A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
«Ақмола облысының дін істері басқармасы» ММ көрсетілетін мемлекеттік қызмет

Қазақстан Республикасы Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрiнiң 2017 жылғы 26 шiлдедегi № 113 және 2018 жылғы 16 сәуiрдегi № 41 бұйрықтарымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2015 жылғы 23 сәуiрдегi № 147 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлдi.

«Дiни әдебиеттi және дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды тарату үшiн арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерiн бекiту туралы шешiм беру» мемлекеттiк қызметiн Ақмола облысының дiн iстерi басқармасы көрсетедi.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру басқарма және «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы арқылы жүзеге асырылады.

Стандартқа сәйкес осы мемлекеттiк қызметтi «Азаматтарға арналған үкiмет» арқылы алу үшiн құжаттарды қабылдау көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң орналасқан жерi бойынша ғана жүзеге асырылады (Көкшетау қ.).

Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегiн көрсетiледi

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi) өтiнiш берген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1) нысан бойынша өтiнiш;

2) жеке тұлғалар үшiн — жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi немесе заңды тұлғалар үшiн салыстырып тексеру мақсатында құжаттардың түпнұсқасын мiндеттi түрде ұсына отырып — дiни бiрлестiктi мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң немесе анықтаманың көшiрмесi;

3) көрсетiлген қызметтi алушы қол қойған дiни әдебиеттердi және дiни мазмұндағы өзге ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды тарату үшiн арнайы стационарлық үй-жайларды орналастыру туралы еркiн нысандағы көрсетiлетiн қызметтi алушы қол қойған анықтама-негiздеме (сауда, қосалқы, әкiмшiлiк-тұрмыстық үй-жайлардың, сондай-ақ дiни әдебиеттердi, дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды қабылдауға, сақтауға және сатуға дайындауға арналған үй-жайлардың саны; үй-жайларды салу мақсаты; үй-жай орналасқан жерде ғимараттан (құрылыстан) шамамен үш жүз метр жердегi рухани (дiни) бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда, бiлiм беру ұйымдары ғимараттары (оларға iргелес аумақ болмаған жағдайда) көрсетiле отырып);

4) жылжымайтын мүлiктiң техникалық паспортының көшiрмесiмен қоса, құқық белгiлеушi құжаттың көшiрмесi және жер учаскесiнiң сәйкестендiру құжатының көшiрмесi, нотариалды куәландырылған не салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары ұсынылады;

5) меншiк иесiнiң үй-жайды дiни әдебиеттердi және дiни мазмұндағы өзге ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды тарату үшiн пайдалануға рұқсат етуге келiсуi туралы хаты (ғимарат жалға алынған жағдайда ұсынылады).

Белгiленбеген жерлерде дiни әдебиеттердi және басқа да дiни мазмұндағы ақпараттық материалдарды, дiни заттарды таратқаны үшiн ҚР «Әкiмшiлiк құқық бұзу туралы» Кодексiнiң 490 бабының 1 т. 3 тармақшасына сәйкес тәртiптiк жаза көзделген.

2018 жылы осы стандарттың талаптарын сақтамағаны үшiн облыстың 4 тұрғыны жалпы сомасы 408 850 теңгеге айыппұл салумен әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылды.

Барлық сұрақтар бойынша Көкшетау қ. Абай көшесi, 87 үй, 303 каб. мекенжайында орналасқан «Ақмола облысының дiн iстерi басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне хабарласа аласыздар, телефон/факс 8 (7162) 51-13-62.

Ақмола облысының
Дiн iстерi басқармасы

Мақаланың шыққан күні: 29.11.2018 14:15
Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.11.2018 14:15
Қаралым саны: 999

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz