A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
«БЖЗҚ» АҚ 2017 жылы және 2018 жылдың 1 тоқсанында атқарған қызметінің қорытындысы

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2018 жылғы «23» сәуiр

«БЖЗҚ» АҚ 2017 жылы және 2018 жылдың 1 тоқсанында атқарған қызметiнiң
қорытындысы

Алматы, Қазақстан — Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы және меншiктi активтерi бойынша 2017 жылғы қаржы есептiлiгiне сыртқы аудит жүргiзiлдi. 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай «БЖЗҚ» АҚ меншiктi капиталы 91,3 млрд теңгенi құрап, есептi жылда 18,1 млрд теңгеге өстi. Өсiм есептi кезеңде үлестiрiлмеген пайданың артуына байланысты қалыптасты. Есептi жыл iшiнде салық салудан кейiн қалған таза пайда — 18,2 млрд теңгенi құрады.

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,78 трлн теңгенi құрады. Сөйтiп 2017 жылдың басынан берi 1,1 трлн теңгеге артты. Яғни, бiр жыл iшiндегi өсiм 16 пайызды құрады. Зейнетақы жинақтары сомасының Қазақстан Республикасының 2017 жылғы Жалпы iшкi өнiмiне қатынасы 15,1 пайызды құрады (2016 жылы нақтыланған дерек бойынша — 14,2%).

2017 жылы түсiмдердiң жалпы сомасы (қайтарылған жарналарды есепке алмағанда) 757,7 млрд теңге болды. Зейнетақы жарналарының жалпы түсiмi 2016 жылдың қорытындысымен салыстырғанда 8 пайызға артты. 2016 жылы бұл көрсеткiш (қайтарылған жарналарды есепке алмағанда) 700,7 млрд теңгенi құраған болатын. 2017 жылы мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша 1 жеке зейнетақы шотына орта есеппен 120 мың теңгеге жуық қаржы келiп түстi.

2017 жылы БЖЗҚ салымшылары мен алушыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 550,6 млрд теңге болды. Қордың зейнетақы активтерiнiң табыстылығы 7,92 пайызды құрады. Бұл кезеңде инфляция деңгейi 7,1 пайыз болғанын еске саламыз.

2017 жылдың қаңтар — желтоқсан айлары аралығында БЖЗҚ-дан төленген зейнетақы төлемдерiнiң сомасы 211,12 млрд теңге, оның iшiнде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 26,06 млрд теңге болды. Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңiнде Қордан 169,69 млрд теңге төленсе, оның iшiнде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 22,69 млрд теңгенi құрады. 2017 жылы орта есеппен 1 адамға берiлген зейнетақы төлемдерiнiң сомасы шамамен 576,5 мың теңгеге жеттi.

Сонымен қатар есептi кезеңде зейнетақы қызметтерiнiң қолжетiмдiлiгiн арттыру мақсатында электрондық қызметтердi дамытуға ерекше мән берiлдi.

2017 жылы ақпарат алудың электрондық тәсiлi таңдалған жеке зейнетақы шоттарының саны 2016 жылмен салыстырғанда 1,9 млн бiрлiкке немесе 66 пайызға артты. Хабарлау тәсiлi ретiнде интернет байланысы таңдалған зейнетақы шоттарының үлесi 30 пайыздан 49 пайызға өстi. Сөйтiп, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай шамамен 4,7 млн бiрлiктi құрады. Нақты айтар болсақ, шамамен 0,8 млн адам үзiндi-көшiрменi электрондық мекенжайға алатын болса, 3,9 млн адам ақпаратты Қор сайты немесе әр түрлi операциялық жүйелерде жұмыс iстейтiн смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы алу мүмкiндiгiне ие болды. 2017 жылы олардың қатарына хабарлау тәсiлiн өзгерту туралы қосымша келiсiм жасау арқылы 1,3 млн салымшы (алушы) келiп қосылды.

Қор 2017 жылдың 1 шiлдесiнен бастап салымшылар мен алушыларға Қор кеңселерiне келмей-ақ негiзгi қызметтердi пайдалануға мүмкiндiк беретiн электрондық сервистердi енгiздi. Олардың iшiнде мiндеттi зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу, сондай-ақ, зейнеткерлiк жасқа толған кезде немесе 1,-шi және 2-шi топтардағы мүгедектiк мерзiмсiз болып белгiленген жағдайда зейнетақы төлемдерiн тағайындау жөнiнде өтiнiш беру мүмкiндiктерiн атауға болады.

Электрондық байланыс арналары арқылы көрсетiлетiн қызметтердiң үлес салмағы 2017 жылы 45 пайыздан 52 пайызға дейiн өстi. Жоспар бойынша бұл 47 пайыз болатын.

Салымшылар мен алушылар Қордың зейнетақы қызметтерiне өз бетiмен қол жеткiзе алулары үшiн өзiне-өзi қызмет көрсету терминалымен жұмыс iстеу бойынша арнайы сервис әзiрлендi. 2017 жылдың 4-шi тоқсанында Қордың барлық 18 филиалында өзiне-өзi қызмет көрсету терминалдары орнатылды. Осы заманауи технология арқылы салымшылар мен алушылар ендi зейнетақы шотын ашудан бастап, зейнетақы төлемдерiн тағайындауға дейiнгi барлық дерлiк электрондық қызметтердi пайдалана алады.

Зейнетақы Қоры халықтың әлеуметтiк тұрғыдан осал топтарына, олардың iшiнде әсiресе мүмкiндiгi шектеулi жандарға ерекше көңiл бөледi. Осылайша, 2017 жылы «Мобильдiк кеңсе» жобасы аясында 2016 жылға қарағанда 6,5 есе көп операция жүзеге асырылды. 2017 жылы Қор қызметтерiн тұтынушылардың тұрғылықты жерi бойынша 7,1 мың көшпелi шара өткiзiлiп, 189,5 мың операция жасалды. Салыстырып қарайтын болсақ, 2016 жылы 1,1 мың көшпелi шара өткiзiлiп, 29 мың операция жүзеге асырылды. Оның iшiнде жоба бойынша 13,5 мың салымшы мен мүмкiндiгi шектеулi жандарға қызмет көрсетiлiп, 38,7 мың операция орындалды. 2016 жылы осы санаттағы 15,7 мың адамға қызмет көрсетiлiп, барлығы 47 мың операция жүзеге асырылған болатын.

БЖЗҚ филиалдық желiсiнiң қызметкерлерi 2017 жылы кәсiпорындар мен ұйымдарда 18,1 мың көшпелi таныстырылымдық шара өткiздi. Бұл кездесулерге 557 мыңнан астам адам қатысты. Тұрғындарды жинақтаушы зейнетақы жүйесiне тарту үшiн ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын күшейту және облыстық филиалдардың жұмысымен жете танысу үшiн Қор басшылығы Қазақстанның барлық облыстарына iс-сапармен шықты. Iс-сапар барысында Астана мен Алматы қалаларының және барлық облыс әкiмдiктерiмен ынтымақтастық және әлеуметтiк мiндеттердi жүзеге асыру мәселелерi бойынша өзара әрекеттесу туралы Меморандумдарға қол қойылды.

Қор жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету және тұрғындармен арадағы байланысты нығайту мақсатында БЖЗҚ жанында Қоғамдық кеңес құрылған болатын. Ол Қор және салымшылар мен алушылар арасындағы тұрақты да тиiмдi ақпараттық-коммуникациялық арна iспеттес болды. 2017 жылы 6 отырыс және ҚР Ұлттық Банкi мен қаржы нарығының сарапшыларын тарта отырып, зейнетақы жүйесi туралы дөңгелек үстел өткiзiлдi.

Есептi кезеңде Қорға керi байланыс арналары бойынша азаматтардан 405 780 өтiнiш келiп түстi. Бұл 2016 жылға қарағанда (169 159) 2,4 есе көп. Өтiнiштердiң 65 пайызы байланыс орталығы, 27 пайызы Қор сайтындағы онлайн кеңесшi, 8 пайызы басқа арналар арқылы келiп түскен. Олардың iшiнде Қор кеңсесi, керi байланыс сервисi, Қор сайтындағы Басқарма төрайымының блогы, Пiкiрлер мен ұсыныстар кiтабы және Қордың әлеуметтiк желiдегi парақшалары бар.

2018 жылдың бiрiншi тоқсанында зейнетақы активтерi 193 млрд теңгеге артып, 2018 жылдың 1 сәуiрiне қарай 7,97 трлн теңгенi құрады. Барлық зейнетақы жинақтарының негiзгi бөлiгi (98%) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасты. Биылғы жылдың алғашқы үш айында 92,2 мың жеке зейнетақы шоты ашылды. Жеке зейнетақы шотына келiп түсетiн бiр зейнетақы жарнасының орташа мөлшерi 15 700 теңгенi құрады.

2018 жылдың алғашқы үш айы iшiнде таза инвестициялық табыс 66 млрд теңгенi құрады. Қордың зейнетақы активтерiнiң табыстылығы 2017 жылдың наурызы мен 2018 жылдың наурызы аралығында 8,00 пайызды құрады. Ал бұл кезеңде инфляция деңгейi 6,6 пайызға жеттi. Яғни, табыстылық инфляция деңгейiнен жоғары болды.

2018 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында БЖЗҚ-дан төленген төлемдер сомасы 72,4 млрд теңгенi, оның iшiнде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 3,9 млрд теңгенi құрады. Салыстырып қарайтын болсақ, 2017 жылдың сәйкес кезеңiнде БЖЗҚ-дан төленген төлемдер сомасы 77,35 млрд теңгенi, ал сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 6,04 млрд теңгенi құраған болатын.

2018 жылдың 1 сәуiрiне қарай Қор сайтында электрондық сервистер iске қосылғалы берi оларды 20 мыңға жуық (нақты: 19 194) адам пайдаланып үлгердi. Олардың iшiнде 2298 салымшы онлайн тәртiбiнде жеке зейнетақы шотын ашса, 987 алушы зейнетақы төлемдерiн тағайындау жөнiнде өтiнiш берген. Сондай-ақ 11 754 адам жеке деректемелерiне өзгерiстер енгiзсе, шамамен 4155 салымшы зейнетақы шоты бойынша ақпарат алу тәсiлiн интернет байланысы арқылы алуға ауыстырған.

Одан басқа 2018 жылдың алғашқы үш айы iшiнде зейнетақымен қамсыздандыру мәселесi бойынша кәсiпорындар мен ұйымдарда 4,8 мың таныстырылымдық шаралар өткiзiлiп, оларға 152 мыңнан астам адам қатысты.

БЖЗҚ тұрақты түрде Ашық есiк күнi шарасын өткiзiп тұрады. 2018 жылдың 27 наурызында кезектi шара өткiзiлiп, оған шамамен 4806 адам қатысты.

2018 жылдың алғашқы тоқсанында электрондық хабарлау тәсiлiн пайдаланушылардың саны 294,7 мың адамға артты. 2018 жылдың 1 сәуiрiне қарай 5 миллионнан астам адам зейнетақы шотының жай-күйi туралы ақпарат алудың электрондық тәсiлiн таңдады. Оның iшiнде 823 мыңнан астам адам үзiндi-көшiрменi электрондық мекенжайға алатын болса, 4,2 миллионнан астам адам бұл үшiн Қор сайтын немесе ұялы қосымшасын пайдаланады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшiн байланыстар: press@enpf.kz

Мақаланың шыққан күні: 14.05.2018 11:15
Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.05.2018 11:15
Қаралым саны: 390

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz