A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
«Қансонар» халықаралық турнирінің бас жүлдесіне автокөлік тігіле

Бұл жөнiнде бұқаралық құралдарының өкiлдерiне баспасөз конференциясында туризм басқармасының басшысы Шынарбек Батырханов айтты, деп хабарлайды Ақмола облысы iшкi саясат басқармасының Өңiрлiк коммуникациялар қызметi.

9 желтоқсан күнi Бурабайда Тәуелсiздiк күнiне орай және бүркiтшi Мәсiп Батырханұлын еске алуға арналған «Қансонар» халықаралық турнирi өтедi. Турнирдiң бас төрешiсi — Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Ұлттық спорт түрлерi бойынша облыстық балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң директоры Марат Қойшин.

Атап өту керек, бұл құсбегiлiктен өңiрде халықаралық деңгейде өткiзiлiп тұрған алғашқы турнир. Ұйымдастырушылардың айтуынша, 5 мемлекеттен 50-ден астам үмiткерлер жиналады деп күтiлуде. Ал, қатысушылардың саны 500-1000 адамды құрауы мүмкiн.

Ш.Батырханов өзiнiң сөзiнде облыс әкiмi Мәлiк Мырзалинге қолдау бiлдiргенi үшiн алғысын бiлдiрiп, бас жүлдеге автокөлiк тiгiлетiнiн атады.

Қазақстан Республикасының «Құсбегiлiк» бойынша бас бапкерi Күнтуған Базарбек құсбегiлiк өнерiнiң 10 облыс пен 1 қалада қолға алынғандығын айтып кеттi.

Сондай-ақ, ұлттық ойындар ассоциациясы қолдау көрсетiп, 2 млн. теңге көлемiнде қаржы бөлген.

Дата создания статьи: 19.12.2017 17:54
Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.12.2017 17:54
Қаралым саны: 482

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz