A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
«Аға сеньорлар» компоненті

«Даму» кәсiпкерлiктi дамыту қоры» АҚ (одан әрi — «Даму» Қоры) экономиканың басым секторларында (тiзiмi қосылған) қызметтерiн жүзеге асыратын шағын және орта бизнес кәсiпорындарының жоғары және орта буын басқарушыларын қызметкерлер құрамын оқыту және бизнестi жүргiзу бойынша туындайтын мәселелердi шешудiң тәжiрибелiк дағдыларын қалыптастыру мақсатында техникалық және ұйымдастыру сипатындағы мәселелердi шешу кезiнде тәжiрибелiк көмек көрсету үшiн шетелдiк сарапшыны кәсiпорынға ақысыз1 тартуға шақырады.

«Аға сеньорлар» компонентi «Бизнестiң жол картасы — 2020» Бағдарламасының (одан әрi — Бағдарлама) 4-бағытының аясында жүзеге асырылады, ол Аға сеньорлардың бiлiмi мен тәжiрибесiн пайдалану арқылы шағын және орта кәсiпорындарды дамытуға жәрдемдесу жөнiндегi олардың мiндеттерiмен сәйкес, Аға сеньорлардың қызметiн үйлестiретiн халықаралық және шетелдiк ұйымдарман ынтымақтастықта кәсiпкерлiк әлеуеттi күшейтуге бағытталған.

Кеңес беру бағдарламасына Аға сеньордың бағдарлама Қатысушысымен тiкелей кәсiпорын аумағында кездесуi, сонымен қатар Бағдарламаға қатысушылармен толтырылған өтiнiмдердi талдаудың негiзiнде әзiрленген тәжiрибелiк ұсыныстардың сарапшымен ұсынылуы кiредi. Сондай-ақ сарапшылық көмек көрсетудiң аясында кәсiпкерлерге арналған семинарлар өткiзу қарастырылған.

«Аға сеньорлар» компонентiн iске асырудың негiзгi мақсаттары болып табылады:

ü Шетелдiк сарапшылар тарапынан консультациялық-менторлық қызметтер алу жөнiндегi iс-шараларды iске асыру арқылы қазақстандық кәсiпкерлердiң кәсiби және бiлiмдiк деңгейлерiн көтеру;

ü Қазақстандық және шетелдiк кәсiпкерлер арасындағы iскерлiк байланыстарды жолға қою.

Сондай-ақ «Аға сеньорлар» компонентiн iске асыру келесi мiндеттердi шешуге бағытталған:

ü Iрi шетелдiк компанияларда жұмыс iстеген сарапшылардың тәжiрибесi мен бiлiмiнiң көмегiмен салалық ерекшелiктердi есепке ала отырып, кәсiпкерлердiң құзыретiн көтеру;

ü Басқарудың жаңа әдiстерiн, өндiрiс технологияларын және қызметкерлер құрамын оқытуды енгiзу;

ü Сарапшылардың кеңестерiн алған кәсiпорындардың бизнес-жобаларын қаржыландыру кезiндегi тәуекелдердi төмендету.

«Аға сеньорлар» компонентiне қатысуға толтырылған өтiнiмдi «Даму» Қорының өңiрлiк филиалдарына жiберу қажет.

Барынша егжей-тегжейлi ақпаратты және өтiнiм үлгiсiн «Даму» Қорының сайтынан табуға болады: www.damu.kz/6615.

Жүктеу (DOCX 37 Kb)

Дата создания статьи: 17.12.2017 12:56
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.12.2017 12:56
Қаралым саны: 380

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz