A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Ақмола облысы Бұланды ауданының әкiмдiгi шаруа қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн 10 жыл мерзiмге уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурс өткiзедi.

Ақмола облысы Бұланды ауданының әкiмдiгi конкурс өткiзу туралы хабарлама бiрiншi жарияланған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдауды бастайды.

Осы конкурсқа қатысуға өтiнiмдер өтiнiмдердi қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күнi iшiнде қабылданады. Өтiнiмдердi қабылдау 2019 жылғы 29 сәуiрден бастап 2019 жылғы 23 мамырды қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады.

Конкурстың аяқталған күнi қорытынды шығарылған күн болып есептеледi. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысуға өтiнiм беру мерзiмi аяқталғаннан кейiн келесi күнi өткiзiледi.

Конкурсты өткiзу күнi, уақыты және орны: конкурстың қорытындысы 2019 жылғы 24 мамырда Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Некрасов көшесi, 19, 3 қабат, мәжiлiс залы мекенжайы бойынша шығарылады.

Конкурсқа қатысу үшiн келесi құжаттар тапсырылады:

1) конкурсқа қатысуға өтiнiм;

2) конкурстық ұсыныс;

3) тартылатын инвестициялардың көлемiн растау туралы банк кепiлдiгi немесе қаржы институты кредит комитетiнiң оң шешiмi.

Инвестициялар сомасында өнiмдi сақтау және қайта өңдеу объектiсiн салуға, ауыл шаруашылығы жануарларын ұстауға арналған үй-жай салуға, технологиялық жабдықтарды сатып алуға бағытталған қаражат есепке алынбайды. Ең жоғары балл алған қатысушы жеңiмпаз деп танылады.

Конкурсты өткiзу тәртiбi туралы мәлiметтер мен қосымша ақпаратты Ақмола облысы, Бұланды ауданы әкiмдiгiнiң интернет-ресурстарынан алуға болады, http://bulandy-akmol.gov.kz/ немесе Тел.: 87164622584 Бұланды ауданының "жер қатынастары бөлiмi" ММ.

лот № Жер учаскесінің орналасқан жері Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (алқаптардың құрамы мен түрлері) Алаңы (га) Бонитет балы Топырақ сипаттамасының сапасы Сумен қамтамасыз етілуі Өңірдің ауыл шаруашылық мамандануы
1 Айнакөл ауылдық округы табиғи жайылым 22 10 Қара - күрең Суландырылмаған мал шаруашылығы
егістік 121 20,1 Қоңыр Суландырылмаған Аграрлық
2 Никольск ауылдық округы табиғи жайылым 0,3 18 Оңтүстік қара топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
егістік 200 44,8 Оңтүстік қара топырақ Суландырылмаған Аграрлық
3 Даниловка ауылдық округы табиғи жайылым 674,1 9,1 Оңтүстік қара топырақ суланған мал шаруашылығы
жақсартылған жайылым 166 11,2 Оңтүстік қара топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
4 Даниловка ауылдық округы табиғи жайылым 52,5 29,1 Оңтүстік қара топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
егістік 30 29,1 Оңтүстік қара топырақ Суландырылмаған Аграрлық
5 Вознесенка ауылдық округы табиғи жайылым 345,3 16,3 Кәдімгі қара топырақ суланған мал шаруашылығы
егістік 775 26,7 Кәдімгі қара топырақ Суландырылмаған Аграрлық
6 Ерголка ауылдық окруы табиғи жайылым 254 32,2 Кәдімгі қара топырақ Оңтүстік қара топырақ суланған мал шаруашылығы
жақсартылған 173 36,8 Кәдімгі қара топырақ суланған мал шаруашылығы
егістік 95 27,8 Кәдімгі қара топырақ Оңтүстік қара топырақ Суландырылмаған Аграрлық
7 Ерголка ауылдық округ егістік 74,4 46 Кәдімгі қара топырақ Суландырылмаған Аграрлық
Мақаланың шыққан күні: 29.03.2019 09:22
Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.03.2019 09:22
Қаралым саны: 768

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz