A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Азаматтық қорғау органдарының қысқы кезеңге әзірлігі

2017 жылғы 21 қараша                                                                                           Астана қ.

Азаматтық қорғау органдарының қысқы кезеңге әзiрлiгi 

Орталық коммуникациялар қызметiнде «Азаматтық қорғау органдарының қысқы кезеңге әзiрлiгi» тақырыбында баспасөз конференциясы өттi. Спикер болып ҚР Iшкi iстер министрiнiң орынбасары Юрий Ильин сөз сөйледi.

«IIМ қысқы кезеңдегi төтенше жағдайларға байланысты жағдай қиындаған кезге жалпы саны жеке құрамнан 12 мыңнан астам адам және шамамен 2 мың бiрлiк техникадан тұратын авариялық-құтқару бөлiмшелерiнiң күштерi мен құралдарының тобы құрылды», — деп мәлiмдедi Юрий Ильин.

Командалық-штабтық машиналарын, вахтовкаларды, кез-келген жерде жүре алатын машиналарды, авариялық-құтқару және мамандандырылған әскери техниканы қоса алғандағы IIМ ТЖК өтiмдiлiгi жоғары дөңгелектi және шынжыр табанды техникасы қысқы жағдайларда пайдалануға әзiрлiкке келтiрiлдi.

Жеке құрамды ТЖ аймағына жедел жеткiзу және зардап шеккен халықты эвакуациялау үшiн «Қазавиақұтқару» АҚ тiкұшақтары кезекшiлiк режимiнде тұр.

«Қыс 2017» оқу-жаттығуы аясында қысқы кезеңдегi ТЖ кезiндегi iс-қимылдар iс жүзiнде пысықталды, ағымдағы жылғы 9-10 қарашада оқу-жаттығу барысында қысқы жағдайлардағы iс-қимылдарға құралымдар мен қызметтердiң әзiрлiк деңгейi, құлақтандыру және байланыс жүйесiнiң, энергия, газ, жылу, сумен жабдықтау және көлiк коммуникациялар жүйелерiнiң жұмысы тексерiлдi.

«Халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдарда ТЖК 40 күрежолдық медициналық-құтқару пунктi жабдықталған, олар шұғыл медициналық көмек көрсетумен, зардап шеккендердi тасымалдаумен қатар жылыту пункттерi ретiнде де пайдаланылады», — деп Ильин атап өттi.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы қар басатын учаскелердiң жалпы ұзындығы 23 мың шақырымды, жергiлiктi маңызы бар жолдарда 12 мың шақырымды құрады. Республикалық автожолдарда қар басатын 964 учаске анықталды, онда 35 мың қардан қорғау қалқаны орнатылды, автомобиль жолдарының көлiк магистральдарындағы еңiстер мен асуларға 160 мыңнан астам текше көктайғаққа қарсы материалдар төселдi.

Жол пайдалану қызметтерi 1 088 бiрлiк инженерлiк және қар тазалайтын техника дайындады, сонымен қатар 503 жылу пунктi жұмыс жасауда.

Республика бойынша көшкiн қауiптi аумақтың ауданы 105 шаршы шақырымды құрайды және 703 көшкiн қауiптi учаскенi қосады (Алматы қ., Алматы облысы, ШҚО, ОҚО). Елiмiздiң таулы аудандарында 2 мыңға жуық қар ұстайтын қалқандар бар, оның 35-i жөнделдi, 70 қар ұстайтын қалқан қалпына келтiрiлдi.

Бүгiнгi күнi 76 мұздық автомобиль өткелдерi, 77 жаяу жүргiншi жолдары және 412 суасты балық аулау орны анықталды. Төтенше жағдайлар және iшкi iстер департаменттерi жергiлiктi атқарушы органдармен бiрiгiп өткелдер мен өтпе жолдарда қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауда, оның iшiнде ескерту белгiлерi, өткелдер арқылы өткен кездегi қауiпсiздiк шаралары жазылған көрнекi маңдайша, арнайы қалқандар орнатылды. Әлеуметтiк тұрмысы нашар халықпен профилактикалық жұмыстар жүргiзiлуде.

Аң және балық аулау маусымы басынан бастап (қазан-қараша аралығында) елiмiздiң су айдындарында балық аулау кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу салдарынан 13 адам қаза болды. Адамдардың қаза болуының негiзгi себептерi жеке құтқару құралынсыз (12 оқиға) балық аулау және есептен шығарылған, пайдалануға рұқсат етiлмеген жүзу құралдарын қолдану (1 оқиға) болып табылады.

4 мыңнан астам рейд жүргiзiлдi, жеке тұрғын секторда тұратын халықпен нұсқаулық жүргiзiлдi, жылыту маусымы кезеңiнде өрт қауiпсiздiгi қағидаларын сақтау бойынша жадынамалар, парақшалар таратылды.

Жылыту маусымы басынан бастап (2017 жылғы 15 қазан 17 қараша аралығында) республика бойынша тұрғын сектордағы өрттердiң салдарынан 16 адамның көз жұмғаны, сондай-ақ өрт шықпай, улы газбен улану салдарынан 4 адамның қаза болуы фактiсi тiркелдi. Осы себептер бойынша 79 адам, оның iшiнде 20 бала жарақаттанды.

Өрттiң негiзгi себептерiне отты абайсыз қолдану, пештi салу және пайдалану кезiнде өрт қауiпсiздiгi қағидаларының бұзылуы, электр жабдықтарын жөндеу және техникалық пайдалану қағидаларының бұзылуы, балалардың отпен ойнауы, электр жабдықтарын пайдалану кезiнде өрт қауiпсiздiгi ережелерiнiң бұзылуы.

2017 жылғы 10 ай iшiнде автокөлiктегi өрттердiң саны 11 %-ға өскенi байқалады. Автомобильдiң техникалық жай-күйi көлiк құралының мiндеттi техникалық қарау процесiнде бақыланады. Дегенмен, қарау барысында автомобиль электр жабдығының және оның отын жүйесiнiң жай-күйiне тексеру жұмыстары жүргiзiледi. Азаматтық қорғау органдары тарапынан автокөлiктегi өрттердiң алдын алу мақсатында белсендi түрде үгiттеу-профилактикалық жұмыстар жүргiзiлуде.

IIМ орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен бiрiгiп қыс мезгiлiндегi төтенше жағдайлар кезiнде адамдардың қаза болуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдау мақсатында алдын алу сипатындағы iс-шараларды тұрақты түрде жүргiзуде.

Бiрақ, қабылданып жатқан шараларға қарамастан, азаматтар өздерiнiң және жақындары мен туыстарының өмiрiн қауiп-қатерге тiгiп, төтежолдарды тауып, өздерiне-өзi төтенше жағдай жасайды. Дегенмен, көп жағдайларда қарапайым сақтық шараларын сақтайтын болса, мұндай жағдай орын алмас едi.

ТЖК көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң назарына: жолдарды қар басқан және көктайғақ болған жағдайда мейлiнше жолға шығудан бас тарту; жолдың көрiнуi шектелген кезде жылдамдықты азайтып, жарықтандыру құралдарын пайдалану керек екендiгiн жеткiземiз.

«Елiмiздiң азаматтарының назарын қыс кезеңiнде су айдындарындағы қауiпсiздiк қағидаларының талаптарын сақтауға аударғым келедi, бiрiншi кезекте: түнгi уақытта және көрiнуi нашар болған кезде мұз үстiне шығуға болмайды; мұздың жұқа және бекiмеген учаскелерiне шығуға болмайды; мұздың жекелеген учаскелерiнде топпен жиналуға болмайды; мұздағы жырмаларға, жарықтарға, ойықтарға жақындауға болмайды; автомобильдермен өткелдерден тыс жерлерге шығуға болмайды,- деп Ильин атап өттi.

Балық аулаушыларға жеке құтқару құралдары болғанда мұз астынан балық аулауға рұқсат етiледi.

Сонымен қатар ауылды жерлерде тұратын халыққа метеожағдайлар нашарлаған кезде алыс жолға жаяу шығуға болмайды.

Қазақстан Республикасы

Iшкi iстер министрлiгiнiң

Төтенше жағдайлар комитетi

Мақаланың шыққан күні: 19.12.2017 18:12
Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.12.2017 18:12
Қаралым саны: 847

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz