A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
2018-2019 жылдардағы жылыту маусымының өту барысы туралы

Ауданды жылумен қамтамасыз ету әртүрлi меншiк түрiндегi 38 қазандықпен жүзеге асырылады,оның iшiнде 21 аудандық бiлiм беру бөлiмiнiң қазандығы, 3 облыстық бiлiм басқармасының қазандығы, 1 Мәдениет, 1 жеке меншiкте және 12 қазандық коммуналдық меншiкте.

Жылумен қамтамасыз ету бойынша 2 кәсiпорын қызмет көрсетедi: ШЖҚ "Ақкөл-Горкомхоз" МКК (12 қазандық), "Жалын-2005" ЖШС (2 қазандық).

Қазiргi уақытта ауданның барлық қазандықтары штаттық режимде жұмыс iстейдi, аудандағы қазандықтарда жылумен қамтамасыз етудiң бұзылуына әкеп соққан авариялар жiберiлген жоқ.

Әлеуметтiк сала объектiлерiнде (мектептерде, мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнде, денсаулық сақтау және мәдениет мекемелерiнде) және көп пәтерлi тұрғын үйлерде температуралық режимнiң күнделiктi мониторингi жүргiзiледi.

Барлық нысандардағы ауа температурасы санитарлық нормаларға сәйкес келедi.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектiлерiнде, бюджеттiк сала кәсiпорындары мен ұйымдарында жылыту маусымының өтуi аудан әкiмдiгiнiң тұрақты бақылауында.

Мақаланың шыққан күні: 07.12.2018 09:36
Парақтағы соңғы өзгерістер: 07.12.2018 09:36
Қаралым саны: 1183

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz