A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Келешекте заңнамаға өзгерістер енгізу күтіледі

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қауiпсiздiк кеңесiнде берген, тапсырмасын орындау үшiн Қазақстан Республикасы Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрлiгiнiң Дiн iстерi комитетi «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дiни қызмет және дiни бiрлестiктер мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасын әзiрледi.

Заң жобасын қабылдау мемлекеттiк-конфессионалдық қатынастарға, дiни қызметтiң осы немесе басқа субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiне, сонымен қатар оны қосымша реттеуге қатысты дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнаманы бұдан әрi жетiлдiруге бағытталды.

Аталған жоба келесi нормативтiк құқықтық актiлерге өзгертулер және/немесе толықтырулар енгiзудi көздейдi: Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы», «Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы», «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» кодекстерi, Қылмыстық кодекс, Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Жарнама туралы», «Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы», «Экстремизмге қарсы iс-қимыл туралы», «Мәдениет туралы», «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы», «Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы» Заңдары.

Ақмола облысы дiн iстерi

басқармасының бас маманы

Бессмертная Г.В.

Дата создания статьи: 19.12.2017 18:57
Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.12.2017 18:57
Қаралым саны: 362

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz