A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік

БЖЗҚ-да Ашық есiк күнi өттi

Алматы, Қазақстан

2017 жылғы 12 желтоқсанда Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) филиалдарының барлығында «Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттiк кепiлдiк» тақырыбында Ашық есiк күнi өттi.

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жүйесiне қатысты мәселелердiң заманауи жай-күйiн салымшыларға түсiндiрiп, халыққа насихаттауды жалғастыруда. Бұл жолы салымшылар үшiн өзектiлiгi мен маңызын ешқашан жоғалтпайтын зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттiк кепiлдiк тақырыбы алынды.

Аталған iс-шараға келгендер БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтарының қалай жиналып, түрлi қаржы құралдарына инвестиция түрiнде қалай құйылатындығы жөнiнде хабардар болды. Инвестициялаудан түсетiн табыстың инфляция деңгейiнен жоғары немесе төмен болуы мүмкiн екенiне орай нақты жинақ пен салынған жарна сомасы арасында айырма сомасы пайда болады. Бұл айырма алушыларға зейнетақы төлемдерiн алуға құқық берiлген кезде төленедi. Мемлекет кепiлдiгi бойынша төлемге құқықтың кiмге берiлетiнi, сондай-ақ төлемдi алу үшiн қайда бару керектiгiжайлы Қор қызметкерлерi толық айтып бердi.

Ашық есiк күнi бағдарламасында «Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттiк кепiлдiк» тұсаукесерiқамтылған. Онда Қазақстан Республикасында зейнетақы жинақтарының сақталуы мен табыс мәселелерiне қатысты толық ақпарат таратылды. Iс-шараға қатысушыларға тұсаукесерден соң өздерiн қызықтыратын барлық сауалдар мен жеке кеңес алу мүмкiндiгi берiлдi.

БЖЗҚ АҚ Ақмола облыстық филиалының операциялық бөлiмiнiң Ақкөл қаласындағы қызмет көрсету орталығының қызметкерлерi елiмiзде зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттiк кепiлдiктiң бiрегей жүйесi жұмыс iстейтiнiнатап көрсеттi. Мемлекет БЖЗҚ-ға нақты салынған мiндеттi зейнетақы жарналарын зейнетке шыққан сәттегi инфляция деңгейiн ескерiп сақтауға кепiлдiк бередi. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 5-бабына сәйкес алушыларға мемлекет БЖЗҚ-дағы мiндеттi зейнетақы жарналары мен мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын зейнетақы төлемдерiне құқық берiлген сәттегi инфляция деңгейiн ескерiп, нақты салынған зейнетақы жарналары мөлшерiнде сақтауға кепiлдiк бередi.Басқаша айтқанда, адам зейнетке шыққан кезде оның жеке зейнетақы шотындағы табыстылықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысу кезеңiндегi инфляция деңгейiне қатынасы есептеледi. Егер зейнетақы жинақтарының табыстылығы инфляция деңгейiнен төмен болатын болса, мемлекет бұл айырмашылықты өтейдi. «Бұл қаржы нарықтарында жағдайдың қалай өрбитiнiне және инвестициялық табыстың қандай болатынына қарамастан, салымшылардың жинақтары сенiмдi түрде қорғалады деген сөз. Зейнетақы активтерiн сақтау кепiлдiгi барлық жинақтың БЖЗҚ-ға шоғырландырылуы арқылы да қамтамасыз етiледi. БЖЗҚ акционерi — Үкiмет, ал сенiмдi басқарушы — Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi» — деп түсiндiрдi қызмет көрсету орталығының бөлiм бастығының мiндетiн атқарушы Тасмухамбетова Асель Болатқызы

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Ашық есiк күнiн тұрақты түрде өткiзедi. Дәл осы күнi кез-келген адамға Қордың стандарт қызметтерiнiң топтамасыұсынылып қанақоймай, сонымен қатаролар зейнетақы жүйесi және Қордың жалпы жұмысы жайлы жаңа мәлiмет ала алады.

Мақаланың шыққан күні: 21.12.2017 15:50
Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.12.2017 15:50
Қаралым саны: 1533

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz