A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2019 жылдың 1 сәуiрiндегi жағдай бойынша
БЖЗҚ зейнетақы активтерiнiң инвестициялық портфелi

2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында зейнетақы активтерi бойынша есептелген инвестициялық табыстың жалпы сомасы 112 млрд теңгеден асты

Алматы, Қазақстан — БЖЗҚ ресми сайтында зейнетақы активтерiн басқару бойынша инвестициялық портфель туралы толық ақпарат жарияланған. Ол мына сiлтеме бойынша қолжетiмдi:

https://www.enpf.kz/upload/medialibrary/861/86186778f6e13baebb116b60f46b77e6.pdf

Инвестициялық қызмет туралы толық есеп салымшылардың зейнетақы жинақтары қандай нарықтық баға бойынша қандай бағалы қағаздарға және қанша мөлшерде инвестицияланғаны жайындағы мағлұматтардан тұрады.

2019 жылдың 1 сәуiрiндегi жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң сенiмгерлiк басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерi 9 641, 27 млрд теңгенi құрады.

Салымшылар мен алушылардың зейнетақы активтерiнiң табыстылығы 2018 жылдың наурызы мен 2019 жылдың ақпаны аралығында (өткен 12 ай iшiнде) 11,5 пайызға жеттi. Дәл осы кезеңде инфляция деңгейi 4,8 пайызды көрсеттi. Осылайша зейнетақы активтерiнiң нақты табыстылығы 6,7 пайыз болды.

2019 жылдың басынан берi есептелген инвестициялық табыстың жалпы сомасы 112 млрд теңгеден асты.

2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында зейнетақы активтерi бойынша алынған инвестициялық табыстың құрылымы мынадай:

-бағалы қағаздар, орналастырылған салымдар және «керi РЕПО» операциялары бойынша сыйақы түрiндегi табыстар 152,22 млрд теңге;

-бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан орын алған шығындар (16,2) млрд теңге;

-шетелдiк валютаны қайта бағалаудан орын алған шығындар (28,94) млрд теңге;

-сыртқы басқарудан түскен табыстар 3,16 млрд теңге;

-басқа да шығындар 2,37 млрд теңгенi құрады.

2019 жылдың 1 сәуiрiндегi жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерiнiң инвестициялық портфелiндегi борыштық қаржы құралдарының өтелуi бойынша орташа табыстылық жылына 7,0 пайызды құрады. Оның iшiнде теңгеге номинирленгендерi бойынша орташа табыстылық — жылдық 8,4%, ал шетелдiк валютада — жылдық 3,9% болды.

Қордың зейнетақы активтерi портфелiнiң негiзгi бөлiгi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құнды қағаздарына (40,66 пайыз) тиесiлi. Бұл табысы ең тұрақты қаржы құралдарының бiрi. Есептi күнге қарай теңгеге номинирленген ҚР мемлекеттiк бағалы қағаздарының өтелуi бойынша орташа табыстылық жылдық 7,2 пайызды, ал АҚШ долларында — жылдық 4,4 пайызды құрады.

2019 жылдың 1 сәуiрiндегi жағдай бойынша ҚР квазимемлекеттiк ұйымдары облигацияларының портфельдегi үлесi 13,52 пайыз болды. Осы есептiк күнге қарай аталмыш ұйымдардың облигацияларының өтелуi бойынша орташа табыстылық теңгеге номинирленген облигациялар бойынша жылына 10,3 пайызды, ал АҚШ доллары бойынша жылына 5,0 пайызды құрады.

Есептi кезеңде шетелдiк мемлекеттердiң мемлекеттiк бағалы қағаздарының ағымдағы құны 1 506,00 млрд теңгеге жетiп, олардың портфельдегi үлесi 15,62 пайызды көрсеттi. Сонымен қатар қарастырылып отырған кезеңде жалпы сомасы 158,97 млрд теңгеге шет елдердiң мемлекеттiк бағалы қағаздары өтелдi. Есептi күнге қарай БЖЗҚ зейнетақы активтерiнiң портфелiндегi шет елдердiң мемлекеттiк бағалы қағаздарының өтелуiне қатысты орташа табыстылық жылына 3,6 пайызды құрады.

Қордың зейнетақы активтерi есебiнен сатып алынған қаржы құралдарының инвестициялық портфелi былайша келтiрiлген:

ұлттық валютада жасалған инвестиция көлемi — 67,61 пайыз, АҚШ долларында — 31,97 пайыз, басқа валюталарда — 0,42 пайыз болды.

Қордың сенiмгерлiк басқарудағы зейнетақы активтерi портфелiнiң құрылымдық үлестiрiлiмi БЖЗҚ Инвестициялық декларациясына толығымен сәйкес келедi.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшiн байланыстар: press@enpf.kz

Мақаланың шыққан күні: 24.05.2019 10:19
Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.05.2019 10:19
Қаралым саны: 239

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz