A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Ақкөл ауданында қарт адамдарды және мүгедектерді әлеуметтік қолдау бойынша айлықтың өткізілуі туралы ақпарат

Жыл сайын Бiрiккен ұлттар Ұйымының аясында 1 қазан күнi барлық жерде Халықаралық қарттар Күнi атап өтiледi.

Ауданда 4150 зейнеткерлер тұрады, оның iшiнде Ұлы Отан Соғысының мүгедегi-1, 2-i фашистiк концлагердiң кәмелетке толмаған тұтқыны, 13-i соғыста қайтыс болған мүгедектердiң жесiрлерi, 264-i тыл еңбеккерлерi, 152-i реабилитацияланған азаматтар, 182-i көпбалалы аналар, 851-i мүгедектер.

Бұл адамдар өзiнiң еңбектерiмен аудан экономикасының дамуына үлкен үлес қосқан.

Айлық барысында соғыс және еңбек ардагерлерiне құттықтаулар ұйымдастырылды барлық санаттағы мүгедектерге мерекелiк құттықтаулар, концерттер, қайырымдылық астар, материалдық көмек көрсетумен, сыйлықтар, азық-түлiк жиынтықтары, облыстық және аудандық газеттерге жазылымдар, дәрi-дәрiмекпен қамтамасыз етiлдi.

Бекiтiлген iс-шараларға сәйкес аудандық мәдениет үйiнде 1 қазан күнi Халықаралық қарттар мен мүгедектер күнiне арналған концерттiк бағдарламамен қала зейнеткерлерiмен мерекелiк кеш өттi, онда аудан әкiмiнiң орынбасары 350 зейнеткерлердi, қала қонақтарын, қарт адамдарды құттықтап, 30 зейнеткерге сыйлықтар тапсырды. «Армия генералы С. Нұрмағамбетов» медалiмен А.К.Әубәкiров, Т.Ф. Донченко, Т. Р. Жұмадiлова, Қ. Ж. Мұқанов, Н.С. Попович марапатталды, 3 зейнеткер Ақмола облыстық ардагерлер кеңесiнiң құттықтау адресiмен марапатталды- Г. И. Ворожищева, Б. Г. Данчев, С. М. Тоқаева, 25 зейнеткер аудан әкiмiнiң алғыс хатымен марапатталды Х.Ш. Әбiлғалымова, Е.Ш. Айсин, К.К. Баймолдин, П.И. Башук, Д.Н. Боранқұлова, А.А. Бесчастный, Т.Н. Голоколосова, В.Д. Гурченко, Л. М. Диль, К. М. Ещанова, В. Н. Ильин, У.К. Жүсiпов, Л.В. Кашперская, К.А. Кәрiбаев, К.К. Каримбаева, А.М. Копылова, Н.Н. Кочетова, Я.В. Кузьменко, Л.П. Назаренко, В.В.Пайко, А.Ф.Реморенко, А.Х. Сапарғалиева, И.А. Сүлейменов, Т.М. Цхай, О.С. Якимчук барлығына естелiк сыйлықтар табыс етiлдi. Содан кейiн мерекелiк концерт өттi. Қарттар мен мүгедектердi әлеуметтiк қолдау айлығы жалғасуда.

Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Мақаланың шыққан күні: 03.10.2018 09:27
Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.10.2018 09:27
Қаралым саны: 1634

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz