A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Ақкөл ауданының өнеркәсібі бойынша ақпарат

Өнеркәсiп

Есептi кезеңнiң 12 айында 4 193 млн. теңгеге тауарлық өнiм өндiрiлдi. Өнiмнiң ЖКИ 100,2%. Өңдеу өнеркәсiбi — 3 330 млн. теңге (91,4 %), кен өндiру өнеркәсiбi және карьерлердi қазу — 185,4 млн. теңге (162,7 %), электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау — 575,9 (114,1%), сумен жабдықтау, кәрiз жүйесi, қалдықтарды жинау және бөлудi бақылау — 101,7 млн. теңге (105,6 %).

Өнеркәсiп салалары дамуының жаңа сатысы — Үдемелi индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру. Бүгiнде Индустрияландыру картасына Ақкөл ауданынан 5,9 млрд. сомасына 5 жоба кiргiзiлген, олардың барлығы iске қосылып 180 жұмыс орны ашылды.

«Каз Лес» ЖШС мен «Үш бұлақ» ЖШС сәйкесiнше 157,1 және 404,9 млн. теңгеге тауарлы өнiм өндiрдi. Еңбек ауылындағы майлы дақылдардың тұқымын кептiру, тазалау және сақтауға арналған қуаты 9000 тонна кептiру кешенi толық жүктелiп, жұмыс iстеп тұр. Азат ауылында 2400 бас iрi қара аналығын өсiретiн «SC FOOD» ЖШС-нiң мал тұқымын асылдандыру шаруашылығында 1861 бас iрi қара мал, төлдейтiн 1366 бас мал бар.

Өткен жылдың соңында «ТП-1» ЖШС-нiң «Шұжық өнiмдерiн өндiрудi ұйымдастыру» жобасы iске қосылды, құны 75 млн. теңге және қуаты жылына 210 тонна.

Мемлекет тарапынан кәсiпкерлiктi дамытуға балық жағдайлар жасалуда. Кәсiпкерлiктi дамытуды қолдауға арналған тиiмдi құралдардың бiрi — «Бизнестiң жол картасы-2020»

Өткен жылы осы бағдарлама бойынша 4 жоба қабылданды, соның iшiнде, «Даму» Қорының сыйақы және кепiлдiк берудiң пайыздық ставкасын субсидиялау бойынша 1 жоба. Бұл «Ақкөлгаз» ЖШС-нiң «Негiзгi құрал-жабдықтарды сатып алу және айналым қаражатын толтыру — Газ-жанармай құятын станцияның 2 технологиялық модулi; 2 газ сақтауға арналған ыдысы».

Жетiспейтiн инфрақұрылымды салу бойынша 2 жоба мақұлданды — ЖК «Ақсақалова» «Өндiрiстiк инфрақұрылымы бар «Туристiк базаның құрылысын аяқтау — мейрамхана мен қонақ үйлер салу» және «Қара найза» ШҚ-ның 1 жобасы «Қара найза» шаруа қожалығына арналған электр желiсiн салу».

Индустрияландыру картасынан тыс перспективалы жобаларды атап өткен жөн, яғни Ақкөл қаласында Украинамен бiрлесiп ашылған «СП Қазақстан ЭХҚ технологиялары» ЖШС өз жұмысын бастады. Кәсiпорын Қазақстан нарығындағы жаңа өнiмдi шығарады — мұнай-газ құбырларын жемiрiлуден қорғайтын анодтық жерлендiргiштер өндiрiсi, қуаты айына 2000 анодтық жерлендiргiш. Жобаның құны 70 млн. теңге.

Қуатын 13,5 мың тонна болатын «EL GRANO» ЖШС-нiң дәндi қабылдау, тазалау, кептiру, сақтау бойынша желiлiк элеваторы iске қосылды. Жобаның құны 538 млн. теңге.

Кәсiпкерлiк әлеуетiн арттыру мақсатында аудан әкiмдiгiнде бастауыш және жұмыс iстеп жүрген кәсiпкерлер үшiн Ақмола облысының Кәсiпкерлiк пен өнеркәсiп басқармасы, Жұмыспен қамтуды үйлестiру басқармасы өкiлдерiнiң және «Даму» қорының кеңесшiлерiнiң қатысуымен шағын және орта бизнестi дамытуды мемлекеттiк қолдау шараларын түсiндiру бойынша семинар-кеңестер өткiзiледi.

Мақаланың шыққан күні: 09.12.2017 20:35
Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.12.2017 20:35
Қаралым саны: 1060

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz