрге); мүмкiндiктерi шектеулi адамдарды қосқанда, халықтың аз қозғалатын топтары үшiн Iле Алатауына бiрiншi қолжетiмдi туристiк соқпақты салу бойынша жұмыстар басталды («Авалон» тарихи-географиялық қоғамымен бiрге).

Маршруттық зерттемелер негiзiнде қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде Ұлытау өңiрi бойынша туристiк жол көрсеткiш («Авалон» тарихи-географиялық қоғамымен бiрге) пен Баянауыл алабының туристiк карта-сызбасы («Павлодар география үйi» ҚБ-мен бiрге) шығарылды; «Қазақстанның көне қалалары» интерактивтi картасы (География институтымен бiрге) мен «Ақтөбе облысының табиғи және мәдени мұрасы» кiтабы құрылды.

QazaqGeography қоғамының «Биоалуантүрлiлiк» тақырыптық бағыты бойынша қызметтi жүзеге асыру аясында ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасына (МАБ ЮНЕСКО) «Алтын Емел» мемлекеттiк ұлттық табиғи паркiн ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттарының ғаламдық желiсiне қосу бойынша номинациялық өтiнiм әзiрленiп, енгiзiлдi («Тетис» ҚБ-мен бiрге). Ресейдiң Дүние жүзiлiк Жабайы Табиғат қоры (WWF) мен «Қазақстан биоалуантүрлiлiктi сақтау ассоциациясы (ҚБСА)» РҚБ бiрге Қазақстанда Дүние жүзiлiк Жабайы Табиғат қорының жолбарысты жерсiндiру бағдарламасын ҚР Үкiметiмен бекiту бойынша жұмыстар жүргiзiлдi. «Қазақстан биоалуантүрлiлiктi сақтау ассоциациясы (ҚБСА)» РҚБ бiрге Қазақстанда Пржевальский жылқысын бұрынғы қалпына келтiру жөнiндегi бағдарламаны iске асырудың бiрiншi кезеңi жүзеге асырылды.

Өңiрлерде экотуризмдi дамыту мақсатында Ұлытау ауданы Сарлық ауылының жергiлiктi тұрғындарын туристердi қабылдау бизнес-машықтарына оқыту бойынша шебер-кластар мен семинарлар сериясы өткiзiлдi.

Студенттермен және жастармен байланысты дамыту үшiн, география ғылымын дамыту әрi жылжыту мақсатында Назарбаев Университетiнде Назарбаев Университетiнiң студенттерiн бiрiктiретiн «QazaqGeography» студенттiк клубы iске қосылды. ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi мен «ОҚО спорттық туризм және альпинизм федерациясы» ҚБ қатысуымен Оңтүстiк Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25-жылдығына арналған «Хан Қорық» жыл сайынғы жастар фестивалi өттi.

2017 жылы QazaqGeography 14 жобаны жүзеге асыруды жоспарлауда. 2016 жылы өткен «Арал-Ұлытау» экспедициясының нәтижесiнде ХАҚФ-мен бiрлесiп «Арал: жоғалған теңiздi iздеуде» кiтабiн басып шығарды. 2016 жылы өткен Торғай геоглифтерiне барлау экспедициясы барысында алынған нәтижелерiне сүйенiп буклет шығарылады. Осы жылдың QazaqGeography-ның алғашқы жобасы «Киелi Қазақстан» Орталық және Батыс Қазақстанның киелi жерлерiне ғылыми-танымдық экспедициясы, экспедиция 2017 жылдың 10-25 маусым аралығында өтедi. Қазақстанның табиғи, тарихи және мәдени мұрасын әйгiлеу мақсатында 2017 жылдың маусым-қазан айлары аралығында «Менiң Қазақстаным» атты фото-байқау өткiзiледi. Орыс географиялық қоғамы (ОГҚ) мен бiрлесiп «Ең әдемi ел » фото-көрмесi өткiзiледi. 2017 жылдың 25-30 шiлде аралығында Павлодар облысында «Хан Қорық» жастар фестивалi өтедi. 2017 жылдың қыркүйек айында Семей қ. Императорлық Орыс географиялық қоғамының Семей бөлiмiнiң 115 жылдығына орай «Қазақстанда география ғылымынын дамуы және қоршаған ортаны қорғау мәселелерi» ғылыми-практикалық конференциясы өтедi. «Жас геолог» КФ-мен бiрлесiп жас географтарды және геологтарды қолдау және жас туристер станциясын ашу мақсатында iс-шаралар өткiзiледi.Ертiс өзенiнiң мәселелерiне назар аудару мақсатында Ертiс күнi атты мерекесi аясында Павлодар облысы әкiмшiлiгi және «Павлодар география үйi» ҚБ-мен бiрлiкте көпшiлiк алдында iс-шаралар өткiзiледi. Аумақтын туристтiк потенциалын бағалау мақсатында 2017 жылдын маусым-тамыз аралығында Ақмола облысындағы Зерендi ауданында экспедиция өткiзiледi. Аумақтын киелi жерлерiне бару мақсатында 2017 жылдың 15-20 тамыз аралығында Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмшiлiгi және Оңтүстiк Қазақстан спорттық туризм және альпинизм Федерациясы мен бiрлiкте Сайрам-су өнiрiнде Халықаралық мәдени-этникалық фестиваль өткiзiледi. Қарағанды қ. 2017 жылдың қыркүйек айында « Тарихи-географиялық қоғамы «Авалон» ҚБ-мен бiрлiкте саяхат фестивалi өткiзiледi.Арал өнiрiнiң жақсы имиджын қалыптастыру мақсатында БҰҰДБ және АҚХФ-мен бiрлiкте «Арал- шексiз қонақжайлық» жобасы жүзеге асырылады.

QazaqGeography географиялық қоғамына кiру үшiн qazaqgeography.kz сайтына тiркелу қажет. Мүшелiк қоғамның iс-шараларына қатысуға құқық бередi.

«QazaqGeography Қазақ ұлттық географиялық қоғамы» РҚБ

Мекенжайы: Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 53, 11 блок, 11.103 кеңсе

Тел: +7(7172) 70 66 07

Email: kazgeography@nu.edu.kz | Facebook: Казахстанское национальное географическое общество | Instagram: QazaqGeography | Website: qazaqgeography.kz

Мақаланың шыққан күні: 20.12.2017 10:28
Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.12.2017 10:28
Қаралым саны: 2012

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz