A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Ақмола облысында шаруашылықтар 184,0 млн. тенге инвестициялық субсидиялар алды

Ақмола облысында агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiнiң инвестициялық субсидиялауға 25 өтiнiм мақұлданған. Мақұлданған өтiнiмдер бойынша жобалардың жалпы құны 2 811,8 теңгеге жуық соманы құрайды. Бүгiнгi таңда инвесторларға 184,0 млн. теңге төлендi, жобалар бойынша тағы 142,9 млн. теңге субсидия төленетiн болады.

Субсидиялануы мақұлданған 25 жобаның 11 жоба iрi қара малдың тауарлы фермаларын техникалық жарақтау (кемiнде 100 бас аналық бас саны, инвестордың шығынын өтеу үлесi-50%), 2 жоба (50 сиырдан тұратын және 100 сиырдан тұратын) сүттi-тауарлы фермаларды кеңейту (инвестордың шығынын өтеу үлесi-50%), 2 жоба (қуаттылығы 500 аналық мал басынан кем емес) еттi бағыттағы асыл тұқымды iрi қара малды өсiру бойынша шаруашылық-репродукторлар кеңейту (инвестордың шығынын өтеу үлесi-50%), 1 жоба жемшөп өндiрiсi бойынша кәсiпорындар/шаруашылықтар құру (инвестордың шығынын өтеу үлесi-20%), 1 жоба суландыру жүйелерiн енгiзуге (инвестордың шығынын өтеу үлесi-30%) және 2 000 тоннадан бастап жемiс-көкөнiс сақтау қоймаларын кеңейту бойынша (инвестордың шығынын өтеу үлесi-30%), сонымен бiрге 6 жоба астық өнiмдерiн сақтау бойынша кәсiпорындар кеңейту (инвестордың шығынын өтеу үлесi-20%) және де 1 жоба кондитерлiк өнiмдер өндiретiн кәсiпорындарды кеңейту (инвестордың шығынын өтеу үлесi-30%) бағытына жатады.

Барлық жобалар 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап iске қосылған: бағдарлама шартына сәйкес инвестициялық субсидиялауға биыл пайдалануға берiлген жобалар қатыса алады.

Өтiнiмдердiң көпшiлiгiн Целиноград және Сандықтау аудандарының ауылшаруашылық тауар өндiрушiлер тапсырды.

Инвестициялық субсидиялау елiмiзде биыл алғаш рет «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

Инвестициялық субсидиялау бағдарламасының операторы болып табылатын «Қазагромаркетинг» АҚ инвесторлардан бағдарламаға қатысу үшiн өтiнiмдер қабылдайды.

Бағдарламаға сәйкес Қазақстан Республикасында инвестициялық салынымдарды жүзеге асыратын агроөнеркәсiп кешен субъектiсi болып табылатын жеке және заңды тұлғаларға инвестициялық субсидиялар төленедi. Инвестициялық субсидиялар инвесторлардың Қазақстан Республикасы агроөнеркәсiптiк кешенiндегi жаңа өндiрiстiк қуаттар құруға немесе жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейтуге, оның iшiнде техника мен жабдықтар сатып алуға бағытталған шығындарының бiр бөлiгiн өтейдi.

Инвестициялық субсидиялар инвестициялық жобаны iске асыруға кеткен шығындардың 20-дан 80%-ға дейiнгi үлесiн өтеуге бағытталған.

Инвестициялық субсидиялау ҚР Үкiметiнiң 2014 жылдың 29 сәуiрiндегi №421 қаулысымен бекiтiлген Агроөнеркәсiптiк кешен субъектiсi инвестициялық салынымдар кезiнде жұмсаған шығыстарының бiр бөлiгiнiң орнын толтыру бойынша субсидиялау қағидалары негiзiнде жүзеге асырылады.

«Қазагромаркетинг» АҚ-ның (Астана, Алматы ққ., облыс орталықтары мен 160 ауданда орналасқан) аймақтық желiсi мен сall-орталығының негiзiнде (8 800 080 70 80 нөмiрi бойынша) ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерi үшiн инвестициялық субсидиялауға қатысты түсiндiру жұмыстары ұйымдастырылған (Қазақстан бойынша стационарлық және ұялы телефондардан қоңырау шалу тегiн).

Ақмола облыстың аумағында өтiнiмдер Көкшетау қ., Куйбышев к., 50/51 мекенжайында қабылданады. Байланыс телефоны 8 (716 2) 310-425, e-mail: c_kam@kam.kz.

Мақаланың шыққан күні: 16.12.2017 23:43
Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.12.2017 23:43
Қаралым саны: 1288

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz