A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
ХАБАРЛАМА

Ақмола облысы Жарқайың ауданының әкімдігі шаруа қожалығын, фермерлік қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 10 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша қайта конкурс өткізеді.

Ақмола облысы Жарқайың ауданының әкімдігі конкурс өткізу туралы хабарлама бірінші жарияланған күннен бастап он бес күнтізбелік күн өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастайды.

Осы конкурсқа қатысуға өтінімдер өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау Державин қаласы, Ленин көшесі, 34 үй мекен-жайы бойынша 2020 жылғы 3 ақпанынан бастап 2020 жылғы 14 ақпанын қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады. Конкурстың аяқталған күні қорытынды шығарылған күн болып есептеледі. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні өткізіледі.

Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны: 2020 жылдың 17 ақпанында сағат 10.00-де мекен-жайы Державин қаласы, Ленин көшесі, 34 үй.

№п/п Жер учаскесінің орналасқан жері (лоттың №) Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (алқаптардың құрамы мен түрлері) Алаңы (га) Бонитет балы Топырақ сипаттамасының сапасы Сумен қамтамасыз етілуі Өңірдің ауыл шаруашылық мамандануы
1 (№ 2 лот)Тассуат ауылы табиғи жайылым 174,8 19,6 күңгірт-күрең топырақ суландырылмаған мал шаруашылығы
2 (№ 3 лот)Тассуат ауылы табиғи жайылым 275,2 19,6 күңгірт-күрең топырақ суландырылмаған мал шаруашылығы
3 (№ 4 лот)Тассуат ауылы табиғи жайылым 145,4 8,6 күңгірт-күрең топырақ суландырылмаған мал шаруашылығы
4 (№ 12 лот)Жаңадала ауылдық округі Барлық алаңы:соның ішінде:табиғи жайылымжақсартылған жайылым 346,2
201,9
144,3
14,127,7 күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
5 (№ 14 лот)Пригород ауылы табиғи жайылым 502 18,7 күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
6 (№ 16 лот)Пригород ауылы табиғи жайылым 441 24,8 күңгірт-күрең топырақ Суландырылған мал шаруашылығы
7 (№ 21 лот)Костычев ауылдық округі жақсартылған жайылым 300 31,1 күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
8 (№ 23 лот)Костычев ауылдық округі Барлық алаңы:соның ішінде:егістіктабиғи жайылым 559,7
286,5
273,2
30,431,0 күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған өсімдік шаруашылығымал шаруашылығы

Конкурс Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексінің 43-1-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің Орынбасары-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекітілген шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына (мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18048 болып тіркелген) сәйкес өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:

1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

2) конкурстық ұсыныс;

Конкурсқа қатысуға арналған өтінім Жер кодексінің 43-1 бабының 9 тармағындағы көрсетілген ақпараты қамтылуы тиіс.

Конкурстық ұсыныста қамтылуы тиіс:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығымен бекітілген (мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11549 болып тіркелген) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуы тиіс.

Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

Конкурстық ұсынысты конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметті және қосымша ақпаратты Ақмола облысы, Жарқайың ауданы әкімдігінің http://zharkain.gov.kz/ интернет-ресурстарында немесе Жарқайың ауданының «Жер қатынастары бөлімі» ММ-нің 8(71648)92387 телефон нөмірі бойынша алуға болады.

Мақаланың шыққан күні: 17.01.2020 12:20
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.01.2020 12:20
Қаралым саны: 352

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz