A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
ХАБАРЛАМА

Ақмола облысы Егiндiкөл ауданының әкiмдiгi шаруа қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн 10 жыл мерзiмге уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурс өткiзедi.

Ақмола облысы Егiндiкөл ауданының әкiмдiгi конкурс өткiзу туралы хабарлама бiрiншi жарияланған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдауды бастайды.

Осы конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күнi iшiнде қабылданады. Өтiнiмдердi қабылдау Егiндiкөл ауданы, Егiндiкөл ауылы, Победа көшесi, 2 мекен-жайы бойынша 2019 жылғы 13 қарашадан бастап 2019 жылғы 4 желтоқсанға дейiн қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады. Конкурстың аяқталған күнi қорытынды шығарылған күн болып есептеледi. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысуға өтiнiм беру мерзiмi аяқталғаннан кейiн келесi күнi өткiзiледi.

Конкурстың қорытындысын шығару күнi, уақыты және орны: 2019 жылғы 5 желтоқсанда сағат 11.00-де Ақмола облысы, Егiндiкөл ауылы, Победа көшесi, 6, 2-қабат, мәжiлiс залы.

лот № Жер учаскесінің орналасқан жері Жер учаскесінің берілу мақсаты Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (алқаптардың құрамы мен түрлері) Алаңы (га) Бонитет балы Топырақ сипаттамасының сапасы Сумен қамтамасыз етілуі Өңірдің ауыл шаруашылық мамандануы
1 Абай ауылы ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа қожалығын жүргізу түбегейлі жақсартылған жайылым 255 9 күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
2 Абай ауылы ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа қожалығын жүргізу түбегейлі жақсартылған жайылым 300 6 күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
3 Абай ауылы ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа қожалығын жүргізу түбегейлі жақсартылған жайылым 300 6 күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
4 Буревестник ауылы ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа қожалығын жүргізу түбегейлі жақсартылған жайылым 195 23 күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
5 Жалманқұлақ ауылдық округі (Жұлдыз а.) ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа қожалығын жүргізу табиғи жайылым 103 8 күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
6 Жалманқұлақ ауылдық округі (Жұлдыз а.) ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа қожалығын жүргізу Барлық алаңы, соның ішінде:түбегейлі жақсартылған жайылым ,табиғи жайылым 397165232 18 күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
7 Қоржынкөл ауылы ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа қожалығын жүргізу түбегейлі жақсартылған жайылым 450 13 күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
Жалпы аумағы 2 000 га, соның ішінде 335 га табиғи жайылым, 1665 га т.ж. жайылым.

Конкурсқа қатысу үшiн мынадай құжаттар берiледi:

1) конкурсқа қатысуға арналған өтiнiм;

2) конкурстық ұсыныс;

Конкурстық ұсыныста:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемi, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсiру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы бiлiктi мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықiшiлiк жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөнiндегi iс-шараларды орындау;

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң мiндетiн атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығымен бекiтiлген (мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11549 болып тiркелген) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңiрдiң мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егiс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтiк көрсеткiштердi орындау, ғылыми негiзделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндiк талаптарды сақтау жөнiндегi мiндеттемелер қамтылуы тиiс.

Инвестиция сомасында өнiмдердi сақтау және өңдеу объектiсiн салуға, ауыл шаруашылығы жануарларын ұстауға арналған үй-жайлар салуға, технологиялық жабдықтарды сатып алуға бағытталған қаражат есепке алынбайды. Ең жоғары балл алған қатысушы жеңiмпаз болып танылады.

Конкурстық ұсынысты конкурсқа қатысушы беттерi нөмiрленiп, тiгiлген түрде мөрленген немесе өшiрiлмейтiн сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы бетi жеке тұлғалар (немесе сенiмдi өкiл) үшiн — қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшiн — бiрiншi басшының (немесе сенiмдi өкiл) қолымен және мөрiмен (бар болса) куәландырылады.

Конкурсты өткiзу тәртiбi туралы мәлiметтi және қосымша ақпаратты Ақмола облысы, Егiндiкөл ауданы әкiмдiгiнiң http://egin.akmo.gov.kz/ интернет-ресурстарында немесе «Егiндiкөл ауданының жер қатынастары бөлiмi» ММ-нiң 87164221510 телефон нөмiрi бойынша алуға болады.

Мақаланың шыққан күні: 15.10.2019 10:10
Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.10.2019 10:10
Қаралым саны: 170

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz