A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Зейнетақы активтерiнiң инвестициялық кiрiстiлiгi инфляциядан 14 пайызға артық

Зейнетақы активтерiнiң жинақталған кiрiстiлiгi 2014 жылдан бастап 2020 жылғы 1 шiлдеге дейiнгi кезеңде жинақталған инфляция 64% болған кезде 78%-ды құрады. Осылайша, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi сенiмгерлiкпен басқарушы ретiнде қамтамасыз еткен нақты кiрiстiлiк 14% болды. Осы кезеңдегi инвестициялық табыс зейнетақы жинақтарының жалпы көлемiнiң 30%-дан астамын немесе 3,8 трлн теңгенi құрады.

Қазiргi уақытта БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының сомасы 12 триллион теңгеге жуықтады. Оған зейнетақы жарналары мен инвестициялық табыс кiретiнi бәрiмiзге белгiлi.

Жеке зейнетақы шоттарына түсетiн және есебiн БЖЗҚ жүргiзетiн зейнетақы жарналарын зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқарушы — Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (ҚРҰБ) түрлi қаржы құралдарына инвестициялайды.

Тәуекелдердi азайту мақсатында қаржы құралдары инвестициялаудың түрлерi, бағыттары, оның iшiнде валюталар бойынша әртараптандырылады. Қазiргi уақытта инвестициялардың 2/3 теңгемен және 1/3 шетел валютасымен, соңғысының басым бөлiгi — АҚШ долларымен номиналданады.

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы активтерiн инвестициялау нәтижелерiне сәйкес күн сайын қайта есептеледi және қайта бағаланады.

Инвестициялық кiрiс құрамына бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау, валюталық қайта бағалау түрiндегi табыстар, сыртқы басқарудағы активтер бойынша алынған табыстар және т. б. кiредi.

Ағымдағы жылдың бiрiншi жартыжылдығында 2020 жылдың 1 қаңтарынан 1 шiлдесiне дейiн салымшылардың шоттарына 543,3 млрд теңге мөлшерiнде таза инвестициялық кiрiс есепке алынды. Есептелген кiрiстiң 69%-ын қаржы құралдары бойынша сыйақы түрiндегi кiрiс құрады, табыстың 29%-ы құралдарды валюталық қайта бағалаудан түстi, қалған кiрiс нарықтық қайта бағалау, сыртқы басқарудағы өзге активтер мен активтердi қайта бағалау нәтижесiнде алынды.

2020 жылғы наурыздан бастап зейнетақы активтерiнiң инвестициялық табыстылығына АҚШ долларына қатысты теңге бағамының өзгеруi үлкен әсер еттi. Наурыз айында таза инвестициялық кiрiс 521,8 млрд теңгенi құрады. Содан кейiн, сәуiрден бастап Ұлттық валюта бағамының нығаюы байқалды, бұл алдыңғы өсiммен салыстырғанда терiс қайта бағалауға себеп болды. Алайда, маусым айында зейнетақы активтерi бойынша таза инвестициялық кiрiстiң 44,05 млрд теңгеге өсуi байқалды.

Сонымен бiрге, зейнетақы жинақтары — бұл ұзақ мерзiмдi инвестициялар және инвестициялық табыстың мөлшерiн кемiнде 1 (бiр) жыл iшiнде талдау орынды екенiне назар аударамыз. Қысқа мерзiмдi деректер (күнделiктi, ай сайынғы және т.б.) — көрсеткiш бола алмайды, себебi олар күнделiктi нарықтық конъюнктураға тәуелдi.

Инвестициялық басқару мен зейнетақы активтерiн есепке алудың бүкiл жүйесi ашық: әрбiр салымшы өзiнiң инвестициялық табысын enpf.kz сайтындағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинеттен көру мүмкiндiгiне ие, сонымен қатар, БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару және БЖЗҚ зейнетақы активтерi орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпаратты да ала алады. Мұндай ақпарат БЖЗҚ-ның ресми сайтындағы (www.enpf.kz) «Көрсеткiштер/Инвестициялық қызмет» бөлiмiнде жарияланып отырады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Мақаланың шыққан күні: 17.08.2020 13:06
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.08.2020 13:06
Қаралым саны: 229

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz