A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Бірыңғай жиынтық төлем және оның артықшылықтары

Жаңа 2019 жыл отандастарымыз үшiн бiрқатар республикалық заңдарға енгiзiлген өзгерiстерден басталды. Солардың бiрi — 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енген Бiрыңғай жиынтық төлем (БЖТ).

Бұл не және не үшiн енгiзiлдi?

Бiрыңғай жиынтық төлем өзiн-өзi жұмыспен қамтушы жеке тұлғалардың бейресми қызметiн тiркеудi оңайлатуға бағытталған. Сол арқылы төрт мiндеттi төлемдi: мемлекеттiк кiрiстер органына төленетiн жеке табыс салығын (ЖТС), Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ, Қор) төленетiн мiндеттi зейнетақы жарналарын (МЗЖ), Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына төленетiн әлеуметтiк аударымды және Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру қорына төленетiн әлеуметтiк аударымды бiр төлеммен жүзеге асыруға болады.

Бұл бiзге қандай мүмкiндiктер бередi?

Жеке кәсiпкер ретiнде кәсiпкерлiк қызметiн тiркелместен жүзеге асыратын, бiр мезгiлде мынадай шарттарға сай келетiн: БЖТ төлеген, жалдамалы жұмыскерлердiң еңбегiн пайдаланбайтын, қызметтердi салық агенттерi болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана көрсететiн және (немесе) акцизделетiн өнiмдердi қоспағанда, өзiнiң жеке қосалқы шаруашылығында өндiрген ауыл шаруашылығы өнiмiн салық агенттерi болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана өткiзетiн жеке тұлғалар БЖТ төлеушiлер деп танылады.

Ал сауда-ойын-сауық орталықтары аумағында жұмыстар атқаратындар (қызметтер көрсететiн), тұрғын емес орынжайларды жалға берушiлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, оралмандарды қоспағанда, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар және жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркелген адамдар БЖТ төлеушiлер ретiнде танылмайды.

«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 774-бабына сәйкес БЖТ төлеушiлер болып табылатын жеке тұлғалар үшiн өз пайдасына Қорға төленуге жататын мiндеттi зейнетақы жарналары республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада — айлық есептiк көрсеткiштiң (АЕК) 1 еселенген мөлшерiнiң және басқа елдiмекендерде айлық есептiк көрсеткiштiң 0,5 еселенген мөлшерiнiң 30 пайызын құрайды. Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын АЕК мөлшерi қолданылады.

БЖТ төлеу мүмкiндiгiне ие азаматтар барлық төлемдердi оңайлатылған тәртiпте төлеп, әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiне қатыса алады. Сонымен қатар БЖТ төлеу арқасында мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру жүйесi аясында медициналық қызметтерге толық көлемде қол жеткiзiледi, яғни, көрсетiлетiн медициналық қызметтердiң бағасы мен түрi бойынша шек қойылмайды және медициналық мекемелердi таңдау құқығы берiледi. Бұдан басқа БЖТ төлеушi қазақстандықтар жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысып, жинақтарын молайтады және қатысу өтiлiне қарай мемлекеттiк базалық зейнетақыны жоғары мөлшерде алуға үмiт арта алады.

Жүйеге қатысушы жұмыстан, еңбекке қабiлеттiлiгiнен, асыраушысынан айырылған жағдайда, сонымен қатар жүктiлiк, бала туу және бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан жоғары мөлшерде әлеуметтiк төлемдер алу мүмкiндiгiне ие болады.

Осылайша алатын табысты растаудың арқасында азаматтардың несие өтеу қабiлетi арта түседi. Сәйкесiнше олар өздерiнiң төлем қабiлеттiлiгiн растап, банктен несие ала алады.

Өзiн-өзi жұмыспен қамтушы жеке тұлғалар БЖТ-ны «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясына екiншi деңгейдегi банктер немесе жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар (мысалы, «Қазпошта» АҚ) арқылы төлейдi. Әрi қарай Мемлекеттiк корпорация төлемдi төрт бағыт бойынша: жеке табыс салығы ретiнде мемлекеттiк кiрiстер органына, әлеуметтiк аударым ретiнде мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына, мiндеттi зейнетақы жарналары ретiнде Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және әлеуметтiк аударым ретiнде Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру қорына аударады.

БЖЗҚ салымшылары үшiн тағы бiр жағымды жаңалық! Бұған дейiн МЗЖ есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоты (ЖЗШ) жеке тұлғаның БЖЗҚ-ға ұсынған ЖЗШ ашу жөнiндегi өтiнiшi негiзiнде ашылатын. Ендi 2019 жылдың қаңтарынан бастап БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу бойынша ЖЗШ ашу үшiн жеке тұлғаға БЖЗҚ-ға жүгiнудiң қажетi жоқ. Ендi жеке тұлғаның БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу бойынша ашылған зейнетақы шоты жоқ болса, алғашқы жарна келiп түскен кезде зейнетақы шоты Қордың ақпараттық жүйесiнде автоматты түрде ашылады. Бұл ретте жеке тұлға МЗЖ аудару кезiнде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетiлген дербес деректер (тегi, аты, әкесiнiң аты, жеке сәйкестендiру нөмiрi, туған күнi) бойынша сәйкестендiрiледi. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелерi және тұрғылықты мекенжайы бойынша қажеттi мәлiметтердi Қор мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiнен алатын болады.

Ескере кететiн жәйт, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) мен ерiктi зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу бойынша ЖЗШ ашу тәртiбi бұрынғыша өзгерiссiз қалады.

Сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) бар болған жағдайда, ЕЗЖ (өз пайдасына) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын БЖЗҚ сайтында онлайн тәртiбiнде ашуға болады. Бұл салымшылар мен алушылар үшiн өте ыңғайлы.

Мақаланың шыққан күні: 16.01.2019 16:16
Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.01.2019 16:16
Қаралым саны: 884

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz