A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Аққөл-Жайылма қалашығы

Ақкөлдi жергiлiктi қазақ қариялары Әулиекөл деп те атайды. Ақкөл-Жайылма өңiрi Өлеңтi және Шiдертi өзендерiнiң төменгi ағысындағы ұлан-байтақ жердi алып жатыр. Ақкөл-Жайылма табиғатының әсемдiгiмен және табиғи байлықтарымен ерекшелiнедi, әулиелер жерленген орда деп саналады.

Қазақ заманында да Ақкөл-Жайылма жерiнде хан сайлаулары өтiп тұрған. Соның бiрi — 1817 жылы 30 мамыр күнi осы жерде Орта жүздiң ханы болып Барақұлы Бөкейдiң сайлануы. Абылай тұқымының беделiн түсiру үшiн бұл жиынға Ресейдiң әскербасылары да келген және өзге қазақ сұлтандарының Ақкөл–Жайылмаға жиналуына тiкелей ықпал еткен.

Городище Акколь — Жайылма

Местные старцы Акколь называют Аулиеколь. Окресность Акколь-Жайылма занимает необъятную землю внизу течения рек Оленты и Шидерты. Выделяется красотой и богатством природы, считается ордой захоронения святынь.

Образцом для народа, своим милосердием отличился Исабек ишан, имя которого дошло до нас благодоря передаваемой из поколения в поколение легенде. На земле Акколь-Жайылмы проводились выборы ханов. Один из них Баракулы Бокей 30 мая 1817 году был избран ханом Среднего жуза. На собрание приезжали военоначальники из России для подавления авторитета потомков Абылая и напрямую повлияли, чтобы казахские султаны собрались в Акколь-Жайылме.

Исабек хазiрет кесенесi

Исабек ишан хазiрет (1792-1871) — ислам дiнiн таратушылардың бiрi, дiни қайраткер, белгiлi философ, ағартушы. Ақкөл-Жайылма жерiнде медресе ашып, мешiт тұрғызған. Оның ықпалымен Баянауыл аумағындағы ондаған адамдар Меккеге қажылыққа барған. Исабек Ишанды бүкiл Сарыарқа атырабы құрмет тұтқан.Жергiлiктi халық Ақкөл-Жайылма маңындағы Қылдыкөл шатқалында Кереку өңiрiнде ислам дiнiн уағыздаушылар Исабек ишан, Жандарбек қожа және басқа да туған-туысқандары жерленген деп дiндi терiске шығарған кеңестiк заманға қарамай-ақ қадiрлеп келдi.

Мавзолей Исабек хазрета

Исабек ишан хазрет (1792-1871) похоронен в Акколь-Жайылме Экибастузского района Павлодарской области. Мавзолей исабек ишана хазрета и жанарбека построены в 2010 году. Жители Кылдыкольского ущелья вблизи Акколь-Жайылмы были преимущественно верующими. Исабек ишан Хазрет — младшее поколение первых миссионеров, которые развивали ислам, его ученик — известный философ Машхур-Жусуп Копеев.

Исторический комплекс включает в себя два паломнических мавзолея, мечеть и дом. Исабек ишан, его единственный сын Нурмухамед и его младший брат Мухаммед Нияз похоронены в трех куполах. Однокупольный мазар построен в захоронении Жандарбек ходжи, святого потомка Исабек ишана.

Мәшһүр-Жүсiп Көпейұлы Кесенесi

Мәшһүр-Жүсiп Көпейұлы тiршiлiгiнде қаймана қазағының қамын, дiн жайын, елдiң халiн қағазға өлеңмен жазып мұра қалдырған адам. Бала кезiнен мұсылманша хат таныған Жүсiп Көпейұлы шығыс жауһарларымен сусындап өскен. Орыс тiлiн жетiк меңгерiп, Батыс өркениетiмен де танысқан ол тарих, этнология, фольклористика, əдебиет, тiл тарихы, этнография, философия, медицина, космология сияқты ғылым салаларына арналған көптеген еңбектердi жазып қалдырды. Мәшһүр-Жүсiп 1858 жылы Баянауылдағы Қызылтаудың Найзатас деген жерiнде дүниеге келген. Мәшһүр-Жүсiптiң азан шақырып қойған есiмi — Адам. 7 жасар кезiнен-ақ халық әдебиетi үлгiлерiн жинаумен айналыса бастаған. Он бес жасынан бастап ақындық жолға бой ұра бастайды. Мұса Шорманұлы ауылына қонақ болып келгенде кiшкене баланың өнерiне тәнтi болыпты. Ақын баланың әкесiне: «Сопы, мына балаңа мұнан былай бас киiмiне үкi тақтырып қойыңыз. Көз-тiлге шет болмасын! Бұл өз заманында халыққа мәшһүр болатын бала екен! — деп айтқан екен. Содан кейiн «Жүсiп» деген атына «Мәшһүр» аты қосақтала бастайды.

Мавзолей Машхур-Жусупа Копеева

В Баянаульском районе находится мавзолей Машхура-Жусупа Копеева, поэта, историка, этнографа, летописцаи собирателя фольклорного наследия. Он с детства читал литературу на арабском языке, а потом вырос на восточных псалмах. Освоив русский язык, опубликовал сотни работ по разным наукам, в том числе по истории, фольклору, литературе, истории языков, этнографии, философии, медицине.

Машхур-Жусуп родился в 1858 году в селе Найзасат в Кызылтай, в Баянаульском районе. Адам-настоящее имя Машхур-Жусупа, которое дали ему почитав азан. С семи лет он начал собирать образцы фольклора. С пятнадцати пишет поэтические произведения. Когда Муса Шорманулы посетил его деревню, то был впечатлен умениями ребенка. Поэт сказал его отцу: «Суфий, с этого времени нацепите на головной убор мальчика перо. Не дай аллах, сглазить его!»С тех пор к имени «Жусуп» стали добавлять «машхур».

Баянауыл тауындағы «Қоңыр әулие» үңгiрi

Ертеден берi адамзат баласының анасы — Байананың құт мекенi осы жер деп есептеледi. Қоңыр әулие үңгiрiнiң қасиетiне табыну — тас дәуiрiнiң көне қатпарларынан келе жатқан адамзат баласының ең көне ғұрыптарының бiрi. Мұндай табынудың себебi болған — үңгiр түкпiрiндегi қазан, оның түбiне үнемi су жиналады. Бұл су ауырғанға ем, қасиетi бар деген сөз бар. Қай уақытта болмасын үңгiр жанына құдайдан жалбарынып перзент сұраған әйелдер қонған және сәби тiлеген армандары шынымен де орындалған.

Пещера Коныр аулие

Пещера Коныр аулие или Аулиетас («Священный камень»), — один из памятников — «летописцев» истории древности Баянаульского края. С древних времен пещера Коныр аулие славится тем, что здесь исполняются молитвы, обращения к Всевышнему.

Поклонение чудодейственной силе пещеры Коныр аулие — один из древнейших обрядов, корни которого уходят в дебри каменного века. Пещера является местом паломничества благодаря воде на ее дне, которой приписывают чудодейственную силу. Считается, что она лечит все болезни, а женщины, желающие родить, ночуя в пещере и моля Всевышнего, действительно становятся матерями.

Батыр Жасыбай Өмiрұлы

Өмiрұлы Жасыбай батыр — жоңғар басқыншыларына қарсы күрескен қазақтың әйгiлi батыры. Жауырыншы, құралайды көзге атқан мерген. 25 жасында қаза тапқан Жасыбай батырды ғалымдар 1716 жылы дүниеге келген деп жорамалдап отыр. Әкесi Өмiр от ауызды, орақ тiлдi шешен адам болған екен. Анасы — қазақтың атақты батыры Олжабайдың апасы.

Туған елiн, өскен жерiн ата жаудан азат ету жорығында сан ерлiгiмен көзге түсiп, осы игi мақсат жолында қаза тапқан Жасыбай батырдың есiмiн ардақтаған халқы кейiн Баян тауының ол қорғаған асуына — «Жасыбай асуы», Шойынкөлiне — «Жасыбай көлi» деген ат бердi. Ол жерлер қазiр де солай аталады.

Место захоронения Жасыбая Омирулы

Жасыбай Омирулы — легендарный казахский батыр, сражавшийся против джунгар. Был метким стрелом. Ученые предполагают, что батыр Жасыбай родился в 1716 году и скончался в возрасте 25 лет. Его отец Омир был красноречивым и остроумным человеком мать — сестра знаменитого казахского батыра Олжабая. В родословной его называют «племянником Олжабая».

Жасыбай батыр сражался за родную землю и погиб, защищая свой народ. За тот героизм народ чтит и помнит его. Перевал на горе Баян тау, где сражался, получил название «перевал Жасыбая». Также его именем названо озеро.

Мұса Шорманов кесенесi

Мұса Шорманов (1819-1884 жж.) — қазақтың әйгiлi мемлекет және қоғам қайраткерi, этнограф, фольклорист, 1818 ж. Ақкелiн (Алабас) тауларының батыс жағында Ащысу өзенiнiң жағасында дүниеге келген. Қазiргi уақытта осы аумақта Павлодар облысы Баянауыл ауданы Теңдiк ауылы орналасады.

Бастапқы бiлiмдi Мұса ауылдық молдадан алып, содан кейiн орыс тiлiнде сауатын ашады. Туа бiткен көшбасшылық және шебер саясаткер қабiлеттерi оған тез арада халық басқармасында жоғары лауызымды иеленуге көмектестi.

1835-1841 жж. Мұса Аккелiн болысының басқарушысы, округтiк приказдың басқарушысы, 1854-1868 жж. Баянауыл сыртқы округiнiң аға сұлтаны, 1868-1884 жж. Батыс-Сiбiр генерал губернаторлығының кеңесшi лауазымында болды.

Әкiмшiлiк қызметiмен қатар ол ағарту iсiмен айналысқан. Ағартушылықтың жарқын өкiлi бола отырып, Павлодарда, Омбыда қазақ балаларына арналған мектептердi ашуға көмектестi және осы жағдай XIX-XX ғғ. Баянауыл өңiрiнен қазақ мәдениетi мен ғылым саласында аса көп көрнектi қайраткерлердiң шығуына ықпал етуiмен байланысты.

Мұса Шорманов қазақтардың дәстүрлi мәдениет пен философияның бiлгiрi бола тұра, этнографиялық материалдардың жинаумен және насихаттаумен айналысып қазақ этнографиясы бойынша бiрқатар еңбектердi: "Киргизские народные обычаи" (1871), "О скотоводстве у киргизов Западной Сибири" (1883), "Заметки о киргизах Павлодарского уезда" және т. б. жазып қалтырды.

Историко-мемориальный комплекс «Аккелин — мавзолей и усадьба Мусы Шорманова

Муса Шорманов (1819-1884 гг.) — известный казахский государственный и общественный деятель, этнограф, фольклорист, родился в 1818 г. на западной стороне гор Аккелин (Алабас), на берегу небольшой степной реки Ащису. В настоящее время на этой территории располагается село Тендик, Баянаульского района Павлодарской области.

Первоначальное образование Муса получил от аульного муллы, а затем обучился русской грамоте. Прирожденные качества лидера и искусного политика помогли ему довольно быстро занять значимое место в управлении общинами. В 1835-1841 годах был управителем Аккелинской волости, заседателем Окружного приказа, в 1854-1868 годах — старшим султаном Баянаульского внешнего округа, 1868-1884 гг. должности советника Западно-Сибирского генерал-губернаторства .

Наряду с административной деятельностью М. Шорманов занимался просвещением. Будучи ярким его представителем, он поощрял открытие русских школ для казахских детей в Омске и Павлодаре, что не сомненно способствовало на формирование целой плеяды XIX-XX веках выдающихся деятелей казахской культуры и науки из Баянаульского региона.

Муса Шорманов будучи знатоком традиционной культуры и философии казахов, занимался сбором этнографических материалов, и их популяризацией, результатом чего стал ряд работ по казахской этнографии: "Киргизские народные обычаи" (1871), "О скотоводстве у киргизов Западной Сибири" (1883), "Заметки о киргизах Павлодарского уезда" и др. Он поддерживал исследования выдающихся ученых Г.Н. Потанина, Н.М. Ядринцева, Н.Ф. Костылецкого, а так же был знаком с писателем Ф.М. Достоевским.

Сұлтанбет сұлтанның үй-жайы

Сұлтанбет сұлтан — белгiлi қолбасшы, Абылай ханның немере ағасы, Ертiс өңiрiнде қазақтардың намысын қорғап, шекаралық дауларды шешiп отырған. Ертiстiң оң жағалауын қайтару оның еңбегi.

Ордасы мұрағаттардан және тарихнамалық жұмыстардың нәтижесiнде табылған сипаттамалар мен құжаттар негiзiнде қалпына келтiрiлдi.

Усадьба Султанбет султана

Усадьба выдающегося политического деятеля Султанбет Султана. Он был одним из авторитетнейших руководителей, известный правитель, ровесник, соратник и двоюродный брат хана Абылая, который в Прииртышье представлял интересы казахов и улаживал приграничные споры. Ему принадлежит величайшая заслуга в возвращении правобережья Иртыша.

Резиденция его была восстановлена по описаниям и чертежам, полученным в ходе архивной и источниковедческой работы.

Мақаланың шыққан күні: 23.07.2019 14:42
Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.07.2019 14:42
Қаралым саны: 459

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz