A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
«Ханым сүйегі»

Абылай ханныңсүйiктi жұбайы Өрес ханымның қабiрi Урюпинка ауылының батысында 2 км қашықтықта орналасқан.

Қарауыл ақынның сөздерi бойынша «Ханым Өрес жерлеген жердiң қасында Дөңгелекқау жерi бар (қазiргi Урпинка)».1896 жылы Дөңгелекқаудың орнында Урюпинка ауылы пайда болды. Бұл жерге Волгоград қаласынанУрюпинка аймағына қоныс аударған тұрғындар көшiп келдi. «Ханым сүйегi» деген не? (Ханым Өрес мазары)? — деген сұрақтар туындады. Дерек үшiн: Шоқан Уәлихановтың зерттеулерiндеАбылай ханның он екi әйелi болған делiнедi. Абылай хан көп уақытын өзiнiң сүйiктi әйелi Өрес ханымға бөледi екен.Өзжазбаларында«Урюпинка ауылының үлкендерiнiң естелiктерiнен: Абылай хан батырларымен бiркүнге Түркiстаннан келедi. Ол жолда Талқара өзенiнiң жағалауына тоқтауды ұйғарады. Ол жер Дөңгелекқаудың жанында орналасқан. Ауыл тұрғандары дәстүр бойынша ерулiк жасайды. Абылай ханға Шайқы-бұрқы бақсы келедi. Ханның«Болашақта менi не күтiп тұр?»-деген сұрағына, бақсы «О,Ұлы хан, сүйiктi әйелiң ертең қайтып кетедi, сен оны осы жерге жерле»- дептi. Абылай хан бақсының айтқанына ашуланып, қуып жiбередi. 25 км жол жүрген соң әйелi Өрес ханым қайтыс болады. Сонда Абылай хан бақсының сөздерiн еске алып, сол орынға оралып, әйелiн бақсы айтқан жерге жерлейдi. Содан берi бұл жер «Ханым сүйегi» деп аталады (останки Ханым Орес).Ауыл жанында Қызылжарға қарайүлкен қара жол жатыр (Қаражол). Адамдароны Абылай ханның «қара жолы» деп атап кеткен»- деп жазған жазушы, зерттеушi Жайық Бектұров.

Дереккөзi:Бектұров Жайық. Енеден ерте айрылған төл секiлдi… — Алматы. — ЖШС. — «Қазақстан» баспа үйi», 2002. — 446-447 бб.

Мақаланың шыққан күні: 21.02.2018 12:10
Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.02.2018 12:10
Қаралым саны: 734

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz