A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
ХАБАРЛАМА

Ақмола облысы Астрахан ауданының әкімдігі шаруа қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 10 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді.

Ақмола облысы Астрахан ауданының әкімдігі конкурс өткізу туралы хабарлама бірінші жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастайды.

Осы конкурсқа қатысуға өтінімдер өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесі, 50 үй мекен-жайы бойынша 2019 жылғы 14 қазаннан бастап 2019 жылғы 1 қараша қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады. Конкурстың аяқталған күні қорытынды шығарылған күн болып есептеледі. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні өткізіледі.

Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны: конкурстың қорытындысы 2019 жылғы 4 қараша сағат 15.00-де Ақмола облысы, Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесі, 50 үй, 2 қабат, мәжіліс залы мекен-жайы бойынша шығарылады.

Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізімі.

лот № Жер учаскесінің орналасқан жері Жер учаскесінің берілу мақсаты Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (алқаптардың құрамы мен түрлері) Алаңы (га) Бонитет балы Топырақ сипаттамасының сапасы Сумен қамтамасыз етілуі Өңірдің ауыл шаруашылық мамандануы  
1 Жарсуат ауылдық округі Ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа қожалығын жүргізу Егістік 350,0 21,2 Күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған Өсімдік шаруашылығы  
2 Жарсуат ауылдық округі Ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа қожалығын жүргізу Егістік 286,0 29,5 Күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған Өсімдік шаруашылығы  
3 Жарсуат ауылдық округі Ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа қожалығын жүргізу Шабындық 489,4 18,1 Күңгірт-күрең топырақ Суланған Мал шаруашылығы  
4 Жарсуат ауылдық округі Ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа қожалығын жүргізу Егістік 470,0 27,1 Күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған Өсімдік шаруашылығы  
5 Жарсуат ауылдық округі Ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа қожалығын жүргізу Егістік 370,0 22 Күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған Өсімдік шаруашылығы  
6 Старый Колутон ауылдық округі Ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа қожалығын жүргізу Барлық жайылым алаңы:соның ішінде:т.ж. жайылым 966,7493,0 15,8 Күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған Мал шаруашылығы  
7 Острогорск ауылдық округі Ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа қожалығын жүргізу Егістік 352,3 18,0 Күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған Өсімдік шаруашылығы  
8 Астрахан ауылдық округі Ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа қожалығын жүргізу Егістік 221,0 25,0 Күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған Өсімдік шаруашылығы  
9 Астрахан ауылдық округі Ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа қожалығын жүргізу Жайылым 700,0 17,4 Күңгірт-күрең топырақ Суланған Мал шаруашылығы  
10 Кызылжар ауылдық округі Ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа қожалығын жүргізу Барлық алаңы:соның ішінде:т.ж. жайылым 300,0137,0 13,3 Күңгірт-күрең топырақ Суланған Мал шаруашылығы  
11 Колутон ауылдық округі Ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа қожалығын жүргізу Барлық алаңы:соның ішінде:шабындықжайылым 300,086,0214,0 13,8 Күңгірт-күрең топырақ Суланған Мал шаруашылығы  
Жалпы аумағы 4805,4 га, соның ішінде 2049,3 га егістік, 575,4 га шабындық, 2180,7 га жайылым, оның ішінде 630,0 га т.ж. жайылым

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:

1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

2) конкурстық ұсыныс;

Конкурстық ұсыныста:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығымен бекітілген (мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11549 болып тіркелген) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуы тиіс.

Конкурстық ұсынысты конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметті және қосымша ақпаратты Ақмола облысы, Астрахан ауданы әкімдігінің http://astrahan.gov.kz/ нтернет-ресурстарында немесе Астрахан ауданының «Жер қатынастары бөлімі» ММ-нің 8(71641)23865 телефон нөмірі бойынша алуға болады.

Мақаланың шыққан күні: 16.09.2019 10:09
Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.09.2019 10:09
Қаралым саны: 155

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz