A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
ХАБАРЛАМА

Ақмола облысы Жарқайың ауданының әкімдігі шаруа қожалығын, фермерлік қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 10 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді.

Ақмола облысы Жарқайың ауданының әкімдігі конкурс өткізу туралы хабарлама бірінші жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастайды.

Осы конкурсқа қатысуға өтінімдер өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау Державин қаласы, Ленин көшесі, 34 үй мекен-жайы бойынша 2020 жылғы 15 маусымнан бастап 2020 жылғы 3 шілдеге қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады. Конкурстың аяқталған күні қорытынды шығарылған күн болып есептеледі. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні өткізіледі.

Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны: 2020 жылдың 7 шілдесінде сағат 10.00-де мекен-жай Державин қаласы, Ленин көшесі, 34 үй.

№п/п Жер учаскесінің орналасқан жері (Лоттың №) Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (алқаптардың құрамы мен түрлері) Алаңы (га) Бонитет балы Топырақ сипаттамасының сапасы Сумен қамтамасыз етілуі Өңірдің ауыл шаруашылық мамандануы
1 (№ 1 лот)Костычев ауылдық округі (Маяк) Барлық алаңы:соның ішінде:табиғи жайылымжақсартылған жайылым 405285120 32,437,9 күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
2 (№ 2 лот)Костычев ауылдық округі (Маяк) жақсартылған жайылым 155 37,6 күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
3 (№ 3 лот)Үшқарасу ауылы егістік 286 29,9 күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған өсімдік шаруашылығы
4 (№ 4 лот)Үшқарасу ауылы жақсартылған жайылым 1252 19,9 күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
5 (№ 5 лот)Далабай ауылы шабындық 47,8 24,3 күрең топырақ Суландырылған мал шаруашылығы
6 (№ 6 лот)Отрадный ауылдық округі табиғи жайылым 277 25 күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
7 (№ 7 лот)Отрадный ауылдық округі табиғи жайылым 125,8 25 күңгірт-күрең топырақ Суландырылған мал шаруашылығы
8 (№ 8 лот)Отрадный ауылдық округі егістік 98 21,8 күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған өсімдік шаруашылығы
9 (№ 9 лот)Шойындыкөл ауылы жақсартылған жайылым 198 22,9 күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
10 (№ 10 лот)Шойындыкөл ауылы Барлық алаңы:соның ішінде:табиғи жайылымжақсартылған жайылым 3691368 27,626,3 күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
11 (№ 11 лот)Шойындыкөл ауылы Барлық алаңы:соның ішінде:табиғи жайылымжақсартылған жайылым 1595,2305,
31289,9
10,311,1 күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
12 (№ 12 лот)Шойындыкөл ауылы табиғи жайылым 278 12,1 күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
13 (№ 13 лот)Шойындыкөл ауылы табиғи жайылым 452 25,2 күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
14 (№ 14 лот)Нахым ауылдық округі (Баранкөл) табиғи жайылым 22,8 17,4 күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
15 (№ 15 лот)Нахым ауылдық округі (Баранкөл) шабындық 263,4 18,9 күрең топырақ Суландырылған мал шаруашылығы
16 (№ 16 лот)Костычев ауылдық округі (Донское) жақсартылған жайылым 75 35,5 күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
17 (№ 17 лот)Костычев ауылдық округі (Донское) егістік 214 32,2 күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған өсімдік шаруашылығы
18 (№ 18 лот)Костычев ауылдық округі (Маяк) табиғи жайылым 330 20,9 күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
19 (№ 19 лот)Шойындыкөл ауылы Барлық алаңы:соның ішінде:табиғи жайылымжақсартылған жайылым 65153598 12,912,8 күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
20 (№ 20 лот)Шойындыкөл ауылы Барлық алаңы:соның ішінде:табиғи жайылымжақсартылған жайылым 20001
675325
16,317,8 күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы

Конкурс Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексінің 43-1-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің Орынбасары-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекітілген шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына (мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18048 болып тіркелген) сәйкес өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:

1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

2) конкурстық ұсыныс;

Конкурсқа қатысуға арналған өтінім Жер кодексінің 43-1 бабының 9 тармағындағы көрсетілген ақпараты қамтылуы тиіс.

Конкурстық ұсыныста қамтылуы тиіс:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығымен бекітілген (мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11549 болып тіркелген) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуы тиіс.

Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

Конкурстық ұсынысты конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметті және қосымша ақпаратты Ақмола облысы, Жарқайың ауданы әкімдігінің http://zharkain.gov.kz/ интернет-ресурстарында немесе Жарқайың ауданының «Жер қатынастары бөлімі» ММ-нің 8(71648)92387 телефон нөмірі бойынша алуға болады.

Мақаланың шыққан күні: 18.05.2020 09:41
Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.05.2020 09:41
Қаралым саны: 63

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz