A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
ХАБАРЛАМА

Ақмола облысы Целиноград ауданының әкiмдiгi шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн 10 жыл мерзiмге уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурс өткiзедi.

Ақмола облысы Целиноград ауданының әкiмдiгi шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн 10 жыл мерзiмге уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурс өткiзедi.

Ақмола облысы Целиноград ауданының әкiмдiгi конкурс өткiзу туралы хабарлама бiрiншi жарияланған күнiнен бастап отыз күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдауды бастайды.

Осы конкурсқа қатысуға өтiнiмдер өтiнiмдердi қабылдау басталған күнiнен бастап 15 жұмыс күнi iшiнде қабылданады. Өтiнiмдердi қабылдау Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Наурыз көшесi, 34 мекен-жайы бойынша, 2020 жылғы 12 қазаннан бастап 2020 жылғы 30 қазанды қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады.Конкурстың аяқталған күнi қорытынды шығарылған күн болып есептеледi. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысуға өтiнiм беру мерзiмi аяқталғаннан кейiн келесi күнi өткiзiледi.

Конкурсты өткiзу күнi, уақыты және орны: конкурстың қорытындысы 2020 жылдың 31 қазан сағат 15.00-де Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Наурыз көшесi, 34 мекен-жайы бойынша шығарылады.

Лот № Жеручаскесініңорналасқанжері Жер учаскесінің берілу мақсаты Алқаптардың құрамы Алаңы (га) Бонитет балы Топырақ сипаттамасының сапасы Сумен қамтамасызетілуі Өңірдің ауылшаруашылық мамандануы
1 Арайлы а/о шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу Шабындық 31   Күңгірт-күрең топырақ Суланған Мал шаруашылығы
Табиғи жайылым 1  
Батпақ 5  
Барлығы 37 8
2 Арайлы а/о шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу Шабындық 227   Күңгірт-күрең топырақ Суланған Мал шаруашылығы
Табиғи жайылым 2  
Батпақ 29  
Барлығы 258 34
3 Рахымжан Кошкарбаев а/о шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу Егістік 56   Күңгірт-күрең топырақ Суланған Өсімдік шаруашылығы
Барлығы 56 36
4 Жарлыкөл а/о шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу Егістік 17   Күңгірт-күрең топырақ Суланған Өсімдік және мал шаруашылығы
Табиғи Жайылым 4  
Барлығы 21 33
5 Маншүк а/о шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу Егістік 53   Күңгірт-күрең топырақ Суланған Өсімдік шаруашылығы
Жолдар 1  
Барлығы 54 27
6 Маншүк а/о шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу Егістік 83   Күңгірт-күрең топырақ Суланған Өсімдік шаруашылығы
Барлығы 83 29
7 Қабанбай батыр а/о шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу Егістік 106   Күңгірт-күрең топырақ Суланған Өсімдік шаруашылығы
Итого 106 29
8 Қабанбай батыр а/о шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу Түбегейлі жақстарлыған жайылым 198   Күңгірт-күрең топырақ Суланған Мал шаруашылығы
Табиғи жайылым 42  
Жолдар 1  
Барлығы 241 22
9 Тасты а/о шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу Егістік 88   Күңгірт-күрең топырақ Суланған Өсімдік және мал шаруашылығы
Табиғи жайылым 22  
Су астында 1  
Барлығы 111 20

 Конкурсқа қатысу үшiн мынадай құжаттар берiледi:

1) конкурсқа қатысуға арналған өтiнiм;

2) конкурстық ұсыныс.

Конкурстық ұсыныста:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемi, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсiру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы бiлiктi мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықiшiлiк жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөнiндегi iс-шараларды орындау;

3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердi ұтымды пайдалану ережелерiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарын орындау, өңiрдiң мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егiс алқаптарының құрылымын әртараптандыру жөнiндегi индикативтiк көрсеткiштердi орындау, ғылыми негiзделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндiк талаптарды сақтау жөнiндегi мiндеттемелердi орындау;

Конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмде Жер кодексiнiң 43-1-бабының 9-тармағында көрсетiлген мәлiметтер қамтылуы тиiс.

Конкурстық ұсыныста өтiнiм берушi ұсынған мiндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлiгi болып табылады.

Конкурстық ұсынысты конкурсқа қатысушы беттерi нөмiрленiп, тiгiлген түрде мөрленген немесе өшiрiлмейтiн сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы бетi жеке тұлғалар (немесе сенiмдi өкiл) үшiн — қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшiн — бiрiншi басшының (немесе сенiмдi өкiл) қолымен және мөрiмен (бар болса) куәландырылады.

Конкурсты өткiзу тәртiбi туралы мәлiметтi және қосымша ақпаратты Ақмола облысы, Целиноград ауданы әкiмдiгiнiң http://selinograd.akmo.gov.kz/ интернет-ресурстарында, Целиноград ауданының мерзiмдi баспа шығарылдарда немесе «Целиногра ауданының жер қатынастары бөлiмi» ММ-нiң 871651 30-064 телефон нөмiрi бойынша алуға болады.

Мақаланың шыққан күні: 16.09.2020 14:53
Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.09.2020 14:54
Қаралым саны: 50

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz