A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
5 сұрақ бастамасы

1. 2019 жылдың қаңтарынан бастап «БЖЗҚ» АҚ-та жеке зейнетақы шоттары қалай ашылады?

2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап жеке тұлғаға мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша шот ашу үшiн Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, оның iшiнде Қордың веб-сайты арқылы да жүгiнудiң қажетi жоқ. Ендi жеке тұлғаның Қорда мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша ашылған шоты жоқ болса, онда алғашқы жарна келiп түскен кезде зейнетақы шоты автоматты түрде ашылады. Ол туралы Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына тиiстi өзгерiстер енгiзiлдi.

Бұл ретте жеке тұлға жарналарды аудару барысында төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетiлген дербес деректер (тегi, аты, әкесiнiң аты, жеке сәйкестендiру нөмiрi, туған күнi) бойынша танылады. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелерi бойынша қажеттi мәлiметтердi Қор мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiнен алатын болады.

2. БЖТ (Бiрыңғай жиынтық төлем) дегенiмiз не?

Жеке кәсiпкер болып тiркелген соң, оның екi режимде жұмыс жасау мүмкiндiгi бар, атап айтқанда: патент негiзiнде және жеңiлдетiлген режимде (упрощенный режим)

Бүгiнгi бiздiң қарастырып отырған режимiмiз осылардың екеуiне де жатпайды. Бұл режим кiмге арналған? Бұл режим қарапайым халыққа, яғни жұмыс iстемейтiн адамдарға немесе басқа адамдардың жұмыстарын iстейтiн адамдарға арналған. Мысалы: қалада, ауылда тұратын үйде отырған әйелдерге, үйiнде отырып мал бағатын кiсiлерге, такси болып қызмет көрсететiндерге, еш жерде қызмет жасамайтын адамдарға арналған.

Жеке кәсiпкерлерге қарағанда табысы төмен, өзiн — өзi жұмыспен қамтыған жеке тұлғаларға ғана арналған режим. Бұл ретте, шектi табысы күнтiзбелiк жылға есептегенде 100 АЕК (айлық есептiк көрсеткiш) аспауы тиiс. Яғни, егер ай сайынғы кiрiс 247 483 теңгеден аспайтын болса, онда жеке тұлғаға осы режимге өтуi мүмкiндiгi бар.

3. Бiрыңғай жиынтық төлем бiзге не үшiн қажет?

Бiрiншiден, бұл медициналық мекеменi таңдау құқығымен сомасы мен түрлерi бойынша шектеусiз медициналық қызметтерге қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi, басқаша айтқанда, бұл азаматтар (бiрыңғай жиынтық төлем төлейтiн) МӘМС (медициналық сақтандыру) енгiзiлгеннен кейiн толық көлемде медициналық қызметтерiн толық ала алады.

Екiншiден, бұл азаматтар жинақтаушы зейнетақы жүйесiне және жүйеге қатысу өтiлiне байланысты базалық зейнетақы төлемiн алуға құқылы болады. Басқаша айтқанда, өзiн — өзi жұмыспен қамтыған халықтың бейресми бөлiгi зейнетақымен қамсыздандырумен толық қамтылатын болады, оларда еңбек өтiлi белгiленуiне байланысты жоғары мөлшерде базалық зейнетақы алу мүмкiндiгi пайда болады. (Бұл дегенiмiз сiзде зейнетақы алуға құқылы боласыз және осы БЖТ төлеген айларыңыз еңбек өтiлiне есептелетiн болады)

Үшiншiден, мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан еңбек ету қабiлетiнен айырылған, асыраушысынан айырылған, жүктiлiк пен босану, бала асырап алған, бiр жасқа дейiнгi бала күтiмi жағдайларында әлеуметтiк төлемдер алатын болады.

Бұл төлемдi төлеу арқылы еңбек өтiлiн (стаж) жинауға, медициналық қызметтiң бәрiне қол жетiмдi болуына, мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан еңбек ету қабiлетiнен айырылған, асыраушысынан айырылған, жүктiлiк пен босану, бала асырап алған, бiр жасқа дейiнгi бала күтiмi жағдайларында әлеуметтiк төлемдер алуымызға қол жеткiземiз.

4. БЖТ (Бiрыңғай жиынтық төлем) АЕК (айлық есептiк көрсеткiш) мөлшерi қандай?

– БЖТ мөлшерi :республикалық және облыстық қалалар үшiн айына 1 АЕК — 2525 теңге; елдi мекендер үшiн айына 05 АЕК — 1263 теңге. Бюджет пен қорлар арасында төлемдердiң бөлiнуi ыңғайлы болу үшiн БЖТ банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар (терминалдар, «Қазпошта» бөлiмдерi) арқылы «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының шотына аудару жолымен төленедi. Ал «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы БЖТ — ны төмендегi төрт бағытта бөледi:

жеке табыс салығына (бюджетке — 10%)

әлеуметтiк төлемдерге (ӘСМҚ — 20%)

зейнетақы аударымына (БЖЗҚ — 30 %)

мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру аударымдарына (ӘМСҚ– 40%)

Айтып өткенiмдей, ауылдағылар үшiн БЖТ сомасы айына 1262,5 теңге, сонда өзiн-өзi жұмыспен қамтыған ауыл тұрғыны жеке бас салығына — 126 теңге; әлеуметтiк аударымдарға — 253 теңге; БЖЗҚ — ға — 379 теңге, медициналық ӘСҚ — на 505 теңге аударады. Биылдан бастап зейнетақы аударушының БЖЗҚ — да (бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында) жеке зейнетақы шоты жоқ болса, алғашқы зейнетақы келiп түскен соң, жеке шот қордың ақпараттық жүйесiнде автоматты түрде ашылады, бұрынғыдай барып, шот ашқызудың қажетi жоқ. БЖТ аударушылардың да шоты БЖЗҚ — да өздiгiнен ашылады.

БЖТ-нiң үш бiрдей жақсылығы бар

Ауыл тұрғыны да, қала тұрғыны да БЖТ төлеу үшiн салық органдарына тiркелмейдi, оларға ешқандай салық есептiлiгiн табыс ету де қажет емес. БЖТ сомасын 1 айға немесе бiр тоқсанға, 1 жылға бiрақ төлеп тастауға да болады.

5. «БЖЗҚ» АҚ салымшылар мен алушыларға ақпарат беру бойынша атқарылған жұмыстар туралы не айтасыз?

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары мен алушылары жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрменi кез келген уақытта (электрондық тәсiлмен) тегiн алуға құқылы. Бұл заң жүзiнде бекiтiлген құқық.

Бүгiнде зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы анықтаманы мынадай тәсiлдермен алуға болады:

1) БЖЗҚ-ға тiкелей келiп өтiнiш беру;

2) электрондық тәсiл, оның iшiнде:

– үзiндi көшiрме БЖЗҚ-ға ұсынылған электрондық мекенжайға жiберiледi. Салымшы (алушы) таңдап алынған кестеге сәйкес зейнетақы шотынан үзiндi көшiрменi: ай сайын, үш ай сайын, жарты жылда бiр рет немесе жыл сайын алады;

– логин мен пароль (құпия сөз) немесе электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегiмен, Қор сайтының Жеке кабинетi арқылы;

– электрондық үкiмет порталының Жеке кабинетi немесе бiр реттiк sms-пароль арқылы, мұнда sms-пароль mGov мобильдi азаматтар базасында тiркелген салымшылар мен алушылардың ұялы телефонына жiберiледi;

3) дәстүрлi пошта байланысы арқылы.

Ақпарат алу тәсiлiн таңдау үшiн салымшы (алушы) жеке басын куәландыратын құжатпен БЖЗҚ кеңсесiне келедi. Электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда, ақпарат алу тәсiлiн Қор сайтының Жеке кабинетiнде таңдауға немесе өзгертуге болады.

 

Мақаланың шыққан күні: 26.03.2019 16:12
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.03.2019 16:37
Қаралым саны: 228

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz