A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Ханафи мазхабы және қазақ халқының рухани мұрасы

Тәуелсiздiгiмiзге ие болған кезеңнен бастап елiмiзде дiни мәдениетiмiзге қайта оралу үдересi белсендi түрде жүрiп жатқаны белгiлi. Ежелден Қазақстан халқы еш заманда да дiни фанатизмге бой алдырмаған, өзге халықтардың дiни наным-сенiмдерiне құрметпен қарайтын қасиетiмен ерекшеленетiн ел болатын.

Дiн қазiргi уақытта қазақстандық қоғамның әртүрлi топтары арасында қызу талқыға түсiп келе жатқан сала болып саналады. Кеңес Одағы мен оның коммунистiк идеясы күйреген соң посткеңестiк кеңiстiкте пайда болған идеологиялық ваккумдi түрлi дәстүрлi емес дiни ағымдардың өкiлдерi өз пайдасына пайдаланып қалуға тырысты. Кеңес үкiметiнiң саясаты нәтижесiнде посткеңестiк республикалар әлемдегi мұсылман елдерiндегi дiни-рухани салада болып жатқан үдерiстерден сырт қалған едi, ал бұл уақытта, яғни ХХ ғ. әлемде исламның саясилануы мен радикализациялануы сияқты құбылыстар белең алған болатын.

Сөйтiп, тәуелсiз ел ретiнде бой түзеп келе жатқан елiмiз өзiнiң қазiргi заманғы тарихындағы ең бiр қатерлi сынға тап келген болатын. Қазақстанда исламтанушыларының пiкiрiне сүйенетiн болсақ, сунниттiк ханафи мазхабына сүйенген ислам ежелден орныққан байырғы дiни ұстаным, ол қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрлi мәдениетi мен менталдық ерекшелiктерiне сәйкес және ол елiмiздiң зайырлы мемлекетшiлдiк ұстанымдарына қайшы келмейдi. Бiз ислам дiнiн танып-бiлуде өзiмiздiң терең философиялық-танымдық дәстүрлерiмiзге сүйенемiз. Қазақ халқының ұлы ағартушы ұстаздары Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин, Мәшһүр Жүсiп, Шаһкәрiм Құдайбердiұлы сияқты тұлғалар артында ислам дiнiн тану саласында келер ұрпаққа рухани азық болар зор мұра қалды.

Бүгiнгi күнде дiни дәстүрлерiмiздi қалпына келтiру барысында белгiлi бiр тарихи жағдайларға байланысты осыдан 100 жыл бұрын шамасында жоғалтып алған дiни таным мәдениетiмiздi қайта қалпына келтiру мәселесi көптеген қиындықтарға ұшырап отыр, әсiресе бұл жағдай халқымыздың бүгiнгi күнде әлi де болса дiни сауаттылығының төмендiлiгiне байланысты екендiгi мәлiм. Қазақстандағы зайырлы қоғамның қалыптасуы, ұлттық және дiни-рухани дәстүрлерiмiздi қайта өркендеуi осы елдiң мемлекеттiлiгiн қалпына келтiру үдерiсiмен сәйкес келуi мәселенi онан әрi күрделендiрдi.

Халқымыздың дiни-рухани сауатын арттыруды тиiмдi етудiң бiрден-бiр жолы, ол қазақ халқының өткен тарихы мен дәстүрлi мәдениетiн оқып-үйрену болып табылады. Сондықтан қазiргi уақытта дiнтанушылар мен теологтар өзiмiздiң дiни-рухани дәстүрлерiмiздi қайта жаңғыртып дамыту үшiн қазақ тарихындағы дiни-рухани тұлғалардың еңбектерiне жұртшылық назарын үнемi аударып отыру керек деген пiкiрдi қолдайды. Мәселен осы 2015 жылдың сәуiр айында Көкшетау қаласында ХХ ғасырдағы ислам мәдениетiнiң iрi қайраткер-тұлғалары Науан Хазiрет, Сәдуақас Ғылмани т. б. өлкеде «Қазақстан тарихындағы исламның рухани тұлғалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында өткiзiлуiнiң өзi өлкемiздiң рухани-мәдени тарихындғы маңызды оқиға болды деп есептеймiз.

Ислам дiн мен мәдениетiнiң елiмiзде тез арада қайта қалпына түсу үдерiсi 70 жылдан астам жауынгер атеизм үстемдiк құрғандықтан оның үстiне қазiргi ақпараттық ашық қоғам жағдайында түрлi түйткiлдi проблемалар мен кемшiлiктерге ие. Осы ретте бiз өткен тарихымызға оның iшiнде Қазақстандағы ислам дiнi мен руханияты тарихына жiтi зер сала қарауымызды талап етедi.

Қазақ жерiндегi исламдану үдерiсi VIII- ХIХғғ. аралығында бiрнеше толқын арқылы жүргенi белгiлi. Қазақтардың мұсылманшылдық көзқарастарына қатты әсер-ықпал еткен ол — сопылық дiни таным, ал сопылық дәстүрлер сонау исламға дейiнгi дәуiрлерге кетедi. 2011 жылы ҚР қабылданған «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңның» преамбуласында ханафи мазхабындағы ислам Қазақстанда мәдениет құраушы дiн ретiнде ресми танылған.

Ханафи мазхабы (араб. ханафийа — ханафийа жолы) — суниттiк бағыттағы исламдық құқықтық доктрина, негiзiн салған Әбу Ханиф, ан Ну"ман ибн Сабит аль-Куфи ал-имам ал-Азам (699-767 жж.) ( түрiк ғалымдарының пiкiрiнше шыққан тегi түркi жұртынан). Араб тiлiнен аударғанда «мазхаб». «бағыт», «көзқарас» деген мағынаны бiлдiредi. Шариғатта мазхаб деп Құран мен Суннаға негiзделген арнайы әдiстер арқылы шығарылған шешiмдер мен пiкiрлердiң жиынтығын атайды. Ханафи мазхабынддағы суниттiк ислам байсалды, дiни фанатизмге бой алдырмаған бағыт саналады.

Әбу-Ханифа мұсылман тарихындғы құқықтық жүйенi (фикх) Құран мен Суннна негiзiнде жасап қалыптастырушы дiн ғұлама-ғалымы ретiнде танылған тұлға. Ол адамдардың әлеуметтiк көзқарастары мен ұстанымдарындағы халықтық дәстүрлер мен ғұрыптың қандай орын алатынын жақсы түсiндi, сондықтан ол өзiнiң дiни-құқықтық iлiмiнде исламның негiзгi заңдарын халықтық дәстүр-ғұрыптармен шебер үйлестiре бiлдi. Ол өзiнiң «аль-Фикх уль-Акбар» атты еңбегiнде ислам құқы мен теологиясы, заңнамасы негiздерiн жан-жақты зерттеп жазған болатын.

1Х-Х ғғ. Қорасан мен Түркiстан ханафилiк исламның негiзгi тiрек-орталықтарының бiрiне айналды, ханафи мазхабын Алтын Орда хандары мен Ұлы Моғолдар, Осман сұлтандары өз елдерiнде мемлекеттiк деп жариялады.

Бүгiнiгi күнде әлем елдерiндегi суңниттердiң 80 пайызын ханафи мазхабын ұстайтын мұсылмандар құрайды. Бұл бағыттың осыншама тез таралуына әсер еткен негiзгi фактор ол жергiлiктi халықтың дәстүрiн, әдет-ғұрпын құрметтейтiн ерекшiлiгi себеп болған едi. Сондықтан да ханафи мазхабы Орта Азия мен Қазақстандағы негiзгi дiни-құқықтық жүйе болып бекiдi. Мәселен қазақ хандары шығарған «Қасым ханның қасқа жолы», «Есiм ханның ескi жолы», Тәуке ханның «Жетi жарғы» заңдарында бiрiншiден ислам заңдары нормалары енгiзiлсе, екiншi жағынан ханафи мазхабындағы дiн иелерi ислам канондары мен қатар негiзiнен зайырлы заңдарға жататын мемлекеттiк заңнамалардың қолданылуына қарсы болған жоқ. Нәтижесiнде кез келген қоғамда туындайтын даулы мәселелердi оңай және оңтайлы шешуге қол жеткiзiлдi.

Бүгiнде, Қазақстанда исламның сунниттiк бағыттағы ханафилiк моделi қабылданған. Бұл турасында Президент Н. А. Назарбаев былай деген болатын: «бiздiң меймондос халқымыздың менталитетi мен психологиясына дiни соқыр сенiм мен фанатизм мүлде жат құбылыс, және ол Қазақстан халқы ұстанатын ханафи мазхабына қайшы келедi». Қазiргi көптеген елдердiң және бiздiң елiмiздiң тәжiрибесi түрлi зиянды дiни ағымдарға сенiмдi тосқауылды қоғам мен мемлекет бiрлесе тiзе қосып қоюға болатындығын көрсетедi.

Мәселен, 2014 жылы Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасы (ҚМДБ) 2020 жылға дейiнгi уақытқа арналған даму Концепциясын қабылдады. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы осы құжаттың ең негiзiгi идеясы турасында «Бiздiң мақсатымыз ел территориясында ханафи мазхабын дамыту, оның мүмкiндiктерiн радикалды ағымдар идеологиясына тиiмдi түрде қарсы тұра алатындай дәрежеге жеткiзiп көтеру» деген болатын.

Бiз ханафи мазхабының өткен тарихымызда бiздiң халқымыздың тiлi мен дәстүрiнiң, ұлттық-этникалық бiрығайлығының сақталып қалуына зор әсер еткенiн ескеруiмiз қажет.Ханафи мазхабы ислам қауымы iшiнде бүлiк пен ылаң салушыларды үзiлдi-кесiлдi айыптайды. Әбу Ханифа iлiмi Қазақстандағы барлық мұсылмандардың, қазақ халқының бiрлiкте, ынтымақта өмiр сүруiне қызмет етедi. Ханафи мазхабы басқа дiндердегi Қазақстан азаматтарымен бейбiт қатар, келiсiмде өмiр сүруге, дiни төзiмдiлiкте ғұмыр кешiруге үндейдi.

Мақаланың шыққан күні: 20.12.2017 16:14
Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.12.2017 16:14
Қаралым саны: 537

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz