A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
№4 АОМ-те «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Өз жылуыңмен бөліс» жобасы бойынша өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында мектепте «Өз жылуыңмен бөлiс» жобасы бастау алды. Бұл жобаның мақсаты-қарт адамдарға, аға ұрпаққа көмек көрсету туралы мектепте волонтерлiк қозғалысты ұйымдастыру. 31 Қаңтарда №4 Ақкөл орта мектебiнде «Қайырымды iстер күнi» атты iс-шара өттi. 9-11 сынып оқушылары 1-4 сынып оқушыларының сынып жетекшiлерiне үзiлiс кезiнде бос уақытын ұйымдастыруға көмектестi. Балалар ертегi оқыды, қозғалмалы ойындар ойнады және үй тапсырмасын орындауға көмектестi. Күн соңында бастауыш сынып оқушылары бұл күндi қалай өткiзгенi туралы суреттерге салды. Ал орта буын оқушылары өздерiнiң қамқорлығындағы зейнеткерлерiне барып, оларға қар жинауға көмек көрсеттi.

Мақаланың шыққан күні: 05.02.2019 14:52
Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.02.2019 14:53
Қаралым саны: 1296

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz