A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Ақпараттық хабарлама

Ақмола облысы Бурабай ауданының әкiмдiгi фермерлiк немесе шаруа қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурс өткiзедi.

Ақмола облысы Бурабай ауданының әкiмдiгi конкурс өткiзу туралы хабарлама бiрiншi жарияланған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдауды бастайды.

Осы конкурсқа қатысуға өтiнiмдер өтiнiмдердi қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күнi iшiнде қабылданады. Өтiнiмдердi қабылдау 2019 жылғы 12 тамыздан бастап 2019 жылғы 02 қыркүйекке дейiн қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады.

Конкурстың аяқталған күнi қорытынды шығарылған күн болып есептеледi. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысуға өтiнiм беру мерзiмi аяқталғаннан кейiн келесi күнi өткiзiледi.

Конкурсты өткiзу күнi, уақыты және орны: конкурстың қорытындысы 2019 жылғы 03 қыркүйекте сағат 18:00-де Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Абылайхан көшесi 32, 3 қабат, мәжiлiс залы мекенжайы бойынша шығарылады.

№№ р/б Жер учаскесінің орналасқан жері (ауылдық округтен қашықтығы, орташа қашықтық, км) Жер учаскесінің лот № Жер учаскесі беріледі Өңірдің ауыл шаруашылық мамандануы Жер учаскесінің жалпы алаңы, га Жалдау мерзімі, жыл Алқаптардың құрамы, оның ішінде Бонитеттің орташа балы Сумен қамтамасыз етілуі
Фермерлік немесе шаруа қожалығын жүргізу үшін Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізі үшін Егістік Жайылым
1 Абылайхан ауылдық округі, Озерное ауылы - 7, № 1 лот Фермерлік немесе шаруа қожалығын жүргізу үшін   өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы 234,5 10 жыл 193,0 41,5 47,5 суландырылмаған
2 Атамекен ауылдық округі, Атамекен ауылы - 8, № 2 лот Фермерлік немесе шаруа қожалығын жүргізу үшін   өсімдік шаруашылығы 65,9 10 жыл 65,9   47,0 суландырылмаған
3 Атамекен ауылдық округі, Жанажол ауылы - 3, № 3 лот Фермерлік немесе шаруа қожалығын жүргізу үшін   өсімдік шаруашылығы 120,1 10 жыл 118,5 1,6 55,2 суландырылмаған
4 Атамекен ауылдық округі, Жанажол ауылы - 2, № 4 лот Фермерлік немесе шаруа қожалығын жүргізу үшін   өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы 110,0 10 жыл 88,0 22,0 47,0 суландырылмаған
5 Веденов ауылдық округі, Веденовка ауылы - 11, № 5 лот Фермерлік немесе шаруа қожалығын жүргізу үшін   өсімдік шаруашылығы 161,1 10 жыл 159,0 2,1 45,5 суланған
6 Веденов ауылдық округі, Веденовка ауылы - 8, № 6 лот Фермерлік немесе шаруа қожалығын жүргізу үшін   мал шаруашылығы 87,0 10 жыл   87,0 10,7 суланған
7 Зеленобор ауылдық округі, Мәдениет ауылы - 24, № 7 лот Фермерлік немесе шаруа қожалығын жүргізу үшін   өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы 80,8 10 жыл 29,0 51,8 19,5 суландырылмаған
8 Кенесары ауылдық округі, Кенесары ауылы - 11, № 8 лот Фермерлік немесе шаруа қожалығын жүргізу үшін   өсімдік шаруашылығы 215,8 10 жыл 215,8   43,9 суланған
9 Кенесары ауылдық округі, Кенесары ауылы - 4,5, № 9 лот Фермерлік немесе шаруа қожалығын жүргізу үшін   мал шаруашылығы 61,0 10 жыл   61,0 36,1 суландырылмаған
10 Кенесары ауылдық округі, Брусиловка ауылы - 6, № 10 лот Фермерлік немесе шаруа қожалығын жүргізу үшін   өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы 54,2 10 жыл 46,0 8,2 48,6 суланған
11 Кенесары ауылдық округі, Баянбай ауылы - 23, № 11 лот Фермерлік немесе шаруа қожалығын жүргізу үшін   мал шаруашылығы 83,1 10 жыл   83,1 16,3 суландырылмаған
12 Кенесары ауылдық округі, Баянбай ауылы- 23, № 12 лот Фермерлік немесе шаруа қожалығын жүргізу үшін   мал шаруашылығы 195,7 10 жыл   195,7 29,7 суландырылмаған
13 Қатаркөл ауылдық округі, Қатаркөл ауылы - 20, № 13 лот Фермерлік немесе шаруа қожалығын жүргізу үшін Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізі үшін мал шаруашылығы 471,4 10 жыл   471,4 12,6 суландырылмаған
14 Наурызбай батыр ауылы, Наурызбай батыр ауылы - 23, № 14 лот Фермерлік немесе шаруа қожалығын жүргізу үшін Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізі үшін мал шаруашылығы 1619,6 10 жыл   1619,6 17,9 суланған
15 Наурызбай батыр ауылы, Наурызбай батыр ауылы - 19, № 15 лот Фермерлік немесе шаруа қожалығын жүргізу үшін   мал шаруашылығы 83,8 10 жыл   83,8 22,1 суландырылмаған
16 Ұрымқай ауылдық округі, Кіндикқарағай - 9, № 16 лот Фермерлік немесе шаруа қожалығын жүргізу үшін   өсімдік шаруашылығы 66,1 10 жыл 64,9 1,2 54,8 суландырылмаған
17 Успеноюрьев ауылдық округі, Успеноюрьевка ауылы - 17, № 17 лот Фермерлік немесе шаруа қожалығын жүргізу үшін   өсімдік шаруашылығы 79,3 10 жыл 79,0 0,3 49,8 суландырылмаған
18 Успеноюрьев ауылдық округі, Николаевка ауылы - 10, № 18 лот Фермерлік немесе шаруа қожалығын жүргізу үшін   өсімдік шаруашылығы 232,0 10 жыл 232,0   43,2 суландырылмаған
19 Успеноюрьев ауылдық округі, Успеноюрьевка ауылы - 18, № 19 лот Фермерлік немесе шаруа қожалығын жүргізу үшін   өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы 60,8 10 жыл 28,0 32,8 46,0 суландырылмаған
20 Успеноюрьев ауылдық округі, Қарағай ауылы- 3, № 20 лот Фермерлік немесе шаруа қожалығын жүргізу үшін   өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы 127,2 10 жыл 87,0 40,2 45,7 суландырылмаған
21 Успеноюрьев ауылдық округі, Николаевка ауылы - 8, № 21 лот Фермерлік немесе шаруа қожалығын жүргізу үшін   өсімдік шаруашылығы 65,2 10 жыл 65,2   55,5 суландырылмаған
22 Успеноюрьев ауылдық округі, Николаевка ауылы - 9, № 22 лот Фермерлік немесе шаруа қожалығын жүргізу үшін   мал шаруашылығы 284,8 10 жыл   284,8 25,9 суланған

Конкурсқа қатысу үшiн келесi құжаттар тапсырылады:

1) конкурсқа қатысуға өтiнiм;
2) конкурстық ұсыныс;

3) тартылатын инвестициялардың көлемiн растау туралы банк кепiлдiгi немесе қаржы институты кредит комитетiнiң оң шешiмi (инвестиция сомасында өнiмдердi сақтау және өңдеу объектiсiн салуға, ауыл шаруашылығы жануаларын ұстауға арналған үй-жайлар салуға, технологиялық жабдықтарды сатып алуға бағытталған қаражат есепке алынбайды).

Конкурстық ұсыныста:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемi, ауыл шаруашылығы дақылдары өңдеп-өсiру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы бiлiктi мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықiшiлiк жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөнiндегi iс-шараларды орындау;

3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңiрдiң мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егiс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтiк көрсеткiштердi орындау, ғылыми негiзделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндiк талаптарды сақтау жөнiндегi мiндеттемелер қамтылуға тиiс.

Ең жоғары балл алған қатысушы жеңiмпаз деп танылады.

Конкурстық ұсыныстың беттерi нөмiрленiп, тiгiлген түрде мөрленген немесе өшiрiлмейтiн сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы бетi жеке тұлғалар (немесе сенiмдi өкiл) үшiн — қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшiн — бiрiншi басшының (немесе сенiмдi өкiл) қолымен және мөрiмен (бар болса) куәландырылады.

Конкурсты өткiзу тәртiбi туралы мәлiметтер мен қосымша ақпаратты Ақмола облысы, Бурабай ауданы әкiмдiгiнiң интернет-ресурстарынан алуға болады, http://burabay-akmo.gov.kz/ немесе Тел.: 87163643199 Бурабай ауданының "жер қатынастары бөлiмi" ММ.

Мақаланың шыққан күні: 10.07.2019 16:43
Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.07.2019 16:45
Қаралым саны: 488

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz