A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
ХАБАРЛАМА

Ақмола облысы Есіл ауданының әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 49 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді.

Ақмола облысы Есіл ауданының әкімдігі конкурс өткізу туралы хабарлама бірінші жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастайды.

Осы конкурсқа қатысуға өтінімдер өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау Есіл ауданы, Есіл қаласы, Қонаев көшесі, 13 мекен-жайы бойынша, 2019 жылғы 12 желтоқсаннан бастап 2020 жылғы 08 қаңтарды қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады.Конкурстың аяқталған күні қорытынды шығарылған күн болып есептеледі. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні өткізіледі.

Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны: конкурстың қорытындысы 2020 жылдың 09 қаңтарда сағат 09.00-де Ақмола облысы, Есіл ауданы, Есіл қаласы, Қонаев көшесі, 6 мекен-жайы бойынша шығарылады.

Лот № Жер учаскесінің орналасқан жері Жер учаскесінің берілу мақсаты Алқаптардың құрамы Алаңы (га) Бонитет балы Топырақ сипаттамасының сапасы Сумен қамтамасыз етілуі Өңірдің ауыл шаруашылық мамандануы
1 Красивинский ауылдық округі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу егістік 77 34,1 күңгірт-күреңтопырақ суландырылмаған өсімдік шаруашылығы
2 Бұзылық ауылдық округі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу егістік 80 33,8 күңгірт-күрең топырақ суландырылмаған өсімдік шаруашылығы
3 Ақсай ауылы шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу егістік 98 28,7 күңгірт-күреңтопырақ суландырылмаған өсімдік шаруашылығы
4 Ярославка ауылы шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу егістік 120 31,3 күңгірт-күреңтопырақ суландырылмаған өсімдік шаруашылығы
5 Жаныспайский ауылдық округі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу егістік 443 30,9 күңгірт-күреңтопырақ суландырылмаған өсімдік шаруашылығы

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:

1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

2) конкурстық ұсыныс.

Конкурстық ұсыныста:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;

3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану ережелерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру жөніндегі индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелерді орындау;

Инвестиция сомасында өнімдерді сақтау және өңдеу объектісін салуға, ауыл шаруашылығы жануарларын ұстауға арналған үй-жайлар салуға, технологиялық жабдықтарды сатып алуға бағытталған қаражат есепке алынбайды.Ең жоғары балл алған қатысушы жеңімпаз болып танылады.

Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.
Конкурстық ұсынысты конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметті және қосымша ақпаратты Ақмола облысы, Есіл ауданы әкімдігінің http://esil.gov.kz/интернет-ресурстарында немесе «Есіл ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-нің 87164721647 телефон нөмірі бойынша алуға болады.

Мақаланың шыққан күні: 11.11.2019 16:06
Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.11.2019 16:06
Қаралым саны: 1218

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz