A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
ХАБАРЛАМА

Ақмола облысы Жарқайың ауданының әкiмдiгi шаруа қожалығын, фермерлiк қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн 10 жыл мерзiмге уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурс өткiзедi.

Ақмола облысы Жарқайың ауданының әкiмдiгi конкурс өткiзу туралы хабарлама бiрiншi жарияланған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдауды бастайды.

Осы конкурсқа қатысуға өтiнiмдер өтiнiмдердi қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күнi iшiнде қабылданады. Өтiнiмдердi қабылдау Державин қаласы, Ленин көшесi, 34 үй мекен-жайы бойынша 2019 жылғы 11 қарашасынан бастап 2019 жылғы 29 қарашасын қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады. Конкурстың аяқталған күнi қорытынды шығарылған күн болып есептеледi. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысуға өтiнiм беру мерзiмi аяқталғаннан кейiн келесi күнi өткiзiледi.

Конкурсты өткiзу күнi, уақыты және орны: 2019 жылдың 2 желтоқсанында сағат 10.00-де мекен-жай Державин қаласы, Ленин көшесi, 34 үй.

№п/п Жер учаскесінің орналасқан жері (Лоттың №) Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (алқаптардың құрамы мен түрлері) Алаңы (га) Бонитет балы Топырақ сипаттамасының сапасы Сумен қамтамасыз етілуі Өңірдің ауыл шаруашылық мамандануы
10 № 11 лотЖаңадала ауылдық округі Барлық алаңы:соның ішінде:табиғи жайылымжақсартылған жайылым 224,6129,495,2 22,428,2 күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
11 № 12 лотЖаңадала ауылдық округі Барлық алаңы:соның ішінде:табиғи жайылымжақсартылған жайылым 346,2201,9144,3 14,127,7 күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
12 № 13 лотКостычев ауылдық округі жақсартылған жайылым 303,5 33,1 күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
13 № 14 лотПригород ауылы табиғи жайылым 502 18,7 күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
14 № 15 лотПригород ауылы табиғи жайылым 57 15,1 күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
15 № 16 лотПригород ауылы табиғи жайылым 441 24,8 күңгірт-күрең топырақ Суландырылған мал шаруашылығы
16 № 17 лотГастелло ауылы табиғи жайылым 21,3 22,6 күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
17 № 18 лотГастелло ауылы табиғи жайылым 203,9 23,3 күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
18 № 19 лотГастелло ауылы табиғи жайылым 69,2 22,1 күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
19 № 20 лотНахым ауылдық округі жақсартылған жайылым 34,4 33,2 күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
20 № 21 лотКостычев ауылдық округі жақсартылған жайылым 300 31,1 күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
21 № 22 лотУәлихан ауылдық округі егістік 203 27,7 күрең топырақ Суландырылмаған өсімдік шаруашылығы
22 № 23 лотКостычев ауылдық округі Барлық алаңы:соның ішінде:егістіктабиғи жайылым 559,7286,5273,2 30,431,0 күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған өсімдік шаруашылығымал шаруашылығы

Конкурсқа қатысу үшiн мынадай құжаттар берiледi:

1) конкурсқа қатысуға арналған өтiнiм;

2) конкурстық ұсыныс;

Конкурсқа қатысуға арналған өтiнiм Жер кодексiнiң 43-1 бабының 9 тармағындағы көрсетiлген ақпараты қамтылуы тиiс.

Конкурстық ұсыныста қамтылуы тиiс:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемi, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсiру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы бiлiктi мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықiшiлiк жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөнiндегi iс-шараларды орындау;

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң мiндетiн атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығымен бекiтiлген (мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11549 болып тiркелген) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңiрдiң мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егiс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтiк көрсеткiштердi орындау, ғылыми негiзделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндiк талаптарды сақтау жөнiндегi мiндеттемелер қамтылуы тиiс.

Конкурстық ұсыныста өтiнiм берушi ұсынған мiндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлiгi болып табылады.

Конкурстық ұсынысты конкурсқа қатысушы беттерi нөмiрленiп, тiгiлген түрде мөрленген немесе өшiрiлмейтiн сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы бетi жеке тұлғалар (немесе сенiмдi өкiл) үшiн — қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшiн — бiрiншi басшының (немесе сенiмдi өкiл) қолымен және мөрiмен (бар болса) куәландырылады.

Конкурсты өткiзу тәртiбi туралы мәлiметтi және қосымша ақпаратты Ақмола облысы, Жарқайың ауданы әкiмдiгiнiң http://zharkain.gov.kz/ интернет-ресурстарында немесе Жарқайың ауданының «Жер қатынастары бөлiмi» ММ-нiң 8(71648)92387 телефон нөмiрi бойынша алуға болады.

Мақаланың шыққан күні: 14.10.2019 17:11
Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.10.2019 17:11
Қаралым саны: 166

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz