A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Бизнесті жауапты жүргізудің сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық байланыс орталығы туралы ақпарат

2017 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрi — ЭЫДҰ) Инвестициялық комитетiнiң қауымдастырылған мүшесi болды және ЭЫДҰ көпұлтты кәсiпорындары туралы декларациясына 48-шi ел болып қосылды.

ЭЫДҰ Инвестициялық Комитетiне қосылуы аясында Қазақстан Үкiметi өз алдына бiрқатар мiндеттемелердi алды, соның iшiнде ЭЫДҰ-ның Көпұлтты кәсiпорындарға арналған басқару қағидаттарына (бұдан әрi –Басқару қағидаттары) сәйкес бизнестi жауапты жүргiзудiң қағидаттарын тарату бойынша Ұлттық байланыс орталығын құру (бұдан әрi — ҰБО).

Инвестициялардың арқасында компания / инвесторлар (бұдан әрi — кәсiпорындар) елдегi экономикаға өндiрiстiк капитал, басқару және технологиялық ноу-хау, жұмыс орындарын құру және салық түсiмдерi түрiнде елеулi пайда әкеледi.

Сонымен қатар, мұндай компаниялардың / инвесторлардың қызметiне байланысты қоғамдық мәселелер туындайды және бұл мәселелердiң әлеуметтiк, экономикалық және экологиялық салаларда халық пен қоғам үшiн жағымсыз салдары бар.

Басқару қағидаттарыелдегi және халықаралық құқыққа сәйкес бизнестi жауапты жүргiзудiң ерiктi принциптерi мен стандарттары бойынша ұсыныстар ұсыну арқылы осы мәселелердi шешуге көмектеседi.

Басқару қағидаттарыкөп жақты негiзде бекiтiлген жан-жақты қамтылған тәртiптiк кодекс болып табылады. Атап айтқанда, кәсiпорындар жұмыс iстейтiн қоғамдарда (оның iшiнде ЭЫДҰ-дан тыс) әлеуметтiк-экономикалық және экологиялық салдарға байланысты әлеуметтiк мәселелер қарастырылады және жауапты бизнестi насихаттау үшiн бизнестiң маңызды құрылымын қамтамасыз етедi.

Басқару қағидаттарына үкiметтер тарапынан қолдау көрсетiлуiне қарамастан, Басқару қағидаттары ерiктi болып табылады және ұлттық заңдарға үстемдiк етпейдi. Басқару қағидаттары көпұлтты кәсiпорындар мен отандық кәсiпорындар арасындағы қарым-қатынастардағы айырмашылықтарды енгiзуге арналмаған — олар кез келген жерде жұмыс iстейтiн барлық кәсiпорындар үшiн үздiк тәжрибенi көрсетедi.

Басқару қағидаттары ЭЫДҰ-ның Халықаралық инвестициялар және көпұлтты кәсiпорындар туралы Декларациясының ажырамас бөлiгi болып табылады.

Басқару қағидаттарын тарату шеңберiнде ҰБО құрылады.

Ұлттық байланыс орталығы — бұл Басқару қағидаттары бойынша жауапты бизнес жүргiзу қағидаларын бұзатын кəсiпорындардың iс-əрекеттерiне немесе əрекетсiздiктерiне қатысты жұртшылықтың / қоғамның шағымдарын қараудың ерiктi, санкциясыз механизмi.

ҰБО проблемаларды талқылау және өзара келiсiмге қол жеткiзу жолдары мен келiсiмдердi қалыптастыру үшiн тараптар арасында сындарлы диалог алаңын ұйымдастырады.

Кəсiпорын қызметi немесе әрекетi Басқару қағидаттарына сəйкес емес деп санайтын кез-келген адам, ұйым немесе қауымдастық (мүдделi тараптар) тиiстi елдiң тиiстi ҰБО-ына нақты iстi қарауға ресми өтiнiш беруi мүмкiн.

ЭЫДҰ алдындағы мiндеттемелердi орындау шеңберiнде Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлiгi Қазақстан Республикасының ҰБО-сы (2018 жылғы 31 мамырдағы № 306 қаулысы) тағайындалды, бұған дейiн осы қызметтi Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Инвестиция комитетi жүзеге асырды.

Бұдан басқа, ҰБО-ның шағымдары мен өтiнiштерiн қарау кезiнде ҰБО-нiң алқалы көмекшi органы ретiнде ҰБО-ның жұмыс тобы құрылды (ИДМ-нiң 2017 жылғы 12 қазандағы № 696 бұйрығы).

Жұмыс тобының құрамына Инвестициялар және даму министрлiктерiнiң, халық шаруашылығының, еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау, энергетика, бiлiм және ғылым, iшкi iстер, мемлекеттiк қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi, Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық, Ұлттық кәсiпкерлер палатасы Атамекен, үкiметтiк емес ұйымдар және кәсiподақтар өкiлдерi кiрдi.

Жұмыс тобы жиналыстары қажеттiлiгi бойынша ұйымдастырылады.

Мақаланың шыққан күні: 22.10.2018 17:15
Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.10.2018 17:18
Қаралым саны: 260

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz