A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Абаттандыру туралы ақпарат

Аудан әкiмдiгiнiң жұмысындағы басым мәселелердiң бiрi елдi мекендердi абаттандыру, санитарлық тазалау, көгалдандыру және сыртқы безендiру бойынша iс-шараларды орындау болып табылады.

Абаттандыру бойынша жұмыстарды жүргiзуге барлық қаржыландыру көздерiнен 244 млн. 842 мың теңге қарастырылған, оның iшiнде::

"Өңiрлердi дамыту" бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 11 млн. 640 мың теңге бөлiндi:

Облыстық бюджет қаражатынан Ақкөл қаласын абаттандыру жұмыстарын жүргiзуге 233,202 млн.теңге бөлiндi, оның iшiнде (қасбеттердi жөндеу, қоршау, стелалар және аялдамалар орнату).

Iс-шараларды iске асыру нәтижесiнде келесi жұмыстар орындалды:

- 40 жалпы аудандық сенбiлiк, 28 күн "таза бейсенбi" санитарлық тазарту өткiзiлдi, оның барысында 6,570 мың м3 артық қоқыс пен қалдықтар шығарылды. Ақылы жұмыстарға 52 адам тартылды.

- 12 саябақ пен гүлзарлар нормасына келтiрiлдi, 4290 ағаш пен бұта отырғызылды.

- рұқсат етiлмеген қоқыс орындарын анықтау және жою бойынша жұмыстар жүргiзiлдi. Аудан бойынша 15 қоқыс орны анықталып, барлығы жойылды.

- аудан бойынша 2 ескi құрылыс анықталды, барлығы бөлшектелдi және олардың аумақтары тиiстi түрге келтiрiлдi.

Аудан аумағында тазалық пен тәртiптi сақтау мақсатында iшкi iстер органдарының қызметкерлерi 2018 жылдың ағымдағы кезеңiнде 1682 хабарлама, оның iшiнде 375 хабарлама Ақкөл қаласында берiлдi.

Айлық басталғаннан берi iшкi iстер қызметкерлерi ҚР "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Кодексiнiң 505 бабы бойынша 153 хаттама толтырылып, "ескерту"түрiндегi жаза қолданылды.

Елдi мекендердi көркейту және көгалдандыру, санитарлық тәртiптi сақтау бойынша халықты тарту мақсатында үгiт-насихат және насихаттау жұмыстары жүргiзiлуде. Аудандық газеттерде 27 мақала жарияланды, оқу орындарында 34 дәрiс оқылды.

Мақаланың шыққан күні: 09.11.2018 12:35
Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.11.2018 12:35
Қаралым саны: 1322

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz