A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
ХАБАРЛАМА

Ақмола облысы Сандықтау ауданының әкiмдiгi шаруа қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн 10 жыл мерзiмге уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурс өткiзедi.

Ақмола облысы Сандықтау ауданының әкiмдiгi конкурс өткiзу туралы хабарлама бiрiншi жарияланған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдауды бастайды.

Осы конкурсқа қатысуға өтiнiмдер өтiнiмдердi қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күнi iшiнде қабылданады. Өтiнiмдердi қабылдау Балкашин ауылы, Абылай хан көшесi, 119 үй мекен-жайы бойынша 2019 жылғы 07 қазандағы бастап 2019 жылғы 25 қазандағы қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады. Конкурстың аяқталған күнi қорытынды шығарылған күн болып есептеледi. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысуға өтiнiм беру мерзiмi аяқталғаннан кейiн келесi күнi өткiзiледi.

Конкурсты өткiзу күнi, уақыты және орны: конкурстың қорытындысы 2019 жылғы 26 қазандағы сағат 11.00-де Ақмола облысы, Балкашин ауылы, Абылай хан көшесi, 117, 1 қабат, мәжiлiс залы мекен-жайы бойынша шығарылады.

№п/п Жер учаскесінеүшін ұсынылады: Жер учаскесінеүшін ұсынылады: Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы Жалпы аудаңы, га Жалға беру мерзімі, жыл Алқаптардың құрамы,оның ішінде Топырақтың сапалық сипаттамасы, орташа балл бонитет Сумен қамтамасыз етілуі Өзгеде
Егістік Жайылымдық Шабын-дық Басқа алқаптар      
1 Белгород ауылдық округіЛот № 1 Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін Өсімдік шаруашылығы 97,0 га10 жылға 97,0 га       Қара қоңыр топырақ,(Балл бонитет 50,3) суландырылмаған  
2 Белгород ауылдық округілот № 2 Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін Өсімдік шаруашылығы 135,7 га10 жылға 135,7 га       Қара қоңыр топырақ,(Балл бонитет 63,1) суландырылмаған  
3 Белгород ауылдық округілот № 3 Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін Өсімдік шаруашылығы 139,0 га10 жылға 139,0 га       Қара қоңыр топырақ,(Балл бонитет 62,0) суландырылмаған  
4 Каменка ауылдық округілот № 4 Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін Өсімдік шаруашылығы 109,0 га10 жылға 109,0 га       Қара қоңыр топырақ,(Балл бонитет 57,5) суландырылмаған  
5 Каменка ауылдық округілот № 5 Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы 205,7 га10 жылға 201,0 га 4,7 га     Қара қоңыр топырақ,(Балл бонитет 50,2) суландырылмаған  
6 Васильев ауылдық округілот № 6 Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы 333,0 га10 жылға 295,0 га 38,0 га     Қара қоңыр топырақ,(Балл бонитет 52,2) суландырылмаған  
7 Васильев ауылдық округілот № 7 Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін Өсімдік шаруашылығы 338,0 га10 жылға 338,0 га       Қара қоңыр топырақ,(Балл бонитет 49,0) суландырылмаған  
8 Васильев ауылдық округілот № 8 Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы 363,0 га10 жылға 352,0 га 11,0 га     Қара қоңыр топырақ,(Балл бонитет 48,3) суландырылмаған  
9 Васильев ауылдық округілот № 9 Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін Өсімдік шаруашылығы 359,0 га10 жылға 359,0 га       Қара қоңыр топырақ,(Балл бонитет 50,3) суландырылмаған  
10 Васильев ауылдық округілот № 10 Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін Өсімдік шаруашылығы 272,0 га10жылға 272,0 га       Қара қоңыр топырақ,(Балл бонитет 50,6) суландырылмаған  
11 Васильев ауылдық округілот № 11 Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін Өсімдік шаруашылығы 376,0 га10 жылға 376,0 га       Қара қоңыр топырақ,(Балл бонитет 47,5) суландырылмаған  
12 Веселов ауылдық округілот № 12 Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін мал шаруашылығы 406,4 га10 жылға   406,4 га     Қара қоңыр топырақ,(Балл бонитет 23,6) суландырылмаған  
13 Веселов ауылдық округілот № 13 Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін мал шаруашылығы 202,4 га10 жылға   202,4 га     Қара қоңыр топырақ,(Балл бонитет 17,8) суландырылмаған  
14 Широков ауылдық округі лот № 14 Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін мал шаруашылығы 186,0 га10 жылға   186,0 га     Қара қоңыр топырақ,(Балл бонитет 14,0) суландырылмаған  
15 Широков ауылдық округі лот № 15 Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін мал шаруашылығы 335,0 га10 жылға   335,0 га     Қара қоңыр топырақ,(Балл бонитет 11,4) суландырылмаған  
16 Широков ауылдық округі лот № 16 Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін мал шаруашылығы 87,8 га10 жылға   87,8 га     Қара қоңыр топырақ,(Балл бонитет 24,0) суландырылмаған  
Жер учаскелерінің жалпы көлемі 3945 га, оның ішінде егістік 2673,7 га, жайылым 1271,3 га.

Конкурсқа қатысу үшiн мынадай құжаттар берiледi:

1) конкурсқа қатысуға арналған өтiнiм;

2) конкурстық ұсыныс;

Конкурстық ұсыныста:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемi, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсiру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы бiлiктi мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықiшiлiк жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөнiндегi iс-шараларды орындау;

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң мiндетiн атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығымен бекiтiлген (мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11549 болып тiркелген) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңiрдiң мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егiс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтiк көрсеткiштердi орындау, ғылыми негiзделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндiк талаптарды сақтау жөнiндегi мiндеттемелер қамтылуы тиiс.

Инвестиция сомасында өнiмдердi сақтау және өңдеу объектiсiн салуға, ауыл шаруашылығы жануарларын ұстауға арналған үй-жайлар салуға, технологиялық жабдықтарды сатып алуға бағытталған қаражат есепке алынбайды. Ең жоғары балл алған қатысушы жеңiмпаз болып танылады.

Конкурстық ұсынысты конкурсқа қатысушы беттерi нөмiрленiп, тiгiлген түрде мөрленген немесе өшiрiлмейтiн сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы бетi жеке тұлғалар (немесе сенiмдi өкiл) үшiн — қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшiн — бiрiншi басшының (немесе сенiмдi өкiл) қолымен және мөрiмен (бар болса) куәландырылады.

Конкурсты өткiзу тәртiбi туралы мәлiметтi және қосымша ақпаратты Ақмола облысы, Сандықтау ауданы әкiмдiгiнiң http://sand.akmo.gov.kz/ интернет-ресурстарында немесе «Сандықтау ауданының жер қатынастары бөлiмi» КММ-нiң 87164091356 телефон нөмiрi бойынша алуға болады.

Мақаланың шыққан күні: 03.09.2019 11:07
Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.09.2019 11:11
Қаралым саны: 91

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz