A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Ақпарат бойынша бақылаушылар мен сарапшыларға

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының 15-тармағында көрсетiлген тұлғаның келiсiмi бойынша байқаушыларды қатыстыруға жол берiледi.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретiнде Қазақстан Республикасы Парламентiнiң және барлық деңгейдегi маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң (үкiметтiк емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкiлдерi, уәкiлеттi органның қызметкерлерi қатыса алады.

Байқаушылар әңгiмелесу өткiзу процесiнде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергi келтiретiн iс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректерiне қатысты мәлiметтердi жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсiмдерiнде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берiлмейдi.

Байқаушы ретiнде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн тұлғалар әңгiмелесу басталуына 1 жұмыс күнi қалғанға дейiн кешiктiрмей персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) тiркеледi. Тiркелу үшiн тұлғалар персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн, осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетiлген ұйымдарға тиесiлiлiгiн растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшiрмелерiн ұсынады.

Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгiмелесу басталардан бұрын Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының 1-қосымшаға сәйкес нысандағы жадынамамен таныстырады.

Байқаушылар конкурс комиссиясы отырыстарының хаттамаларымен танысуға және тиiстi мемлекеттiк органның басшылығына және уәкiлеттi органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерiнiң пiкiрлерiн жазбаша түрде бере алады.

Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының 15-тармағында көрсетiлген тұлғаның келiсiмi бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылардың қатыстырылуына жол берiледi. Сарапшы ретiнде конкурс жариялаған мемлекеттiк органның қызметкерi болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжiрибесi бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды iрiктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызметшiлерi, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Сарапшылар әңгiмелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақ қояды, конкурс комиссиясының мүшелерiне кандидаттар туралы өз пiкiрлерiн бiлдiредi. Конкурс комиссиясының қорытынды отырысына бұл тұлғалар қатыспайды.

Конкурс аяқталғанға дейiн уәкiлеттi органдарға ақпарат берудi және Қазақстан Республикасы заңдарымен бекiтiлген басқа да жағдайларды қоспағанда мемлекеттiк органның қызметкерлерiне конкурс комиссияларының құрамы, конкурсқа қатысушылар туралы және олардың жеке деректерiн жариялауға жол берiлмейдi.

Уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң жолдамасы бойынша олардың қызметкерлерiнiң кандидаттармен әңгiмелесуде және конкурс комиссиясының қорытынды отырысына қатысуға жол берiледi.

Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға
орналасуға конкурс өткiзу
және конкурс комиссиясын
қалыптастыру қағидаларына
1-қосымша

Байқаушыға жадынама

Байқаушының:

конкурс қатысушысы туралы ақпаратпен танысуға;

олармен әңгiмелесуде қатысуға;

әңгiмелесу өткiзу рәсiмi туралы оның аяқталғанынан кейiн өз пiкiрiн бiлдiруге;

конкурс өткiзу барысы туралы жалпы баға беруге;

конкурс комиссиясы отырысының хаттамаларымен танысуға;

конкурс комиссиясының жұмысы туралы мемлекеттiк органның басшылығына және мемлекеттiк қызметтiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органға өздерiнiң пiкiрлерiн жазбаша түрде беруге мүмкiндiгi бар.

Байқаушы:

әңгiмелесу барысына фото-, аудио-, видеотүсiрiлiмдер жүргiзуге;

конкурс қатысушыларының жеке басы деректерiн жариялауға;

әңгiмелесу өткiзу процесiне араласуға, конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергi жасауға;

конкурс қатысушыларына қандай да бiр жәрдемдесуге;

конкурс комиссиясының мүшелерiне олардың шешiм қабылдауында әсер етуге;

нақты конкурс қатысушысы туралы, оның жеке қасиеттерi туралы жария бағалауға және пiкiрiн бiлдiре алмайды.

Мақаланың шыққан күні: 14.12.2017 17:57
Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.12.2017 17:57
Қаралым саны: 930

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz