A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
ХАБАРЛАМА!

Ақмола облысы Ақкөл ауданының әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 10 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша қайта конкурс өткізеді.

Ақмола облысы Ақкөл ауданының әкімдігі конкурс өткізу туралы хабарлама бірінші жарияланған күнінен бастап он бес күнтізбелік күн өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастайды.

Осы конкурсқа қатысуға өтінімдер өтінімдерді қабылдау басталған күнінен бастап 15 жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Сағадат Нурмағамбетов көшесі, 81 мекен-жайы бойынша, 2020 жылғы 30 наурыздан бастап 2020 жылғы 17 сәуірін қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады.Конкурстың аяқталған күні қорытынды шығарылған күн болып есептеледі. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні өткізіледі.

Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны: конкурстың қорытындысы 2020 жылдың 20 сәуір сағат 10.00-де Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Сағадат Нурмағамбетов көшесі, 94 мекен-жайы бойынша шығарылады.

Лот № Жер учаскесінің орналасқан жері Жер учаскесінің берілу мақсаты Алқаптардың құрамы Алаңы (га) Бонитет балы Топырақ сипаттамасының сапасы Сумен қамтамасызетілуі Өңірдің ауылшаруашылық мамандануы
1 Қарасай а/о Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу ТЖ жайылым 100,0   Оңтүстік қара топырағы Суланбаған Мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы
Барлығы 100,0 14,0
2 Қарасай а/о Ауылшаруашылық өндірісін, шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу Таб. жайылым 1014,1   Оңтүстік қара топырағы Суланбаған Мал шаруашылығы
ТЖ жайылым 42,0  
Барлығы 1056,1 8,7
3 Қарасай а/о Ауылшаруашылық өндірісін, шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу Егістік 78,0   Оңтүстік қара топырағы Суланбаған Мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы
Таб. жайылым 7,8  
ТЖ жайылым 158,0  
Барлығы 243,8 13,4
4 Жалғызқарағай а/о Ауылшаруашылық өндірісін, шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу Таб. жайылым 530,0   Оңтүстік қара топырағы Суланбаған Мал шаруашылығы
Барлығы 530,0 18,3
5 Жалғызқарағай а/о Ауылшаруашылық өндірісін, шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу Егістік 532,0   Оңтүстік қара топырағы Суланбаған Мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы
Таб. жайылым 1179,0  
ТЖ жайылым 753,0  
Барлығы 2464,0 12,1
6 Еңбек а/о Ауылшаруашылық өндірісін, шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу Егістік 90,0   Оңтүстік қара топырағы Суланбаған Мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы
Таб. жайылым 57,4  
ТЖ жайылым 85,0  
Барлығы 232,4 18,0
7 Новорыбинкаа/о Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу Егістік 85,0   Оңтүстік қара топырағы Суланбаған Өсімдік шаруашылығы
Барлығы 85,0 29,2
8 Кеңес а/о Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу Егістік 73,0   Оңтүстік қара топырағы Суланбаған Өсімдік шаруашылығы
Таб. жайылым 0,7  
Барлығы 73,7 23,8

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:

1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

2) конкурстық ұсыныс.

Конкурстық ұсыныста:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;

3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану ережелерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру жөніндегі индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелерді орындау;

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімде Жер кодексінің 43-1-бабының 9-тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылуы тиіс.

Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

Конкурстық ұсынысты конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметті және қосымша ақпаратты Ақмола облысы, Ақкөл ауданы әкімдігінің http://akkol.akmo.gov.kz/ интернет-ресурсында, немесе «Ақкөл ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-нің 871638 2-06-68 телефон нөмірі бойынша алуға болады.

 

Результаты согласования
27.02.2020 18:40:00: Ещанова А. С. (Общий отдел) - - cогласовано без замечаний
Результат подписания
27.02.2020 18:40:34 Каиржанов А. К.. Подписано

Мақаланың шыққан күні: 28.02.2020 13:47
Парақтағы соңғы өзгерістер: 28.02.2020 13:47
Қаралым саны: 930

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz