A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Стоматологиядағы инновациялар

Орталық коммуникациялар қызметiнде FDI Дүниежүзiлiк стоматологтар Федерациясының президентi Patrick HESCOT, медицина ғылымдарының докторы, IDA Дүниежүзiлiк стоматология академиясының академигi, Қазақстандық стоматологтардың бiрыңғай қауымдастығының президентi (EKAS) Сәуле ЕСЕМБАЕВАНЫҢ, Қазақстандық стоматологиялық қауымдастығының президентi (KCA) Азамат БАЙҒҰЛАҚОВТЫҢ қатысуымен «Стоматологиядағы инновациялар» Стоматологтардың Халықаралық Конгресiне арналған баспасөз конференция өттi.

Конгресс Қазақстан Республикасының стоматологиялық қызметiн жаңа жағдайларда дамыту стратегиясының мәселелерiне арналған.

Денсаулық сақтау министрлiгiнiң заманауи дамыту стратегиясына сәйкес, болашақта Министрлiктiң кейбiр өкiлеттiктерiн кәсiби қауымдастықтарға табыстау болжанады. Бұл үшiн Денсаулық сақтау министрлiгiнде аккредиттеу рәсiмiнен өту мiндеттi шарт болып табылады.

Қазiргi уақытта Қазақстанда екi стоматологиялық қауымдастық белсендi жұмыс iстейдi: Қазақстан стоматологиялық қауымдастығы (бұдан әрi — ҚСҚ; Президентi — Байғұлаков Азамат Тұрашұлы; 87013314669; e-mail: baigulakov@gmail.com) және Бiрыңғай Қазақстан стоматологтар қауымдастығы (бұдан әрi БҚСҚ, Президентi  — Есембаева Сәуле Серiкқызы; 87018765580; e-mail: saule-stom@mail.ru).

Екi қауымдастық та көрмелер, семинарлар, мастер-кластар, ғылыми Форумдар, Конгрестер және т.б. ұйымдастыру жолымен ауылды жерлерде, қалаларда, мектептерде жұмыс iстейтiн стоматолог-дәрiгерлердiң бiлiктiлiк деңгейiн арттыру мәселелерi бойынша жұмыс iстейдi.

Стоматологиялық қызметтiң жұмысын регламенттейтiн жаңа бұйрықтардың, стандарттардың және басқа нормативтiк-құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу де қауымдастықтардың басым мiндеттерiнiң қатарында. Қауымдастықтың негiзгi мiндеттерiнiң бiрi практикалық дәрiгерлерге қазiргi нормативтердi түсiндiру болып табылады.

ҚСҚ және БҚСҚ 2016 жылдың қыркүйек айында Ұлттық Стоматология комитетiне бiрiктi, ол Дүниежүзiлiк стоматологтар федерациясында ресми түрде бекiтiлдi. Стоматология комитетi Ұлттық Денсаулық сақтау палатасының құрамында да құрылды. Бұл Дүниежүзiлiк стоматологтар федерациясының Президентi Patrick Hescot мырзаның Астана қаласына келу және Конгресс жұмысына қатысу үшiн басты аргументтердiң бiрi болды, ол екi қауымдастықтың басшыларын Комитеттiң құрылуымен құттықтауды жоспарлауда. Конгресс шеңберiнде Дүниежүзiлiк стоматологтар федерациясының Бiрiншi басшысының халыққа стоматологиялық көмек көрсетудiң әлемдiк стандарттарына арналған баяндамасы болады.

Сапар шеңберiнде FDI Президентiнiң Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң, Республикалық Денсаулық сақтауды дамыту орталығының, Ұлттық Денсаулық сақтау палатасының басшы құрамымен кездесу жоспарланып отыр.

FDI Президентi Астананың 6 стоматологиялық клиникасына баруды жоспарлап отыр. Мәдени бағдарлама және 2017 жылғы ЭКСПО-ға бару көзделген.

Конгресс шеңберiнде делегаттарға 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасындағы стоматологиялық көмек туралы баяндама ұсынылатын болады.

Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасында 2611 стоматологиялық ұйым жұмыс iстейдi, оның 60% қалада, 40% — ауылда орналасқан. Стоматологиялық кабинеттердiң жылдық өсiмi 725 бiрлiктi құрады (мемлекеттiк және мемлекеттiк емес).

2611 ұйымның 920-сының мемлекеттiк меншiк нысаны бар, бұл 35,2% құрайды. Республикада 15 мемлекеттiк стоматологиялық емхана жұмыс iстейдi (соның iшiнде, аралас типтi). 2016-2017 жылдары оның екеуi жекешелендiруге қойылған (Тараз және Алматы қалалары). Тараз қаласында балалар стоматологиялық емханасы жекешелендiрiлген.

Мемлекеттiк стоматологиялық кабинеттердi көбейту ауыл халқына көрсетiлетiн стоматологиялық көмектiң қолжетiмдiлiк деңгейiн едәуiр арттырады. Ресми статистикаға сәйкес, ауылды жерде, 2014 жылдан 2016 жылға дейiн ЕПМ құрамындағы мемлекеттiк кабинеттердiң саны 191-ден 332-ге дейiн (1,7 есе), қалада — 115-тен 214-ке дейiн (1,9 есе) өстi.

2015 жылы мемлекеттiк стоматологиялық кабинеттердiң саны 598 құрады, соның iшiнде ЕПМ — 454; бiлiм беру ұйымдарында — 144 құрады.

2016 жылы Қазақстан Республикасында бiлiм беру ұйымдарында 322 мемлекеттiк стоматологиялық кабинеттер (800 және одан артық оқушысы бар мектептерде) және профилактика кабинеттерi (800 адамнан кем оқушылары бар мектептерде); ЕПМ құрамында 546 кабинет жұмыс iстедi.

Стоматологиялық кабинеттерi бар мектептердiң меншiктi үлесi 8 есеге көбейдi: 2011 жылы — 4,8%-дан, 2016 жылы — 38,9%-ға дейiн.

ҚР-да медициналық ұйымдарда жүктi әйелдерге қызмет көрсету 2015 жылдың көрсеткiштерiне қатысты 2016 жылы 21%-ға өстi. Балалар мен жасөспiрiмдер де толық көлемде тегiн жоспарлы стоматологиялық көмек алады.

Ересектер арасында тiсжегiнiң таралуы қалада 80,4%, ауылда — 82,5% құрайды. Балалар арасында, тиiсiнше, 74,2%  — қалада, 73%  — ауылда.

Ауылды жерде тұратын, 7-8 жасқа толған балалар үшiн, қауымдастық, ҚР ДСМ басшылығымен, iрi сауда компанияларының бiрiнiң қолдауымен, "Бүкiл өмiрiңе тамаша күлкi" Ұлттық жобасын белсендi түрде iске асыруда, ол жылжымалы стоматологиялық кешендердi тарту арқылы, тегiн стоматологиялық тексерудi және мектептерде балалардың сауықтырылуын болжайды. Жоба 2014 жылғы қараша айында басталды және осы уақытқа дейiн жалғасуда. Орташа алғанда, бiр жыл iшiнде, тегiн стоматологиялық тексерудi, санацияны, гигиена сабақтарын өткiзудi, ата-аналармен әңгiмелесу өткiзудi қамтитын бұл жоба арқылы 40 мыңға дейiн бала өтедi.

Қазiргi уақытта, Ұлттық Денсаулық сақтау палатасының Стоматология комитетi тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде стоматологиялық қызмет көрсетуге арналған тариф құнын өсiру жағына жiктеуiштi қайта қарау жөнiнде ұсыныстар бердi.

Денсаулық сақтау министрлiгiнiң қарауында Бiрыңғай Қазақстан стоматологтар қауымдастығы әзiрлеген Стоматологиялық аурулардың алдын алу бағдарламасының жобасы, ҚР ДСМ және ҚР БҒМ-нiң балалар мен жасөспiрiмдердiң стоматологиялық денсаулығын жақсарту туралы бiрлескен бұйрығының жобасы тұр.

ҚР ДСМ 2012 жылғы 08 шiлдедегi №397 «Стоматологиялық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарының қызметi жөнiндегi ереженi бекiту туралы» Бұйрығын, сондай-ақ ӘМ 17.01.2017 ж. бекiткен, ҚР ДС ӘДМ «Қазақстан Республикасында стоматологиялық көмек көрсету стандартын бекiту туралы» Бұйрығын әзiрлеудiң және ендiрудiң арқасында стоматологиялық көмектiң сапасын арттыру мүмкiн болды.

2015-2016 жылдары қолданыстағы халықаралық стандарттарға негiзделген стоматологиялық ауруларды диагностикалаудың және емдеудiң 45 клиникалық хаттамасы әзiрлендi және практикалық денсаулық сақтауға ендiрiлдi.

Жеке қызметке арналған лицензияларды, стоматологтардың сараптамасынсыз, облыстық денсаулық сақтау басқармалары бередi. Лицензиядан кейiнгi бақылау жүргiзiлмейдi. ҚР ДСМ-нiң бiрқатар өкiлеттiктерiн аккредиттелген қауымдастықтарға табыстау мүмкiндiгiне байланысты, Бiрыңғай Қазақстан стоматологтар қауымдастығы және Қазақстан стоматологиялық қауымдастығы аккредитацияға дайындалу бойынша жұмысты бастады.

Ұлттық Денсаулық сақтау палатасының Стоматология комитетi денсаулық сақтау жүйесiн жаңғырту бойынша 100 қадам шеңберiнде мынадай ұсыныстар енгiздi: қазақстандық медициналық жоғары оқу орындарының стоматология факультеттерiне абитуриенттер жинауды 3 есеге арттыру; медицина колледждерiндегi дантистердi оқытып шығару факультеттерiн жабу; жеделдетiлген бағдарлама бойынша тiс дәрiгерлерi мен дантистердiң "Стоматология" мамандығы бойынша жоғары медициналық бiлiм алу мүмкiндiгiн жасау. Мұндай тәжiрибе ҚР-ның және Ресейдiң ЖОО-ларында болған.

Жақ-бет облысында туа бiткен патологиясы бар балаларға мамандандырылған көмек көрсету және сауықтыру үлкен проблема болып қалуда. ЖБО туа бiткен патологиясы бар балаларға Республикалық Сауықтыру орталығын ашу үшiн база Алматыда бар.

Мақаланың шыққан күні: 20.12.2017 09:54
Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.12.2017 09:54
Қаралым саны: 809

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz