A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
«Ақмола облысының дін істері басқармасы» ММ көрсетілетін мемлекеттік қызмет

Қазақстан Респуликасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң 2015 жылғы 23 сәуiрдегi № 147 бұйрығына сәйкес Дiн iстерi басқармасы «Дiни әдебиеттi және дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды тарату үшiн арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекiту туралы шешiм беру» мемлекеттiк қызмет көрсетедi.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi) өтiнiш берген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1) нысан бойынша өтiнiш;

2) жеке тұлғалар үшiн — жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi немесе заңды тұлғалар үшiн салыстырып тексеру мақсатында құжаттардың түпнұсқасын мiндеттi түрде ұсына отырып — дiни бiрлестiктi мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң немесе анықтаманың көшiрмесi;

3) көрсетiлетiн қызмет алушықол қойған дiни әдебиеттi, дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды дiни мақсаттағы заттарды тарату үшiн арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы туралы еркiн нысандағы негiздеме-анықтама (сауда, қосалқы, әкiмшiлiк-шаруашылық үй-жайлардың бар-жоғы, саны, сондай ақ, үй-жайдың пайдалану мақсаты дiни әдебиеттердi, дiни мазмұндағы өзге де ақпаратты,дiни мақсаттағы заттарды қабылдауға, сақтауға және сатылымға қоюға әзiрлеуге арналғандығы; үй-жайды салу мақсаты; үй-жай орналасқан үйлерден (ғимараттан) үш жүз метр қашықтықта рухани (дiни) бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк мекемелерғимараттары, бiлiм беру ұйымдары ғимараттарыжоқ екендiгi көрсетiлген);

4) жылжымайтын мүлiктiң техникалық паспортының көшiрмесiмен қоса, құқық белгiлеушi құжаттың көшiрмесi және жер учаскесiнiң сәйкестендiру құжатының көшiрмесi, нотариалды куәландырылған не салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары ұсынылады;

5) меншiк иесiнiң үй-жайды дiни әдебиеттердi және дiни мазмұндағы өзге ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды тарату үшiн пайдалануға рұқсат етуге келiсуi туралы хаты (ғимарат жалға алынған жағдайда ұсынылады).

Барлық сұрақтар бойынша Көкшетау қ. Әуелбеков көшесi, 139 а үй, 217 каб. мекенжайында орналасқан «Ақмола облысының дiн iстерi басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне хабарласа аласыздар, телефон/факс 8 (7162) 40-16-03.

Ақмола облысының

Дiн iстерi басқармасы

Мақаланың шыққан күні: 20.12.2017 15:11
Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.12.2017 15:11
Қаралым саны: 1978

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz